Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет246/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305
220
221
 
коллониялар түзеді. Температурасы 10-нан 45°С-ға дейін көбейеді. 
Bacillus сereus (цереус таяқшасы) Грам оң, спора түзуші, кейбір 
штаммдар  капсуланы  белгілі  нысанға  келтіретін  қозғалмалы 
таяқшалар.  Бұл  бактериялар 10-нан 48°С  температурада  өседі. 
Бактериялардың  тағы  бір  ерекшелігі,  таяқшалар  оттегінің 
жетіспеуінен  өзінің  көбеюін  жалғастырып,  ас  тұзы  мен  қанттың 
жоғарғы  концентрациясына  тұрақтылық  көрсетіп,  улы  заттарды 
бөліп шығарады.
Анаэробты спорасыз таяқшаларға Pseudomonas бактерияларының 
туысы:  Ps.  рrodigiosum,  Pseudomonas  fl uorescens,  Ps.  аeruginosa
Олар спора, капсула түзбейтін, Грам теріс, қозғалмалы таяқшалар бо-
лып табылады. Оптимальді өсу температурасы 15-20°С, алайда көп 
түрлері 2-5°С температурада да көбейе алады. Псевдомоналар өзінің 
жоғарғы  протеолитикалық  жəне  липолитикалық  активтілігімен, 
көмірсуларды  ашыту  кезінде  қышқыл  түзуімен,  қоймалжыңды 
продуценттерімен  ерекшеленеді.  Бұл  бактериялардың  өсуі  жəне 
биохимиялық белсенділігі рН 5,5-тен төмен болғанда, ас тұзы 5-6% 
концентрациялық мөлшерде болған кезде тежеледі. Псеудомоналар 
көптеген бактериялардың, зең саңырауқұлақтарының антагонистері 
болып  табылады.  Өйткені  антибиотикалық  заттарды  бөледі.  Осы 
бактериялардың кейбір түрлері өсімдіктер мен жануарлардың ауру-
ын туғызуы мүмкін. 
Факультативті  анаэробты  шірітуші  бактерияларға  Proteus 
таяқшаларының туысы жатады. Протей полиморфты споралар мен 
капсулаларды белгілі нысанға келтірмейді, жоғарғы энергетикалық 
қозғалтқыштығымен  ерекшеленеді.  Протейдің  кейбір  түрлері 
адамға  токсинді  болып  табылатын  заттарды  продуцирлейді.  Бұл 
бактериялар температуралық диапазоны кең 6-дан 40°С дейін жақсы 
көбейеді. Шіру негізінен күкіртті сутекті түзу арқылы жүзеге асады. 
Анаэробты спора түзуші шірітуші бактерияларға Сl. рutrifi cum
Сl. Sporogenes  жатады.  Сl.  рutrifi cum  –  грам  оң,  ұзын  қозғалтқыш 
таяқша.  Кейде  бұл  бактериялар  тізбектеле  орналасып,  клетка 
соңында  термотұрақты  спораларды  түзеді.  Бұл  таяқшалар 37-43
о
С 
температурада көбейе алатын облигатты анаэробтар. Көп мөлшерде 
газ түзе отырып, белоктардың энергетикалық ыдырауы жүреді. 
Cl. sporogenes –  үлкен,  қозғалмалы,  Грам  оң  таяқша.  Термо 
тұрақты  клетка  соңына  жақын  орналасқан  споралар  түзеді.  Бұл 
бактериялардың  ең  бірінші  ерекшелігі,  бірінші  тəуіліктен-ақ  тез 
спора  түзіп  көбейе  алады.  Споралы  таяқша  қышқыл  жəне  газды 
түзетін  көмірсуларды  ашытып,  жоғарғы  протеолитикалық  жəне 
липолитикалық белсенділігі бар. 
Микрококкалар.  Микрококкаларға  табиғатта  кең  таралған 
Micrococcus,  Staphylococcus,  Sarcina  сияқты  туыстары  кіреді 
жасушаның  пішіні  шар  тəрізді  қозғалмайды.  Аэробты  жəне 
факультативті  анаэробты  болып  табылады.  Сапрофитті  түрлерімен 
қатар,  адамдар  мен  жануарлар  арасында  аурулар  туғызатын  жəне 
тамақтық улануға əкелетін патогенді түрлері бар. 
Микрококкалар  туысы  аэробтарға  жатады.  ЕПА  ортасында 
ақ,  асры,  қызғылт  түсті,  кішкентай  жомалақ  колониялар  түзеді. 
Көбеюінің  оптимальді  температурасы 5-8°С  дейін  микрокоокалар 
қыздыруға (пастеризация), тұз жəне қанттың жоғарғы концентрация-
сына төзімді. Пептондардың жиналуынан белоктар ыдырап, майды 
ірітіп, қышқыл дəм береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет