Ж. Т. Сарыбекова, Ш. Т. Турдалиева, И. Е. Сағындық


Нәтижелері және талқылама



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата13.03.2023
өлшемі312,11 Kb.
#73674
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Нәтижелері және талқылама
Қазіргі таңда ұжым мүшелерінің бойында 
адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру 
негізінде психологиялық ахуалды ретке келтіру 
және сақтау өте өзекті мәселе болып отыр. За-
манауи ұйымдар мен әлеуметтік психология, 
басқару психологиясы, еңбек психологиясы 
салаларды және басшылар мен кадрлық бөлім-
дердің, кәсіби саладағы психологтардың басты 
назарына айналып отыр. 
Әлеуметтік және психологиялық зерттеулер 
еңбек ұжымының психологиялық ахуалының 
ретке келтіруге негіз болатын түрткілерді атап 
көрсетті:
- өз жұмысына деген жауапкершілікпен қарау;
- адамгершілік қасиетінің тұлға бойында болу;
- еңбек қызметіне деген қызығушылық;


120
Ұжымдағы психологиялық ахуалды ретке келтірудегі адамгершіліктің теориялық-әдіснамалық негіздері
- еңбектің әлеуметтік маңызын түсіне білу;
- психологиялық ахуал туралы түсінікті 
қалыптастыру.
Жүргізілген зерттеулер, ұжымның қолайлы 
психологиялық ахуалын қалыптастырып, ретке 
келтіруіне мүмкіндік беретін түрткілерді атап 
көрсетеді.
И.В. Егошин, Е.В. Зарубина бойынша ұжым-
дағы қолайлы психологиялық ахуалға мыналар-
ды жатқызады:
1) еңбек ұжымының өзара ынты мақта стығы 
мен сыйластығының жоғары болуы, еңбек 
өнімділігін дамытып отыруы;
2) ұжымның мүшелерінің арасындағы тұл-
ғааралық қатынастардың оң болып, достық 
және сыйластық қатынастың болуымен, сыни 
көзқарасты дұрыс қабылдауы;
3) басшы тарапынан ұжым мүшелеріне 
деген қатынасында қысымның болмауымен, 
тәрбиелеу мақсатында өз тәжірибесімен бөлісе 
отырып, ұжымға ықпал етуі;
4) басшының ұжымға орнымен ескертулерді 
жасап, ұжымдағы тұлғалардың адамгершілік 
қасиеттеріне қысымның болмауы;
5) ұжымның өзара психологиялық ахуалды 
дұрыс ұстанып, ортақ жаңашылдыққа ұмтылуы 
(Егошин, 2015).
Әрине, ұжымдағы психологиялық ахуал-
дың дұрыс орнауы әр ұжым мүшесіндегі 
қыз меткерлердің ерік-жігері мен ынтасы-
на бай ланысты. Дегенмен, ең бірінші кезекте 
ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалдың 
қалыптасуында жетекші рөлді басшы ала-
ды. Ұжымды басқарып отырған басшының 
мінез-құлқы, басқару стилі, оның бойындағы 
адамгершілік қасиеті, біліми дәрежесі мен мол 
тәжірибесінің болуы, ең бастысы ұжымдағы 
кәсіби қарым-қатынасының қолайлы немесе 
қолайсыз қалыптасуына әсер етеді.
Ең маңыздысы, басшының ұжым қыз-
мет керлеріне қарым-қатынасы мен басқару 
стилін қалай ұстанатындығына байланысты. 
Басшының ұжымға қарым-қатынасы обьективті, 
айыптау және қорғаныстық типтеріне бөлінеді 
(Егошин, Зарубина, 2015). Объективті қарым-
қатынас типінде, басшы ұжымдағы қарым-
қатынастың маңызды аспектілеріне баса назар 
аударады. Өзінің сол ұжымда алып отырған 
рөліне қарай қызмет етуге тырысып, сондай-
ақ қызметкерлердің де ұжымдағы рөліне сый-
ластықпен қарайды. 
Айыптау қарым-қатынас типінде, басшы 
өзінің жеке принциптеріне негізделе отырып 
ұжымдағы қарым-қатынасты ұйымдастырады. 
Бұл жағдайда басшы жауапкершіліктен жал-
тарып, қол астындағы ұжымның адамгершілік 
қасиеттеріне сөз келтіріп, кемшіліктері мен
айыптауларды жаудырады. Осындай басшының 
басқару стилі ұжымның психологиялық ахуал-
дың нашарлауына әкеліп соқтыратыны сөзсіз.
Қорғаныстық қарым-қатынас типінде, басшы 
ұжымдағы қиындықтарға байланысты барлық 
кінәні өз мойнына алып, ұжым мүшелерін 
жауапкершіліктен толықтай босатады. Осындай 
қарым-қатынас типінде екі жағы болуы мүмкін:
- басшының өз қателігін мойындауы арқылы, 
ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсартса;
- екінші жағынан, ұжым алдындағы 
өзінің беделін жоғалтуына, бейресми қарым-
қатынастың орнауына ықпал етуі мүмкін.
Авторитарлы басқару стилі ұжымға кейде 
кері ықпал етеді. Қашанда, басшы ұжымға де-
ген қарым-қатынасында эмоционалды күйін 
басқаруы маңызды. Себебі ұжыммен орнаған 
жағымды эмоционалды қарым-қатынас еңбек 
қызметінің табыстылығын арттыруға өз үлесін 
қосады. Басшы да, ұжым қызметкерлері де ең 
бірінші кезекте, адамгершілік, адамшылдық, 
жылы шырай мен қамқорлық сынды сезімдерін 
көрсете білуі қашанда ұжымдағы қарым-
қатынасқа оң ықпалын тигізеді. Демек, бас-
шы кеменің желкені секілді, қайда бұрса кеме 
солай жүзеді. Ұжымның кәсібилігін дамыту-
да оның еңбек өнімділігін арттыру, бәсекеге 
қабілетті бағытын арттыру қызметкерлердің 
ауызбіршілігін қалыптастырса, ұжым қолайлы 
өзара сыйластық пен татулықта табысқа жетеді.
Ұжымның тұрақты қарым-қатынасы мен 
бірлескен іс-әрекеті, әлеуметтік-психологиялық 
қатынасы – ұжым мәдениетінің ажырамас бөлігі. 
Ұжымның психологиялық ахуалының көрінісі 
ұжым мүшелерінің адамгершілік қасиетінің бо-
луымен, бірлескен еңбек іс-әрекетінде, тұлға-
лардың көңіл-күйі мен пікірлерінің сәйкес 
келуінен көрінеді. Ұжымның әрбір мүшесі жеке 
тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлғаның 
өзіндік ерекшелігі, адамгершілік қасиеті, білім 
мен білік дағдылары, өзіндік көзқарастары бар. 
Осындай тұлғалық ерекшеліктерді біріктіре 
отырып ұжым құралып, қызмет етеді. Бұл еңбек 
қызметін арттырып, тұлғаның психологиялық 
ерекшелігінің дамуына, тұлға болып қалып-
тасуына, өзін-өзі толықтай жетілдіруіне ықпал 
етеді (Тоқсанбаева, 2016).
Біз кәсіби іс-әрекеттегі қызметкерлердің өзі 
еңбек ететін ұжымының психологиялық аху-
алын анықтау, ұжымның үйлесімділігі үшін 
адамда қандай құндылықтардың болуының 


121
Ж.Т. Сарыбекова және т.б.
маңыздылығын тексеру мақсатында арнайы 
зерттеу жүргіздік.
Сауалнама жалпы 6 сұрақтан тұрады. 
Сұрақтың ерекшелігіне байланысты жауаптары 
да сәйкесінше топтастырылған. Сауалнамаға 
103 респондент (әр түрлі сала мамандары) 
қатысты. Сауалнаманың алғашқы тапсырмасы 
бойынша респонденттер өздерінің қызмет ететін 
мекемелері туралы мәлімет берді. Төмендегі 
1-суретте көрсетілгендей респонденттердің ба-
сым көпшілігі (48,5%) білім беру саласының 
қызметкерлері.
1-сурет – Сауалнамаға қатысқан респонденттердің еңбек саласы
Сауалнаманың екінші сұрағы «Сіз өзіңіздің 
ұжымыңыздың 
психологиялық 
ахуалына 
қанағаттанасыз ба?» – деген сұраққа 72 респон-
дент «иә» (60,1%), «жоқ» деген жауапты 29 рес-
пондент (28,1%), ал қалған 12-сі «білмеймін» 
(11,6%) деп жауап берді. 
Үшінші «Сіздің ұжымдағы әріптестеріңіз 
(серіктесіңіз) туралы сипаттама» сұрағына 
төмендегі түсініктердің бірін таңдау арқылы 
өзінің пікірін білдіреді:
- ұжымда өте белсенді әріптестер бар – 36,8%
- ешкіммен араласпайтын әріптестер бар – 
4,8%
- ұжымды толық танымаймын – 9,7%
- біздің ұжым ұйымшыл – 35,9%
- біздің ұжым ұйымшыл емес – 13,6%
Сауалнамаға қатысқан 10 респондент (9,7%) 
ұжымын толық танымайтыны, ал 13 респондент 
(13,6%) өзінің ұжымының ұйымшыл емес екенін 
көрсетті.
Төртінші, «Сіз жұмыс жасайтын ұжым мү-
шелерінде адамгершілік құндылықтар сақтал-
ған ба?» – сияқты сұрақтарға сауалнамаға қаты-
сушылар «иә», «жоқ» немесе «жауап беруге 
қиналамын» деген жауаптар бойынша өз таң-
дауларын жасады. Осы сұрақтарға берілген 
респонденттердің жауабы төмендегі 2-суретте 
сипатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет