Фенол жəне оның туындылары. Көптеген фенол туындыла-
рын, сонымен қатар карбол қышқылы деп аталатын таза фенолдың
ерітіндісін қолданады. Бұл дезинфектанттардың микроб клетка-
ларына əсері коагуляциялаушы жəне жартылай еріту қасиетіне
негізделген. Бұл қосылыстар тобына, сонымен бірге крезолдар
кіреді.
Карбол қышқылы (С
6
Н
5
ОН).5-10 минуттан кейін микро-
организмдердің вегетативті формаларының көбісін жоятын 1:100
қатынасындағы ерітіндісі қолданылады. 2-5%-дық ерітіндіде
көптеген патогенді микробтар өледі.