Мақсаты:транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқасқа және медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздіктіқамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері:иньекция, операция катетерлеу жасар алдында.
Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріндердің, теріде сызаттан және жарақаттың, тері ауруларының болуы.
Дайындаңыз:70% этил спиртін және т.б. антисептиктерді залалсыздандырылған мақта шариктерін, қауіпсіз жоюға арналғанконтейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).
Қолыңызды спиртпен ылғалдандырылған мақта шариктерімен тазартыңыз: тырнақ ұясын,тырнақ жанындағы валикті айналмалы қозғалыспен, саусақтардың ішкі беттерін жоғарыдан төмен қарай қимылмен, сосын қолдың алақан бөлігін.
Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Залалсыздандырылған қолғапты кию
Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалыққауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.
Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.
Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерінтөмендетеді.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.