Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Таза  жəне  табиғи  таза  культуралар  өндірісін  микро-



Pdf көрінісі
бет93/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   305
Таза  жəне  табиғи  таза  культуралар  өндірісін  микро-
биологиялық  қадағалау.  Ашытқылардың  агарлы  культурасы, 
өндірістік  таза  культура  жəне  оның  көбею  кезеңдері  жəне  табиғи 
таза культураның барлық көбею кезеңдері бақыланады.
Бастапқы  дақыл.  Қоректік  ортадағы  бастапқы  дақылдың 
клеткалардың тазалығы мен біртектілігін келесі əдіспен тексереді: 

уытты  жəне  құлмақталмаған  сусладағы  тəуліктік  культура-
ларды микроскоптау;

бор  қосылған  агарлы-суслоға  немесе  арнайы  жинақтаушы 
ортаға себу. Дақылдың құрамында бөгде ашытқылар мен бактерия-
лар болмау керек; 

ферменттік  активтілігі:  зимозанды  жəне  мальтозды.  Олар 
берілген рассамен сəйкес келу керек.
Таза  дақылдың  даму  сатылары.  Дақылдардың  даму  сатысын 
зертханада жəне өндірісте тексеру керек. Əр сатының аяғында сына-
маны алып зерттейді:
1)  микроскоптайды; 2) бөгде  ашытқы  заттардың  болуына  тек-
серу  үшін  жинақтаушы  ортаға  себу  жүргізеді; 3) 1 литр  ортадағы 
тығыздалған  ашытқыларды  ашытатын  грамдық  жинақталған 
ашытқы массасын анықтайды. 
Таза дақылдардың ашытқылары. 1) Өндірістік таза дақылдар-
дан микроксоптау үшін, бөгде ашытқы тəріздес саңырауқұлақтар 
болмауы  керек; 2) бөгде  ашытқы  саңырауқұлақтарын  анықтауға 
мүмкіндік беретін арнайы жинақтаушы ортаға себін жүргізу үшін 
үлгі алады. 
Табиғи таза дақылдардың көбею сатылары. Үлгілерді əр саты 
соңында  келесі  сатыға  өткізер  алдында  таңдап,  талдайды: 
1)  микроскоптау; 2) бор қосылған агарлы суслоға себу жүргізу; 3) 
бөгде  ашытқы  тəрізді  саңырауқұлақтарды  анықтау  үшін  арнайы 
жинақтаушы  ортаға  себін  жүргізу.  Соңғы  екі  талдау  зауытта 24-
36-48  сағаттық  ұзартылған  сызба  бойынша  жұмыс  істегенде  ғана 
жүргізіледі.  Алынған  дақылда  бөгде  саңырауқұлақтар  болмауы  ке-
рек, ал арнайы ортада бөгде саңырауқұлақтардың өсуі 3-4 тəулікте 
пайда болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет