Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Патогенді жəне шартты патогенді микроорганизмдер



Pdf көрінісі
бет250/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Патогенді жəне шартты патогенді микроорганизмдер
Патогендік  немесе  ауру  жұқтыратын  деп,  адамдар  да  жəне  жа-
нуарларда  ауру  тудыратын  микроорганизмдер  атайды.  Патоген- 
микроорганизмдердің генетикалық бекітулі белгісінің көрінісі болып 
табылады. Əртүрлі жағдайда микроорганизмдердің ауру жұқтыратын 
əрекеті алуан түрлі дəрежеде көрсетіледі. Патогенденудің дəрежесін 
вируленттілік деп атайды.
Патогенділікке  паразиттер,  шартты-патогендік  қасиетке  ие  ми-
кроорганизмдер жатады. Шартты патогенді микроорганизмдер деп, 
белгілі  бір  жағдайларда  ауру  туғызатын,  жануардың  бойындағы 
қорғаныстық  күшін  төмендететін  микроорганиздерді  атайды. 
Шартты-патогенділер адам жəне жануарлардың тұрақты микрофло-
расына, сонымен қатар сыртқы орта микроорганизмдеріне жатады. 
Патогенді  жəне  шартты-патогенді  микроорганизмдердің  ең 
маңызды  сипаттамасы,  құрамының  токсинді-микробты  уды 
бөлуінде. Микроорганизмдердің патогенді токсиндерінің 2 түрі бар: 
экзотоксин мен эндотоксин.
Экзотоксиндер – микроб клеткаларынан сыртқы ортаға шығатын, 
ақуыздар табиғатының ең улы заттары. Экзотоксиндер əрбір бөлек 
органдарға əсерін тигізіп, клиникалық көрінулермен ерекшеленеді. 
Олар жоғарғы температураға аса қатты төзімді емес, қайнату кезінде 
токсинділігі жоғалады.
Эндотоксиндер  тіршілік  барысында  сыртқы  ортаға  тек 
клеткалардың  өліп  немесе  бұзылу  кезінде  ғана  шығады.  Эндоток-
синдер  химиялық  құрамы  күрделі,  оның  құрамына  полисахарид-
тер  мен  липопротеиндер  кіреді.  Олар  экзотоксиндерге  қарағанда, 
аса  улы  емес  жəне  жеке  организмге  əсерін  тигізбейді.  Əртүрлі 
эндотоксиндердің  əсері  бірдей  симптомдарда  байқалады.  Эндоток-
сидер  термотұрақты,  ұзақ  қайнау  кезіндегі 100°С  температураға 
төзімділік көрсетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет