Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет2/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

4
5
 
ешқайсысы  көрсете  алмайды.  Көптеген  микроорганизмдердің  екі 
еселену уақыты 0,3-2 сағатқа созылады. Бұл ең өнімді көп беретін 
өсімдіктерден 500 еседей  шапшаң.  Көлемінің  кішкентай  болуына 
байланысты (1-10 микрометр)  жеке  микроорганизмдерді 600-800 
есе үлкейтіп көрсететін микроскоп арқылы қарауға болады. Алайда 
микроорганизмдердің үлкен топтарын жай көзбен де көруге болады. 
Сұйықтықтың үлкен концентрациясында, мысалы, ашытқы концен-
трациясы 1 мл ішінде 150 млн. жасушаға жететін ашытылған жүзім 
шырынында сұйықтықтың бұлыңғыр болуы осыны көрсетеді.
Микробиологияның ғылым ретіндегі негізін А. Левенгук қалаған. 
Ол 1673 жылы алғашқы қарапайым микроскопты құрастырған жəне 
оның көмегімен бүкіл əлемнің көзге көрінбейтін ағзаларын тапқан. 
Осы уақытқа дейін микробиология кең ауқымда дамуда. Қазіргі кезде 
медициналық, ветеринариялық, ауылшаруашылық жəне техникалық 
микробиология, вирусология болып бөлінді. 
Кейінгі  кезде  биотехнологияға  бүкіл  дүниежүзі  мемлекеттері 
едəуір қаржы бөліп отыр. Осы мемелекеттер ішінде биотехноло-
гияның  қарқынды  дамуына  байланысты,  бірінші  орынды  АҚШ 
(1000-ға жуық), Батыс Европа (800-ге жуық), Жапонияның (300-ге 
жуық) биотехнологиялық фирмалары алады.
Ал  Ресейде  биотехнологиялық  зертеулер  микроорганизмдердің 
биохимия  жəне  физиология  ғылыми  зерттеу  интституттарында 
(РҒА) жүргізіледі. Əсіресе, биотехнологияның дамуына үлкен үлесін 
қосқан «Синтез-белок» молекулярлық биотехнология РҒА, сонымен 
қатар  РҒА-ның  генетика  жəне  селекция  институтында  өндірістік 
микроорганизмдердің ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізілуде.
Қазақстанда  (ТМД  көлемінде)  ҚҰБО  (Астана,  Степногорск  қ.) 
ғылыми  орталықтардың  зерттеу  бағыты  молекулалық  генетика, 
қолданбалы  биотехнология,  микробиология,  селекция,  тағам  ин-
ституттары  (Алматы  қаласы)  айналысады.  Өндірістік  битехноло-
гия  институты  зат  алмасу,  ас  қорыту  жүйесінің  ауруларын  зерттеу 
саласымен  Степногорск  қаласындағы  ғылыми-зерттеу  институты 
шұғылданады.
Ал  Алматыдағы  микробиология  жəне  вирусология  ғылыми-
зерттеу  институты  дəрі-дəрмекке,  тамаққа,  ветеринарияға,  жемдік 
өнеркəсіптерге  пайдалы  микроорганизмдер  селециясымен  айналы-
сады  жəне  бағалы  микроорганизмдер  штамын  ұзақ  сақтаумен  əрі 
ауылшаруашылық  өсімдіктерін  микробиологиялық  жолмен  қорғау 
осындай мақсатта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Микроорганизмдер  қоршаған  ортаның  химиялық  құрамын 
өзгертуде, олардың қабілетінің үлкен практикалық маңызы бар жəне 
əртүрлі  өндірістің  технология  үдерістерінің  бағытын  анықтайды. 
Тамақ  өндірісінің  технологиялық  үдерістері  (қайнату,  салқындату, 
фильтрация,  сəулелендіру,  консерванттарды  енгізу  жəне  т.б.) 
көмегімен микробтарға əсер ету үшін олардың сұрыпталған жоғары 
сапалы  микроорганизмдер  штамының  қасиеттері  мен  қабілеттерін 
жақсы білу қажет. Бұл оқулықтың мақсаты өндірісте қолданылатын 
микроорганизмдерге қатысты сұрақтарды талдайтын жəне олардың 
тіршілігін өндірістің талаптарына тəуелді, əрі қажетті жағдайлар жа-
сайтын, тағам жəне биотехнология өндірісінің арнайы микробиоло-
гиясы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет