Өндірістегі микробиологиялық жəне санитарлық бақылау Өнім сапасы мен шығымы микробиологиялық жəне санитарлық
бақылауға байланысты.
Престелген ашытқыларға қойылатын талаптарға сəйкес зауыт
нанды 75 мин дейінгі уақыт аралығында көтеруге қабілетті, белгілі
ылғалдылыққа, сақтау кезіндегі тұрақтылыққа ие, белгілі түрге жа-
татын техникалық таза культураларды өндіруі тиіс.
Нан ашытқыларын өндірудің технологиясы қиын, бөгде
микроорганизмдердің өндіріске ену жолдары көп, сондықтан тек
қатаң микробиологиялық-санитарлық қадағалау, сапалы өнім
щығаруға мүмкіндік береді.
Бақылау өндірістің барлық сатыларында жүргізілуі керек:
өндіріске келіп түсетін шикізаттан бастап, дайын өнімге дейін.