Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз(ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:
Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Тұрындыны, экстракты (шырсөлДІ) қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы.
Даярлаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.
Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз.
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.