Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, флакондағы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, 70 спиртті, лотокті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, спирттелген мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.
Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).
Флакондағы дәрілік затты алып, атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз және сыртқы көрінісін анықтаңыз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.
Зарасыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.
Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Спиртті кептіріңіз.
Флаконнын түбін жоғары қаратып көтеріңіз. Сол қолдың II және III саусақтары арасына флаконды, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтары шприцтің цилиндірінде ұстаңыз. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.
Шприцті сорып алған дәрі ертіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.
Шприцті тік қалыпта алып, V саусақты – поршенде, II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде ұстап отыра, иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны шығарып, шприцтің инесінен қорғаныш қақпағын алмай 1-2 тамшы ерітінді ине арқылы бөлінуі қажет.
Дайындалған шприцті және спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.