Санитарлық бақылау. Тағам өндірісіндегі жұмысшыларға
гигие на сақтау үшін арнаулы талаптар мен нұсқаулар болады,
ол ең алдымен зауыт пен өндіріс цехтарын таза ұстау. Бөлмедегі
тазалықты бақылау үшін қабырғадан сынама алады. Ол сынаманы
алып пробиркада залалсыздандырылған сумен араластырады, содан
соң тамшы алып мкроскоппен бақылайды. Бақылау барысында қақ,
зең саңырауқұлақтарының мицелиясы, саңырауқұлақ споралары
басқа ашытқы тəріздес саңырауқұлақ бактериялары болмау керек.
Олардың саны екі немесе бес аралықтан асып кетсе, қабырғаларды
жуып залалсыздандырады.