КҚК-Р, МӘСКЕУДЕГІ КЕҢСЕ
119017, Ресей, Мәскеу қ.,
Б. Ордынка к-сі, 40 үй, 4 қ., 4-қабат
«Легион-1» бизнес-орталығы
тел.: +7 (495) 745-87-70
факс: +7 (495) 745-87-72
e-mail: Moscow.reception@cpcpipe.ru
КҚК-Қ, АСТАНА,
010000, Қазақстан,
г. Астана,
Қонаев к-сі, 2 үй, 10-қабат
тел.: (7172) 79-92-71
факс: (7172) 79-92-72
e-mail: Astana.reception@cpcpipe.ru
КҚК-Қ, ШЫҒЫС АЙМАҚ
060011, Қазақстан,
Атырау қ.,
Сәтпаев к-сі, 34А үй
«Севен Старс» бизнес-орталығы
тел.: (7122) 76-15-99, 76-15-35, 76-15-00
факс: (7122) 76-15-91
e-mail: Atyrau.reception@cpcpipe.ru
КҚК-Р, ОРТАЛЫҚ АЙМАҚ
414000, Ресей,
Астрахань қ.,
Киров к-сі / Красного Знамени, 24А/10 үй
тел.: +7 (8512) 31-14-00, 31-14-99
факс: +7 (8512) 31-14-91
e-mail: Astrakhan.reception@cpcpipe.ru
КҚК-Р, КАЛМЫКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
358000, Ресей, Элиста қ.,
В.И. Ленин к-сі, 255А үй, 608 кеңсе
тел.: +7 (84722) 4-13-89
e-mail: Elista.reception@cpcpipe.ru
КҚК-Р, БАТЫС АЙМАҚ
350000, Ресей, Краснодар қ.,
Буденный к-сі, 117/2 үй
тел.: +7 (861) 216-60-00
факс: +7 (861) 210-35-51
e-mail: Krasnodar.reception@cpcpipe.ru
КҚК-Р, СТАВРОПОЛЬ АЙМАҒЫ
355000, Ресей,
Ставрополь қ.,
Рылеев к-сі, 7 үй, 208 кеңсе
КҚК-Р, ТЕҢІЗ ТЕРМИНАЛЫ
353900, Ресей, Краснодар аймағы,
Новороссийск қ., Приморский округі,
Теңіз терминалы
тел.: +7 (8617) 64-25-52
факс: +7 (8617) 64-25-51
e-mail: MarineTerminal.reception@cpcpipe.ru
КҚК-Р, НОВОРОССИЙСК
353900, Ресей, Краснодар аймағы,
Новороссийск қ., Видов к-сі, 1А үй
тел.: +7 (8617) 61-15-64
факс: +7 (8617) 61-26-90
e-mail: Novorossiysk.reception@cpcpipe.ru
Нөмірді КҚК-ның Баспасөз қызметі дайындаған
Редакторы Екатерина Суворова
Дизайн, безендіру – «Арабеска. Коммуникационная группа» ААҚ
Таралымы – 300 дана
E-mail: Ekaterina.Suvorova@cpcpipe.ru; Pavel.Kretov@cpcpipe.ru
Тел.: +7 (495) 745-87-70. 5220, 5327
Каспий Құбыр Консорциумы:
уақыт сынынан өткен халықаралық жоба
Қыс кезінде Новороссийск түбіндегі Теңіз терминалында танкерлерге жүк тиеу. Шығаруға арналған айлақ
қондырғыларының арқасында мұнай құюға теңіз толқыны еш кедергі келтіре алмайды
Қашаған мұнайгазконденсаты кен
орнының ресми іске қосылуы КҚК
қатысуымен өтті
КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫНЫҢ «ПАНОРАМА КҚК»
КОРПОРАТИВТІК БАСЫЛЫМЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚОСЫМШАСЫ
Республиканың мұнайлы астанасы – Атырау қала-
сында өткен шараға телекөпір арқылы Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев,
сондай-ақ мұнайгаз саласының ірі компанияларының
басшылары қатысты. Салтанатты жиында Каспий
Құбыр Консорциумы атынан Бас директор Николай
Горбань мен КҚК Бас директорының орынбасары
Қайыргелді Қабылдин болды.
ПРЕЗИДЕНТ МАҚТАНЫШЫ
– Мен бүгін Қазақстанның, Консорциумның, бар-
лық мұнайшылардың атынан әлемдегі ең ірі кен
орындарының бірі – Қашағанның іске қосылуын
мәлімдеймін. Және барлық қазақстандықтарды осы
жетістікпен құттықтаймын. Қашаған кен орыны
халқымызға қызмет етеді және біздің еліміз үшін осы
іске техникаларын салып, жан-тәнімен ат салысқан
компанияларға үлкен пайда әкеледі. Ал біз оларды
қолдап, одан әрі жұмыс істей беретін боламыз. Біз
құрлықтың қақ ортасында орналасқан елміз. Біздің
теңіздерге тіке жолымыз жоқ болса да құбырлар
арқылы теңіздер мен мұхиттарға жол аштық. Біздің
еңбегіміздің жемісі осы, - деді мақтанышпен Нұрсұл-
тан Назарбаев.
ҚАШАҒАН АРИФМЕТИКАСЫ
Телекөпір барысында Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қашаған
Каспий құбыр Консорциумның қатысуы жөнінде өз
пікірін білдірді:
– Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен ша-
радан алған әсерім ерекше! Ширек ғасыр бұрын
Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялады.
Қашаған кен орынының іске қосылуы Тәуелсіздік
мерекесінің маңыздылығына сай, сән-салта-
натымен аталып өтуде.
Ел басшылығы экономиканың
дамуына оң ықпал ететін мұнай
саласына ерекше көңіл бөледі.
Телекөпірге қатысуға мұнай
өндіруші жетекші компани-
ялар, соның ішінде тасы-
малдаушылар ретінде біз де
бекер шақырылған жоқпыз.
Қазақстандық мұнайды тасы-
малдаудың үш бағытының ең
ауқымдысы – біздің Теңіз – Ново-
российск мұнай құбыры екенін
мақтанышпен айтуға болады.
Осылайша КҚК Қазақстанның мұнай
саласының дамуында ерекше рөл
атқарады. Біздің құбыр жүйесінің
өткізу көлемін арттыру арқылы
мемлекет сыртқы нарығының аясын
кеңейте түседі. Құбыр жүйелерінің
қуатын арттыру арқылы біз Сол-
түстік Каспий кен орындарының белсенді дамуына
жағдай жасаймыз.
Телекөпірде КҚК қызметін біздің қызметкерлер абы-
роймен таныстырып шықты. Әсіресе «Атырау» мұнай
айдау станциясы алаңынан Президентке баяндама
жасаған Сәрсембай Мұрыновты ерекше атап өтуге
болады. Қашаған мұнайына арналған біздің жаңа
есептеу торабымыздың үздік жұмысы көрсетілді, - деп
мақтанышпен атап өтті Николай Горбань.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЗОР
КҚК құбыр желісі жүйесінің дамуы Теңіз – Новорос-
сийск мұнай құбыры басып өтетін барлық аймақтар-
дың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына оң әсер
беруде. 2016 жылдың 6-шы желтоқсанында «Каспий
Құбыр Консорциумы – Қ» акционерлік қоғамы және
Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы
келісімді 5 жылдық мерзімге бекітті. Құжатқа КҚК Бас
директоры Николай Горбань мен Атырау облысының
әкімі Нұрлан Ноғаев қол қойды.
Бекітілген келісім тараптар арасындағы
ынтымақтасты одан әрі дамытуға,
Атырау облысының қаржы-эконо-
микалық әлеуетін, инвестициялық
ахуалы мен аймақ тұрғындары-
ның әл-ауқатын арттыруға, әлеу-
меттік тұрақтылықты сақтауға
жағдай жасауға мүмкіндік
береді. Консорциум ауқымды
әлеуметтік жобаларды белсен-
ді жүзеге асыруды, демеушілік
және қайырымдылық көмек
көрсетуді одан әрі жалғасты-
рады.
Қол қойылған құжатқа сәйкес,
білім беру, денсаулық сақтау, дене
шынықтыру және спорт, экология,
сонымен қатар, тұрғындардың
әлеуметтік әлжуаз топтарын қол-
дауға арналған шаралар жүзеге
асырылады.
– 2011 жылдан бастап КҚК кеңейту жобасы аясында
Атырау облысында демеушілік және қайырымдылық
көмек көрсету көлемі 23 млн. АҚШ долларын құрады.
Консорциумның негізгі қызметіне келер болсақ, ай-
мақтың әлеуметтік жобаларын қаржыландыру жылы-
на шамамен 2 млн. АҚШ долларын құрайды және
болашақта да осы қарқынды сақтауға тырысамыз.
Сонымен қатар, бекітілген жоспарларға сәйкес бір
ғана мектептен басқа, барлық нысандар пайдалануға
берілгенін атап өткім келеді, - деді Николай Горбань.
Осылайша Каспий Құбыр Консорциумы қарқынды
дамып келе жатқан егемен ел Қазақстанның сенімді
серіктесі болып қала бермек.
КҚК Баспасөз қызметі
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАШАҒАН КЕН ОРНЫНЫҢ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ 2016
ЖЫЛДЫҢ 7ШІ ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ӨТТІ.
Каспий қайраңындағы «D аралы»
КҚК Теңіз терминалында қазақстандық
мұнайдың танкерге тиелуі
КҚК мен Атырау облысының
әкімшілігі арасында келісімге
қол қойылды
кен орнынан мұнай өндіру жайын баяндады. Оның
айтуынша, кен орнында өндірілетін қор - 2 миллион
тонна мұнай мен 1,5 трлн текше метр газды құрап
отыр. Министр 2016 жылдың 1 қарашасында Қа-
шағандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 75 мың бар-
рельден асып, коммерциялық деңгейге шыққанын
жариялады. Қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемін
ұлғайту мақсатында тәулігіне 180 мың баррель дең-
гейін тұрақтандыру жұмыстары жүруде.
– Биылғы жылдың соңына дейін 1 миллион тонна
мұнай мен 680 миллион текше метр газ, 2017 жылы
- 8,5 млн. тонна мұнай мен 5,5 млрд. текше метр газ
өндіру жоспарланған.
Одан кейінгі жылдары
мұнай өндірісін 13
миллион тоннаға және
газ өндірісін 9 млрд.
текше метрге дейін кө-
бейту жоспары бар», -
деді Қанат Бозымбаев.
«D АРАЛЫ»
Қазақстанның Энер-
гетика министрінің
баяндамасынан кейін
телекөпірге Қашаған
көмірсутектерін өндіру
мен тасымалдауды
жүзеге асыратын нысандар қосылды. Салтанатқа қа-
тысушылар Каспий қайраңында орналасқан «D аралы»
аса ауқымды жоғары технологиялық құрылысымен
танысты. Онда мұнайды жинақтау мен газды баста-
пқы бөліп алу үрдісі жолға қойылған.
Болашақ шикізат өңдеу зауытының баяндамашысы
телекөпір қатысушыларына Қашаған мұнайының
алғашқы партиясы 2016 жылдың 14ші қазанында
алғашқы рет экспортталып, қазіргі таңда КҚК және
«ҚазТрансОйл» мұнай құбырлары арқылы өнер-
кәсіптік көлемде тасымалданып жатқанын айтты.
КҚК НЫСАНДАРЫНДА
Телекөпір, Каспий Құбыр Консорциумының өнер-
кәсіптік нысандарынан тікелей байланысқа шығумен
жалғасты. Қашаған мұнайын қабылдау үшін «Атырау»
мұнай айдау станциясында №9 есептеу торабы қо-
сылды. Бұл МЕТ өнімділігі сағатына 3000 м³ құрайды.
Оның бұл көрсеткішті екі есеге арттыру мүмкіндігі
бар.
Бүгінгі таңда «Атырау» мұнай айдау
станциясының есептеу торапта-
ры арқылы Қашаған және
Қарашығанақ кен орында-
рының мұнайы қабыл-
дануда. Оған шикізат
жеткізушілер қата-
рында Ембімұнай-
газ, Өзенмұнайгаз,
Қазақ Ойл Ақтөбе,
Саутс Ойл және
Матен Петролеум
бар.
«Атырау» мұнай
айдау станциясы қыз-
меткерлерінің саны 48.
Кеңейту жобасын жүзеге
асырғаннан кейін бұл жерде қосымша 9 жұмыс орны
ашылды.
Өндіріс орынында жүрген «Каспий құбыр Консорци-
умы» АҚ аймақтық менеджері Сәрсембай Мұрынов
шара қатысушыларына телекөпір өткізу кезінде ғана
КҚК мұнай құбырлары арқылы 500 мың тоннадан
астам Қашаған мұнайы айдалғанын жеткізді. Содан
кейін ол Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау сөздерін
жолдады: «Құрметті Президент мырза, Сіздің тіке-
лей қатысуыңызбен құрылған Консорциум бүгінде
әлемнің ең мықты мұнай құбыры жобаларының бірі
болып саналады!»
«Каспий Құбыр Консорциумының құрылысы үшін мен
Ресейдің басшылығымен 6 жыл жұмыс жасадым. Ол
кезде Қашаған әлі болмаған...» – деді Қазақстан Респу-
бликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол Қашағаннан мұнай тасымалдау үшін КҚК мұнай
құбырының өткізу қабылетін 67 млн. тоннаға дейін
жеткізу шарасының маңызы зор екенін айтты.
«Сіздер қазір үлкен жауапкершілік артылған маңызды
нысанда тұрсыздар. Сіздерге сәттілік серік бол-
сын!» - деп Нұрсұлтан Назарбаев Консор-
циум ұжымына тілегін жолдады.
Телекөпір аясында Новорос-
сийск түбіндегі КҚК Теңіз
терминалы қосылып,
жақында жөндеуден
өткен Консорциум-
ның мұнай құбыры
жүйесін басқаратын
негізгі орталық көр-
сетілді. Телекөпір-
ге қатысушылар
қазақстандық
мұнайды бортында
«Қазақтеңізкөлікфло-
ты» деген жазуы бар
сыйымдылығы 115 мың
тоннаны құрайтын
танкерлерге тиеліп
жатқанын өз көздерімен
көрді. Мұнай жағадан 5,5
шақырым алшақ жерде
арнайы құрылғы арқылы
тиеледі. Дәл осы жерден
қазақстандық мұнай
әлемдік нарыққа жол
тартады.
Арнайы дайындалған
бейнесюжетте мұнай-
дың Каспийдегі Болашақ
зауытынан КҚК-ға тиесілі
Теңіз – Новороссийск
мұнай магистраліне дейін
одан әрі Консорциумның
Қара теңіздегі термина-
лына дейінгі тасымалдау
бағдары айқын көрсетілді.
Қазақстандық сарапшы-
лар КҚК ұзындығы 1,5
мың шақырым болатын магистралды құбыр салу және
пайдалануға беру үшін Қазақстан мен Ресей және же-
текші әлемдік мұнай өндіруші компаниялар қатысқан
аса ірі халықаралық мұнай тасымалдаушы жоба деп
атап өтті.
МЕРЕЙТОЙҒА СЫЙЛЫҚ
Қашағаннан коммерциялық мұнай өндірудің баста-
луына арналған телекөпірдің Қазақстанда кеңінен
аталып өтіп жатқан Республика Тәуелсіздігінің 25
жылдығы қарсаңында өткізілуінің өзіндік мәні бар.
Телекөпір алаңында Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасы-
ның мықты іргетасы саналатын, белсенді дамып келе
жатқан мұнай-газ саласының барлық жұмысшылары-
на өз ақыл-кеңесін айтты.
КҚК Бас директоры Николай Горбань Қашағанның
іске қосылуына байланысты өткен телекөпірге
Атырауда телекөпір өтті. Естелік сурет
...Қазақстанның мұнайлы астанасы – Атырау қаласында
«Болашақ» зауыты
Телекөпірге қатысқан «Атырау» мұнай
айдау станциясының қызметкерлері
Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев
Желтоқсан айында Атырау
қаласында КҚКның қаты-
суымен өткен шаралар БАҚ
-та көпшіліктің зор қы-
зығушылығын тудырды