Бормен зақымдану. Нан жұмсағында ақ түсті ұнтақ тəрізді
құрғақ қосынды пайда болады, нан тауарлық түрін жоғалтады.
Зақымдалудың қоздырғыштары: Endomyces fi buliger саңырауқұлағы
жəне дрожжы тəрізді Monilia variabilis саңырауқұлақтары болып та-
былады.
Бұл саңырауқұлақтар нанға ұн арқылы түседі жəне пісуден кейін
қыздыруға төзімді болғандықтан тіршілік ете алады.
Пигменттелу – қызыл, сары, қызыл-сары, көк түсті дақтар.
Бұл зақымдалуды түрлі микроорганизмдер: саңырауқұлақтар мен
бактериялар тудырады. Мысалы, нанның қызылдануын «керемет
таяқшасы» туғызады (Bact. prodigiosum). Бұл – қысқа таяқша, спора
түзбейді, оптималды өсу температурасы 25°С. Нандағы сары, көк,
қызыл-сары түстерді Ascosporium roseum жəне т.б. саңырауқұлақтар
тудырады. Бұл микроорганизмдермен зақымдалған нан денсаулыққа
зиян емес, тауарлық түрін жоғалтпайды.
«Мас» нан. Мұндай нанда зақымдалудың сыртқы белгісі
байқалмайды, бірақ оны тағамда қолданса, адам улануға ұшырайды.
Бұл нанда дəнге орналасқан Fusarium туысына жататын
саңырауқұлақтар бөлген улы заттар болады. Мұндай нан қолдануға
жарамсыз.