Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз:дәрігер тағайындаған дәрілік майын, залалсыздандырылған қалақты немесе шпательді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.
егерде май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өз еркімен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;
науқасты қолын майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.