Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет57/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   305
56
57
 
түрі зақымдайды – қатты жəне шаң-тозаңдық. Қатты немесе сасық 
қара  күйе  бидайды  жиі  зақымдайды.  Саңырауқұлақ  дамудың  ауыр 
айналымынан  өтеді:  көктемде  саңырауқұлақ  споралары  дəнмен 
бірге топыраққа түсіп өседі де, базидиялар түзеді, онда базидиоспо-
ралар дамиды, жыныстық процесс жүреді. Нəтижесінде өсіп жатқан 
дəндерді зақымдайтын диплоидты мицелий түзіледі. Саңырауқұлақ 
мицелийі  өсімдікпен  бірге  өседі  жəне  гүлдену  уақытында  қара 
күйеге  енеді,  оны  жояды  жəне  қара  күйенің  орнында  мпицелий 
дамиды,  кейін  олар  күңгірт  хламидоспораларға  ыдырайды,  бұл 
тыныштық сатысы жəне саңырауқұлақтың көбею əдісі болып табыла-
ды. Хламидоспораларға толған күңгірт қапшықтар дəншік орнында 
түзіледі, масағы күңгірттенеді. Астық бастыру кезінде споралар сау 
дəннің үстіне түседі. Қатты қара күйенің споралары өте гигроскоп-
ты  жəне  ылғалдану  кезінде  жұғады.  Құрамында  триметиламиннің 
болуына  байланысты  олардың  иісі  селедка  иісіне  ұқсас  болады. 
Мұндай дəннен алынған ұннан пісірілген нан қою түсті, жағымсыз 
иісі мен дəмі болады, əрі нан сілекей безінің тітіркенуін жəне ішек 
қызметінің бұзылуын туғызуы мүмкін. 
Шаң-тозаңдық  қара  күйе  бидай,  сұлы,  жүгері,  арпа  жəне  т.б. 
зақымдайды. Саңырауқұлақпен зақымдалған өсімдік масағы мүлдем 
дəн түзбейді, саңырауқұлақтың күңгірт хламидоспоралары түрінде 
болады. Споралар жел арқылы сау түйіндерге таралады, дəндер сүт-
балауыздың пісуі кезеңінде өседі, базидиоспоралары бар базидиялар 
түзеді, олар қосылу арқылы мицелийге дейін өседі (копуляциялар). 
Мицелий дəннің ішінде қыстайды, содан кейін егу кезінде онымен 
бірге  өседі  жəне  масақта  тағы  да  хламидоспора  массасын  түзеді, 
айналым  аяқталады.  Диплоидты  мицелиймен  зақымдалған  дəнді 
сыртқы  түрі  жəне  химиялық  құрамы  бойынша  сау  дəннен  ажыра-
ту өте қиын. Шаң-тозаңдық қара күйе қоспасымен бірге ұнның түсі 
күңгірттенеді жəне олар нан пісіру сапасын төмендетеді. 
Жүгеріні  көпіршікті  қара  күйе  зақымдайды,  бірақ  зақымдану 
өсімдік  дамуының  түрлі  сатыларында  жүреді.  Бұл  ауру  астық 
өнімінің көп шығынын жəне өнім сапасының төмендеуін тудырады. 
Фузариоз – Fusarium graminearum  саңырауқұлағы  тудыратын 
дақылдардың ауруы болып табылады. Дамудың түрлі сатыларында 
зақымдалу жүруі мүмкін. Саңырауқұлақ мицелийі ұлпаларда тарай-
ды,  масаққа,  ары  қарай  дəнге  түседі.  Масақтар  сарғаяды,  кейде 
ақшыл-қызғылт бетпен жабылады – ұзартылған-сопақша пішінді, 
бір немесе екі қалқанды саңырауқұлақ конидилері бар мицелийі. 
Конидилер  сау  өсімдіктерге  ауа  арқылы  таралады  жəне  жерге 
түсіп, қайта өседі де, өсімдікті зақымдайды. Ауру масақтардағы 
дəндер  əлсіз,  жеңіл  салмақты  болады.  Ұнның  нан  пісіру  сапа-
сы  төмендейді,  ұнда  саңырауқұлақтың  алмасудағы  глюкозидтер 
жəне  алколоидтардың  улы  өнімдері  болуы  мүмкін.  Фузариозды 
дəн қоспасы бар ұннан жасалған нан улануды (нанның «мас болу») 
туғызуы мүмкін. 
Сақтау  процесі  кезінде  дəнді  зақымдайтын  микрорганизм-
дер. Піскен, 12% ылғалдылығы бар сау дəн микроорганизмдердің 
өсуіне  жағымды  орта  болып  табылады.  Бірақ  дəннің  жоғары 
жағында əрдайым көптеген микроорганизмдер болады. Олардың 
саны климат жағдайына, жинау əдістеріне, бастыру кезіне, тасы-
малдау əдістеріне қарай өзгеріп отырады. Белгілі ғалымдар 
Е.  Н. Мишустин, Л. А. Трисвятскийдің мəліметтері бойынша, 
1 г жаңадан жиналған қарабидай дəндерінің бетінде 2500 мыңға 
жуық микроорганизмдер болады, ал 1 г бидай дəнінде сəйкесінше 
1500  мың  микроорганизмдер  болады.  Микроорганизмдер  саны 
мен  олардың  түрлік  құрамы  сақтау  процесіне  жəне  сақтау 
жағдайларына  байланысты  болады.  Мысалы,  жаңадан  жиналып 
алынған  сапалы  дəнде  спора  түзбейтін  Pseudomonas  туысының 
микрофлоралары,  түрлі  сүт  қышқылды  таяқшалар,  микрококтар 
болады. Ең жиі кездесетіндері Pseudomonas herbicola. Бұл микро-
организмдер дəнге зиян келтірмейді. 
Сахаромицет дрожжыларының жəне TorulopsisCandida туысына 
жататын  дрожжы  тəріздес  саңырауқұлақтың  клеткалары  кездеседі. 
Сібір жарасы, сап, бруцеллез жəне т.б. адам мен жануарға өте қауіпті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет