Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет128/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

116
117
 
ны, левулозаны, сахарозаны, мальтозаны, галактозаны, рафинозаны 
(1\3)  ашытады,  спирт 13%-ға  дейін  жиналады,  бұлар  беттік  ашуға 
жатады.
Қалыпты  температура 30-33
о
С.  Ортаның  жоғары  қышқыл-
дылығына төзімді күкірт қышқылын өндірісте ашытқыларды таза-
лау  үшін  пайдаланады.  Осы  жағдайда  клеткалардың  ұсақталуына 
жəне  олардың  протоплазмалары  түйірлі  болуына  қарамастан,  оны 
ашықты аппаратының (құрылғысының) қалыпқа сай қышқылды ор-
тасына салғанда, ашытқылар жылдам ашып көпіре бастайды.
Мелассаны ашытуда XII ашытқы расасын қолданбайды, өйткені 
құрғақ заттардың жоғарғы концентрациясына олар төзімсіз. 
II, XV, M расалары өзінің белгілерімен XII рассаға ұқсас, бірақ 
өндірісте XII раса белсендірек болып табылады. 
Генетика институтында 1960 жылы К. В. Косиков, О. Г. Раевская 
крахмал заторын ашытуда гибрид-69 ұсынған. Ол астық заторларын-
да  жақсы  көбейеді  жəне XII расаға  қарағанда,  интенсивті  жəне  де 
ашу барысында өзінің биохимиялық белсенділігін сақтап қалады. 
«Я»  расасын  мелассаны  ашыту  үшін  қолданылады.  Клетка-
сы  домалақ  немесе  сопақша  я  расасына  қарағанда  ұсақтау  өлшемі 
5-6х6-7 мкм. Меласса суслосындағы құрғақ заттардың жоғары кон-
центрациясына тұрақты. «Я» расасы 1916 жылы К. Ю. Якубовский 
сірне  ашытқысынан  оқшаулап  алған.  Глюкоза,  фруктоза,  сахаро-
за,  мальтоза,  жəне  галактоза,  рафинозаны 1/3 қатынаста  ашытады. 
Олар  жоғары  ашитын  ашытқыларға  жатады.  Күкірт  қышқылына 
өте  төзімді  рН 2,0 қышқылда  меласса 20% құрғақ  заттарды 1,5
0
 
қарқынды  ашытып  көбейтеді.  Нəтижеде  жоғары  спирт  алынады 
жəне шығым төмен болады. 
Мелассаны ашытуда тағы да басқа В расасын қолданады. Клет-
ка  пішіні  домалақ  немесе  сопақша  тəрізді,  өлшемі 3,9-9,7х3,9-8,9 
мкм,  ашытқыны  бөлуде  жəне  престеуде,  нан  өндірісінде  ашыту 
белсенділігі жоғары болып табылады. 
Г-67-гибрид  расасы.  Сыра  ашытқысының  шығу  тегі  S. 
сarlsbergensis жəне «Я» расасы. (). О. Г. Раевская 1960 жылы алған 
жəне  сол  жылы  лабораторияда  профессор  К.  В.  Косиков  меласса-
ны  қайта    өңдейтін    өндірістік    ашытқыларды    зерттеу  жүргізген. 
Жаңа  культура  жоғары  сапа  көрсетті.  Я  рассасының  клеткасына 
ұқсас,  домалақ  немесе  жұмыртқа  тəрізді  ұзындығы    жəне  пішіні 
əртүрлі. Құрамында меллибиоза ферменті раффинозаны толығымен 
ашыту  касиетімен  ерекшеленеді.  Гибрид-67  меласса  ортасында 
жақсы көбейеді, дəл сол жағдайда Я расасының клеткалары 10-16% 
мөлшерде көбейеді. Ашу барысында клетка саны 39% астам болды. 
Ашытқылар  спирттің  жəне 
құрғақ  заттың  концентраци-
ясына төзімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет