Ж. Т. Сарыбекова, Ш. Т. Турдалиева, И. Е. Сағындық



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата13.03.2023
өлшемі312,11 Kb.
#73674
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қорытынды 
Ұжымдағы психологиялық ахуал оның 
әрбір мүшелерінің адамгершілік қатынасы 
мен психологиялық жағдайына сәйкес өзгеруі 
мүмкін. Әрбір тұлға ұжымды қалыптастырудың 
бір бөлігі болып табылады және ондағы 
адамгершілік-психологиялық ахуалға тікелей 
әсер етеді. Ұжымдағы психологиялық ахуалдың 
дамуы басшы мен оның қол астындағы ұжым 
қызметкерлері арасындағы алтын көпір. Осын-
дай, ұжымдағы алтын көпірді сақтап, жақсартуда 
адамгершілік құндылықтарды бірінші орында 
ұстанып, психологиялық ахуалды ретке келтіріп 
отырудың бүгінгі күнде маңызы зор.
Ұжымда психологиялық ахуалды рет-
ке келтірудің әдіснамалық және теориялық 
негіздері бірлескен ойлау іс-әрекетіндегі мақсат 
құрылым процесіндегі субъектілердің қарым-
қатынасы барысында қалыптасатын мағыналық 
құры лым дардың жалпы қорының ықпалының 
әсері туралы С.М. Жақыповтың, қарым-қатынас 
үде рісінде мінез-құлықтың қалыптасуы туралы
Қ.Б. Жарықбаевтың, Н.Қ. Тоқсанбаеваның қарым-
қатынас бірлескен іс-әрекетті жүйелендіру 
факторы ретіндегі тұжырымдамасы. Сонымен 
қатар, В.М. Шепельдің ұжымдық ахуалды рет-
ке келтірудің арнайы жүйелі моделінің болуы, 
С.С. Паповянның ұсынған ұжымдық ахуал-
ды сақтаудың төрт перспективалық нұсқасы, 
И.В. Егошин мен Е.В. Зарубинаның басшының 
ұжыммен қарым-қатынас типтері, ұжымның 
әлеуметтік-психологиялық ахуалының диагнос-
тикасы мен оны реттеу әдістері, социумның 
дамуында қоғамдық көңіл-күйінің рөлі, ди-
намикасы және мәні туралы Б.Д. Парыгиннің 
тұжырымдамасы, Э. Штейннің ұжымдық 
мәдениет пен көшбасшылықты топтық қарым-


123
Ж.Т. Сарыбекова және т.б.
қатынастың феномені ретінде қарастырған 
еңбектері, С.С. Паповян ұсынған ұжымдық 
ұйымдастырушылық ахуал және т.б. зерттеулері. 
Ұжымның психологиялық ахуалын ретке 
келтіруде адамгершілікті қалыптастырудың 
теориялық-әдіснамалық негіздері, ұжымдағы 
басшы мен ұжым мүшелерінің бір-біріне 
өзара ықпалы, ұжымдағы психологиялық 
ахуалдың төмендеу себептері мен факторла-
ры туралы отандық және шетел ғалымдарының 
зерттеулеріне теориялық талдау жасалды. 
Бұл ұжымдағы психологиялық ахуал дұрыс 
орнамаған жағдайда еңбек қызметінің нашар-
лауына әкелуі мүмкін. Сондықтан, қазіргі таңда 
ұжым мүшелерінің арасындағы адамгершілік 
қарым-қатынас, ұжымдағы салауатты өмір 
салтын ұстану, ізгілік, үйлесімді мінез-құлық 
пен сыйластық орнаған қарым-қатынас 
қалыптастыру барынша басты назарда.
Бүгінгі күні ұжымның тек еңбек қызметіне 
ғана емес, сондай-ақ ондағы тұлғалардың 
адамгершілік-психологиялық ахуалының жағ-
дайына, ұжымда туындауы мүмкін болған қиын-
дықтарды ретке келтірудің жолдары жан-жақты 
қарастырылуда. Бұл ұжымның мүшелерімен 
орнаған қарым-қатынас, өзара түсіністік, бір-
біріне деген сыйластық пен жауапкершілік 
сынды қарым-қатынастарының жиынтығы. 
Ұжымның адамгершілік-психологиялық ахуа-
лы ның ретке келуі тек адамгершілік-психоло-
гиялық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен 
қоса, қаншалықты өз қызметіне, еңбек ұжымына 
қанағаттануы, басқарушы тұлғалардың комму-
никативті басқару мәдениеті мен менеджерлік 
құзыреттілігіне де байланысты.
Сонымен қатар, адамгершілік – ұжымның 
психологиялық ахуалын ретке келтіру негізгі 
ықпал ететін факторы ретінде:
1. Бір жағынан, ұжымның психологиялық 
ахуалы адамдардың бірлескен іс-әрекетінің 
нәтижесі мен қарым-қатынас ерекшеліктеріне 
қоса әсер етеді, анықтайды, оның құрылымын 
өз мазмұнымен талдайды, ұжымның қалып-
тасуының өзіндік жүйесі, үйлесімділігі, яғни 
ұжымға қалай әсер ететіні, ұжымда психо ло-
гиялық ахуалды ретке келтіру процесінің сапа-
сында сипатталады;
2. Екінші деңгейде, ұжымның әлеуметтік-
психологиялық ахуалы бірлескен іс-әрекеттің 
құрылуымен сипатталады, адамдар қарым-
қатынасының барлық маңызды белгілерінің 
жиынтығымен қарастырылады;
3. Үшіншіден, ұжымның психологиялық 
ахуалы адамдардың кәсіби біліктілігін ба-
ғалау, адамдармен сыйласа алу, тілтабыс-
қыштық деңгейі, мінез-құлық ерекшеліктері, 
басшының басқару стилі, басшы мен қыз-
меткерлердің өзара қарым-қатынасы жүйе-
сінде анықталады.
Ұжымның психологиялық ахуалын ретке 
келтіру, әрбір тұлғаның біліміне, адамгершілік 
қасиетіне, тұлғааралық қатынастарда өзара 
түсіністігіне, сонымен қоса бірлескен іс-
әрекеттегі қабілеттері мен ойларының ортақ 
болуына,ұжымдағы алауыздық пен конфликтілі 
жағдайларды алдын алуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет