Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Тұздықтарға  қойылатын  санитарлық  талаптар



Pdf көрінісі
бет268/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   305
Тұздықтарға  қойылатын  санитарлық  талаптар.  Тұздықтар 
белгілі  бір  санитарлық  талаптарға  жауап  беруі  керек.  Олардың 
құрамында патогенді микроорганизмдер болмауы керек, тұздың жоғар-
ғы концентрациясына сальмонеллалар тұрақты болуы керек. Шприцтегі 
тұздықтарға  қойылатын  талаптар  жоғары  болады:  құрамында  спора 
түзетін  бактериялар,  энтерококкалар 5 мл  тұздықта  бол мауы  қажет. 
Құйылмалы тұздықтарда 5-минуттық қайнаудан кейін энтерококкалар, 
клостридиялар жəне бациллалар болмауы керек.
Тұздықтың  бұзылуы  тұздаған  кезіндегі  температураның 
жоғарылауынан,  тұз  концентрациясының  жетіспеуінен,  шикізатта 
микроб  тұқымдануының  жоғарылауынан,  санитарлық-гигиеналық 
талаптардың бұзылуынан болады. Бұзылған тұздықта жағымсыз иіс 
жəне дəм, түк, көпіршік пайда болады. Тұздықтың сапалығы мети-
лен  көгінің  редуктаздық  сынамасының  нəтижесімен  бағаланады. 
Тұздық  сынамасына  метилен  көгінің  ерітіндісін  қосып,  уақытқа 
қарап оның түссізденуін бақылайды. Бұзылған тұздықта түссіздену 
белгілері 5-30 минуттан  кейін,  ал  сапалы  тұздықтарда 1 сағаттан 
кейін байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет