Шашты жылы 6% сірке су қышқылыертіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз.
Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.
Науқастың басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз.
Дәке тампондарын, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз.
Науқастың және мейірбикенің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейірбикенің қолы).
Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.
СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.
Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.