Жа а жылмен!



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата24.03.2017
өлшемі7,32 Mb.
#10306
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Аққыстаудағы қоныстой

БҰЛ СӘТТІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНЫ АҚҚЫСТАУ 

АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨПТЕН КҮТКЕН ЕДІ. КҚК ОСЫ  

АУЫЛҒА  160 ОРЫНДЫҚ «НҰРШУАҚ» БАЛАБАҚШАСЫН СЫЙҒА 

ТАРТҚАНДА ТҰРҒЫНДАРЫН КЕУДЕСІН ҚУАНЫШ КЕРНЕП, 

БҰЛ КҮН, НАҒЫЗ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ.



Балалардың шығармашылық көрмесі

Ең дәмдісі – балаларға!..

Мерекенің басты кейіпкерлері

Әнұранды балалармен бірге шырқаған ерекше әсерлі

www.cpc.ru

39

www.cpc.ru



38

Панорама КҚК 

желтоқсан 2016



Панорама КҚК 

желтоқсан 2016

КҚК-НЫҢ АРҚАСЫНДА

КҚК-НЫҢ АРҚАСЫНДА

жөндеу жұмыстарын жүргізуден 

бөлек оларға заманауи жабдықтарды 

да қоса тарту етеді. Мысалы мектеп 

сыныптары мен аудиторияларының 

жылы әрі жарық болуын қадағалап 

қана қоймай, оқушылар мен сту-

денттердің жан-жақты дамып, спорт-

пен шұғылдануына да толық жағдай 

жасайды. Жергілікті елді мекендерде 

ауыз су мәселесін шешуге көңіл 

бөліп, қариялар қыдырып, серуен-

дейтін жерлерді ұйымдастыруды 

назарларынан тыс қалдырмайды. 

Жаңадан салынған балабақша, 

жөндеуден өткен мектеп немесе 

университеттік спорт алаңының 

ашылу салтанаты болсын, жедел 

жәрдем қызметіне жаңа көліктер 

мен облыстық ауруханаға жаңа 

жабдықтардың табысталуы немесе 

балалар үйінің бүлдіршіндеріне сый-

лықтар үлестіру, мүмкіндігі шектеулі 

жандарға сертификат таратқан сәті 

болсын, салтанатты рәсім өте салы-

сымен шараға қатысқан компания 

өкілдерінен қалай өткенін тағатсы-

здана сұрап жатамыз. Фотосуреттер-

ге қуана көз салып, жерлестеріміздің 

жүзіне осындай шаттық сыйлайтын, 

өз сертінен айнымайтын, сөзден 

гөрі іске мығым компанияда қызмет 

ететінімізді мақтан тұтып , біздің 

де осындай мерейлі мерекеге үлес 

қосқанымызды ойлап марқайып 

қаламыз. 

Бәрінен бұрын әсіресе балабақ-

шадағы бүлдіршіндер мен мек-

тептегі жеткіншектердің өздеріне 

осындай мереке сыйлаған мей-

мандарды қарсы алуға жанын 

беріп дайындалғандарын көргенде 

ет-жүрегіңіз елжірейді. Концерттік 

бағдарламаларын қызу талқылап, 

жүргізушілерін таңдап, енді бірі 

әні мен өлеңін қайталап, қызу 

дайындалып жатады. Ересектер 

мекеме басшылығы, ата-аналар 

қоғамы өз алғыстарын сөзбен 

жеткізсе, қадірлі ақсақалды ата мен 

ақжаулықты әжелер ақ батасын 

беретіні түсінікті. Ал балалардың 

кең де жарық бөлмелерде бір-бірін 

қуалап ойнап, су жаңа парталар 

мен тақталарды таңырқай сипап, 

бір-біріне жымыңдап, мәре-сәре, 

мәз-мәйрам болғанынан-ақ бәрі 

түсінікті. Олардың тап-таза жүрек-

тері мен жүздері қуанышқа толып 

тұрады. Біздің компания сыйлаған 

қуанышқа!

Кейін бұл қуанышты хабар ту-

ралы жергілікті газетке шыққан 

мақаланы оқып, телеарналардағы 

жаңалықтардан көреміз. Ал кеш-

кісін үйге келіп туыс бауырымның 

кішкентай қызының батутта арман-

сыз секіргенін сүйсіне баяндаған 

әңгімесін әсерлене тыңдаймын. 

Анда-санда бауырым жұмыспен 

ауылдан қалаға келе қалғанда 

арнайы жабдықталған ойын алаңы-

на қызын ойнату үшін ала келетіні 

бар. Өйткені олардың ауылдарын-

да әзірге мұндай орындар жоқ. Ал 

біздің балапанымыз үшін батутта 

секірудің өзі – үлкен бақыт. Құдайға 

шүкір, жылдан жылға жағдай 

түзеліп келеді. Бұған КҚК-Қ-ның 

да сүбелі үлесі бар. Ал мен бір күні 

кішкентай сіңілім Еркеназдың да 

өз армандарына қол жеткізетініне, 

сапалы да лайықты білім алаты-

нына, өйткені ол мектепті КҚК-Қ 

компаниясы өз қанатының астына 

алып, қамқорлығын аямайтынына 

сенемін. Тіпті нақты оған болмаса 

да, келешекте қазақ елінің даңқын 

шығарар мыңдаған ұл-қыздардың 

болашағына біздің компания жол 

ашатынына бек сенемін. Жасасын 

біздің көпұлтты Консорциум!  

Көркейе бер, КҚК! 



Жарқын Кенжебаева,

аудармашы, Атырау кеңсесі

«КҚК-Қ» АҚ қызметінің маңызды аспектлерінің бірі – құбыр желісін жүргізу 

арқылы аудандардың әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына белсенді 

қатысуы. 2010-2015 жылдары «КҚК-Қ» АҚ қайырымдылық бағдарламасын жү-

зеге асыруға, соның ішінде ауылдарға көмек беру, білім беру және денсаулық 

сақтау салаларына демеушілік жасау, аз қамтылған отбасыларға жәрдем беру 

секілді бағыттағы жұмыстарға негізгі өндірістен 

1787 миллион теңге бөлінген. 

2016 жылғы әлеуметтік бағдарламаға көптеген жаңа нысандардың құрылысы 

кіреді. Олар - Исатай , Құрманғазы мен Жылыой аудандарында демалыс сая-

бақтарын салу, Атырау мұнай-газ университетіне спорттық алаң салу,  

Махамбет ауданына 5-ші кезеңі бойынша жазғы су жүргізу жұмыстары, Индер 

ауданына мектеп ғимаратын, дамуында ерекшеліктері бар балалар оқитын 

мектепке кір жуатын орын мен монша салу, №17 мектеп пен №8 балабақшаға 

күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ №16 орта мектепке компью-

терлік техника мен кардиологиялық орталыққа медициналық жабдықтар са-

тып алу, облыстық инфекциялық аурухананы жалпы хирургияға қажетті бей-

неэндоскопиялық кешенмен жабдықтау, облыстық гуманитарлық колледждің 

асханасына жөндеу жүргізіп, жиһаз сатып алу, «Мөлдір» балабақшасы мен 

Атыраудағы № 6 балабақшаның аумағын абаттандыру, №31 балабақша мен 

Атырау қаласы Балықшы ауылындағы музыкалық мектеп құрылысының жоба-

лық-сметалық құжаттарын дайындау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 

түрлі бағдарламалар әзірлеу жұмыстары. Осы мақсаттарға 



736,82 миллион 

теңге жұмсалды.

2011-2015 жылдар аралығында Кеңейту жобасы аясында әлеуметтік салаға 

салынған қаржы 

2692,8 миллион теңгені құрады. Атырау қаласы мен ауданда-

рында 8 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Атырау қаласы Бірлік 

ауылында 160 орындық балабақша және Құлсары қаласы Жылыой ауданында 

200 орындық балабақша салынып, пайдалануға берілді, Махамбет ауданы 

Ақжайық ауылында спорттық алаң салынды, Жедел жәрдем қызметіне «Toyota 

Hiace» маркалы 4 автокөлік тарту етілді, облыстық перзентхана перинаталды 

орталық қалпына келтірілді. 

Биыл, яғни 2016 жылы Кеңейту жобасының қайырымдылық бағдарламасы 

бойынша Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылында 200 орындық балабақша 

құрылысы басталды. Таяуда ғана қатарға тағы бір су жаңа мектепке дейінгі 

мекеме қосылды, А-МАС-3А орналасқан Исатай ауданында осы жылдың 8-қа-

рашасында жергілікті тұрғындар көптен күткен қуаныш - жаңа балабақшаның 

ашылу рәсімі болды.

Бүгін де, міне, қоғаммен байланыс 

бөлімінің жетекші маманы Любовь 

Михайловна Евстифеевадан тағы 

бір осы мәтіндегі құжатты аударуға 

ұсыныс түсіпті. Ашсам, кезекті бір 

мектепке дейінгі мекемеге көмек 

көрсету туралы жазылған екен. Бұл 

жолы – №54 балабақша. Осы секіл-

ді «КҚК-Қ» АҚ көмек қолын созып, 

демеушілік жасаған балабақша, 

мектеп, емханалар Атырау облысы 

мен облысың аудандарында аз емес. 

Бұл тұрақты дамып келе жатқан 

компанияның шығындарының бір 

бөлігі, бизнестің әлеуметтік жауап-

кершілігінің бір көрінісі, сондай-ақ, 

үлкен ауқымдағы қайырымдылық 

іс. Осындай ірі игі іс егеменді Қа-

зақстанның ертеңгі буын өкілдерін 

тәрбиелеуге бағытталып отырғаны 

көңіл қуантарлық емес пе?!

Осы жылдың, яғни 2016 жылдың 

соңында еліміздің тарихындағы ме-

рейлі сәт – Қазақстан Тәуелсіздігінің 

25 жылдығын салтанатты түрде атап 

өтеміз. Осынау тәуелсіздік жылдары 

Қазақстанда әр түрлі салада толағай 

табысқа жеткен көптеген өзгеріс-

тер, ілгері басушылықтар болды. 

Еліміздің дамуының тағы бір көрсет-

кіші деп, бүгінде қалыпты жағдайға 

айналған – Қазақстан жастарының 

дамыған елдермен студент алмасу 

бағдарламасы бойынша әлемді ер-

кін аралап, шетелдік беделді жоғары 

оқу орындарына түсіп, білім алуын 

атап айтар едім. Талапты, арманы 

мен мақсатына адал түлектер ірі ха-

лықаралық компаниялардан жақсы 

жұмыс табуға мүмкіндік алып қана 

қоймай, ата-анасының үмітін ақтап, 

туған еліне пайдасын тигізеді. Мұ-

ның бәрі жастардың тәрбиесі мен 

білім алуына қажетті деңгейде көңіл 

бөлінуіне байланысты болып отыр.

Қазақстан Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

әрдайым мемлекеттік саясаттың 

басым бағыттарының бірі ретін-

де білімнің маңыздылығын атап 

айтады. Қазақстан халқына кезекті 

Жолдауларының бірінде ол «Білімін 

дамытпаған, жетілдіре алмаған ел 

XXI ғасырда сәтсіздікке ұшырайды» 

деген болатын. Жастардың сапа-

лы білім алып, болашақта әлемнің 

білім кеңістігіне еркін ене алуы мек-

тептердің жаңа заман талаптарына 

лайықты материалды-техникалық 

базасының болуына да тығыз байла-

нысты. Бұл - ұзақ мерзімді жоспар-

лы жұмыс қазірдің өзінде жемісін 

бере бастады. Алайда еліміздің 

ұланғайыр аумағында толғағы 

тоқсан түйткілдер, кезек күттірмес 

көптеген әлеуметтік мәселелер 

жетерлік, сондықтан барлығына 

бірдей қаржы мен уақыт жетпей 

жататыны жасырын емес. 

Осындай сәттерде жерлестеріме 

біздің Компания көмек қолын созуға 

дайын. Ол әр түрлі білім беру мен 

денсаулық сақтау нысандарын са-

луға, жаңартуға, қалпына келтіруге, 

жөндеу жұмыстарын жүргізуге қа-

жетті қаражатты бөліп келеді. Ком-

пания басшылығы мен облыстық 

әкімдік арасында КҚК-Қ-ның үлкен 

әлеуметтік бағдарламасына сәйкес 

ынтымақтастық туралы келісім жа-

салған. Айта кететін тағы бір жайт 

– компания мектептерге күрделі 

Біздің компания – игі істер 

бойынша көшбасшы

ОСЫҒАН ДЕЙІН ҚЫЗМЕТІМЕ САЙ КӨПТЕГЕН КЕЛІСІМ ШАРТТАРДЫ АУДАРУМЕН 

АЙНАЛЫСЫП КЕЛЕМІН, СОНЫҢ ІШІНДЕ ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАУ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК 

БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІССӨЗДЕР ДЕ БАР.



КҚК-ның  студенттерге тарту 

еткен спорттық алаңы

Жарқын сіңілісі Еркеназбен бірге  

КҚК қызметкерлерін Жаңа жылмен 

құттықтайды

Панорама КҚК 

желтоқсан 2016



Панорама КҚК 

желтоқсан 2016

www.cpc.ru

ДӘСТҮР


41

www.cpc.ru

ДӘСТҮР

40

Жолдыбаев Бағытжанға, Жө-



кебаев Бақытжанға, Хамитова 

Бақытгүлге, сондай-ақ қызмет-

керлеріміздің әкелері – Бойжанов 

Нұрқайрат Бағытұлына, Сапаро-

ва Салтанат Бағытжанқызына, 

Өміров Ербол Бағытқалиұлына, 

Мұқашев Самат Бағытұлына 

бақыт тілеп, ырым еткен болу 

керек. Туынды есімдерге дәстүрлі 

- бай, -бек, -ғали/қали, -жан жұр-

нақтары жалғанып отырған. 

ЕСІМДЕРДЕГІ МӘҢГІЛІК 

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Ерлер есімдері тізімінде ең көп 

кездесетін қос бірдей адам аты – 

Қуаныш пен Аман. Аманның Есен 

деген сыңары да бар. Бұл есім-

дердің алғашқысы – қуану, шатта-

ну, мәз болу мағынасында кездессе, 

Аман мен Есен -деннің саулығы, бас 

амандығы ұғымын білдіреді. Олар 

да туынды есімдер болып кездесе 

береді. Осынау қуаныш пен аман-

дық тілейтін есімдердің иесі біздің 

қызметкерліміздің арасында да бар. 

Олар – Шақонов Қуаныш, Исқалиев 

Қуанышқали, Сағынбаев Аманғали, 

Салихов Аманжол, Күлшетов Есен. 

Аталған бір түбірлі есімдер әріптес-

теріміздің әкелерінің аттары мен 

тектерінде де баршылық. Мысалы, 

Есеналиев Әлібек, Кенжебаева 

Жарқын Есенқызы. 

Тағы бір жиі кездесетін нұсқа – 

Мұхаммед Пайғамбар есімімен 

байланысты шыққан адам атта-

ры. Фонетикалық дыбысталуы 

жағынан Мұхамбет боп та келетіні 

бар. Ал біздің қызметкерлеріміздің 

әкелерінің аттары мен тектерінде 

Махамбет, Мұхамедия, Мұхамбет-

жан, Досмұхамбет, Ізмұхамбет, 

Нармағанбет, Нұрмұхамбет, бұған 

қоса қысқартылған нұсқада Мұхан, 

Мұқан, одан шыққан Нұрмұқан, 

Қалмұқан деп қолданылған. 



ӘР КҮНДЕ БІР ОЛЖА БАР

Астарында аптаның күндерінің 

атаулары жатқан есімдер қатары 

да қызығушылық тудырмай қой-

майды. Қазақша апта күндерінің 

атаулары дүйсенбі, сейсенбі, 

сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, 

жексенбі боп өрбиді. Өз кезегінде 

бұл парсының дошенбе, сешенбе, 

чахаршенбе, пяндженбе, джума, 

шенбе, йекшенбе сөздерімен 

түбірлес. Апта күндерінің қай 

күні туылғанына қарай, соған сай 

баласына есім қою дәстүрі қазақ-

тарда да бар. Мысалы, дүйсенбі 

күні дүниеге келген нәрестеге 

Дүйсенбай, Дүйсенбек, Дүйсенға-

ли және т.б. деп ат қойылуы әбден 

мүмкін. Әсіресе аптаның сәрсенбі 

мен жұма күндеріне қазақ халқы 

ерекше мән береді. Мәселен, 

сәрсенбі күні басталған іс сәтті, 

табысты аяқталады деген сенім 

бар. «Сәрсенбі сәтімен» , «Сәрсенбі 

– сәтті күн» деген тіркестер осыдан 

шықса керек. Осы күні шыр етіп 

дүниеге келген сәбидің де жолы 

сәттілікке толы болсын деп Сәр-

сен, Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәр-

сенғали, Сәрсенқұл деп ырымдап 

қойып жатады. Ал жұма – қасиетті, 

һәм қадірлі күн. Бұл күні мешітке 

жұма намазға барып, үйде өмір-

ден өткен туған-туысқа құран 

бағыштап, жеті шелпек пісіріп, 

иіс шығарады. Есімі осы күнмен 

байланысты Жұмабай, Жұмабек, 

Жұмағұл, Жұмажан, Жұматай, 

Байжұма секілді адам аттары да 

аз кездеспейді. Апта күндеріне 

орай қойылған көптеген есімдер 

Нәзіктік пен сұлулықты, әдемілікті 

бейнелейтін қыз баланың есімдері 

жайында біз оқырмандарымыз-

ға бұрындары айтқанбыз («КҚК 

айшықтары», 2014 жылдың сәуір 

айындағы шығарылымы). Ал ұл ба-

ланың есімдерін көбіне ер азаматқа 

тән - адалдық, батылдық, әділдік, 

қайсарлық, сымбаттылық ұғымда-

рымен байланыстырып қояды. Бұл 

халық санасында пұтқа табыну мен 

тотемизмнен қалған көріністер 

деуге болады. 



БАТЫРЛЫҚ ПЕН КҮШ-ҚУАТ

Мәселен, қазіргі таңда интерна-

ционалды есімге айналып кеткен 

Руслан есімі ежелгі түркілердің 

Арслан сөзінен шыққанын, яғни 

ержүрек, батыр, зор күш иесі 

дегенді білдіретінін біреу білсе, 

біреу білмес. Бұл есім шын мәнін-

де әу баста бір ғана «Арслан» 

(арыстан-аң) ұғымынан алынған. 

Арслан есімі барлық түркі тілдес 

халықтарда, түрлі нұсқада көп 

кездеседі. Қазақтар арасында бұл 

Арыстан, Аслан, сонымен қатар 

Арыстанбек, Асланбек, Арыс, 

Бекарыс, Жанарыс деген туынды 

есімдер болып та таралған. Біздің 

әріптестерміз Әжіғалиев Аслан, 

Беріков Аслан, Бертілеу Аслан, 

Нұрмұханов Руслан мен Сұлтанов 

Русланның ата-аналары өз ұлдары-

на Аслан және Руслан деп ат қою 

арқылы перзенттеріне аң патшасы 

арыстанның батырлығын, айбат-

тылығын, күштілігін тілесе керек. 

Қазақ есімдер жинағында арыстан 

ұғымымен байланысты бұдан 

басқа да, мысалы, Хайдар (араб 

тілінде һайдар – арыстан), Әлішер 

(араб тілінде әли – ұлы, парсы 

тілінде шер – арыстан) деген адам 

аттары бар.



ЕСІМДЕР МАҒЫНАСЫ – 

БАҚЫТ «КІЛТІ»

Қазақ халқында есімдер өте көп. 

Олар шығу тегіне, мағынасы мен 

құрылымына қарай сан алуан. Ер 

азаматтардың есімдері адамның 

әкесінің есімінде, тегінде де қолда-

нылатындықтан оның алуандығы 

арта түседі. Сондықтан да мақалаға 

қажетті есімдерді таңдап алудың өзі 

қиынға соқты.

Ол үшін біздің ұжымымызда жиі 

кездесетін ер азаматтар есіміне 

(әкесінің аты мен тегіне де назар 

аудардым) талдау жасадым. Нәти-

жесінде ең көп кездескен атау 

– Бақыт (парсы тілінде бахт – 

бақыт) болды. Қызығы сол, бұл 

есім ерлерге де, әйелдерге де 

беріледі. Одан бөлек адам есімінің 

түбірі ретінде (Бақытбек, Бақты-

бай, Бақытжан) қолданылады. 

Оның тағы бір ерекшелігі – жа-

зылу мен айтылуында. (Бақыт/

Бағыт, Бақытжан / Бағытжан, 

Бақтығали / Бағытқали). Осы аяу-

лы есімді негізінде ата-аналары 

Қаракөзов Бағытжанға, Ерғалиев 

Бақытбекке, Айтжанов Бақты-

байға, Айсағалиев Бағытқалиға, 

Ерекше есімдерді ести жүрейік

ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАҒА АТ ҚОЮ РӘСІМІ  - ЕРЕКШЕ ДӘСТҮР. ӘР ЕСІМНІҢ ӨЗІНЕ ТӘН 

МАҒЫНАСЫ БОЛАДЫ ДЕСЕК, ОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ СӘБИГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ТІЛЕУ ЖАТАДЫ. АЛ 

БАБАЛАРЫМЫЗ ӘУ БАСТАН АДАМНЫҢ ЕСІМІНДЕ БІЗ БІЛЕ БЕРМЕЙТІН ТЫЛСЫМ КҮШ 

БОЛАДЫ ДЕГЕН СЕНІМДЕ БОЛҒАН.

Андир Мұхамбетжанов, көлік 

қызметінің жетекшісі

Есен Кұлшетов – қауіпсіздік 

жөніндегі инженер

Қуаныш Шақонов – «Теңіз» МАС 

басшысының орынбасары

Сәрсембай Мұрынов – Шығыс 

аймағының менеджері

Жұмабай Тағаниязов – логистика 

бөлімінің қосалқы қызметкері

Руслан Сұлтанов – экономист

Аслан Беріков – «Атырау» МАС-ның 

операторы

Бақытжан Жөкебаев – аудармашы

Әлібек Есеналиев – «Теңіз» МАС-ның 

басшысы


Наталья мен Тагир Алтунбаевтар 

Рим қаласындағы Наяд субұрқағының 

жанында.

www.cpc.ru

ӨМІР САЛТЫ

43

ДӘСТҮР



Панорама КҚК 

желтоқсан 2016

www.cpc.ru

42

Панорама КҚК 

желтоқсан 2016

орысша жазылған нұсқаларында 

көп өзгеріске ұшыраған жағдайлар 

бар. Олар Дюсенгали, Сисенбай, 

Бисенгали, Джумагул деп кете 

береді.


КҚК-Қ қызметкерлерінің қатарын-

да Сисенбай Кенжиев, Сәрсенбай 

Мұрынов, Сәрсенқұл Шерниязов, 

Жұмабай Исмадияров, Жұмабай 

Тағаниязов есімді азаматтар бар. 

Кей әріптестеріміздің әкелерінің 

есімдерінен де апта күндерінің ата-

уларын табу аса қиын емес. Олар 

Бағдагүл Бисеғазықызы Джұбаева, 

Нұржан Байжұмаұлы Джалғасбаев, 

Джұмабаев Жандос, Жұмағали-

ев Есет, Жұмин Сұлтан, Ищанов 

Мұрат Бисенғалиұлы, Сәрсенбаев 

Ғалымжан, Сәрсенғалиев Саламат 

Сәрсенғалиұлы, Сәрсенова Әсел, 

Мұқан Ләззат Жұмабайқызы, Сәр-

сенғалиева Нелли.

ЖЕТІ АТАСЫН ЖАТҚА БІЛЕР 

Қазақтардағы ат қою дәстүрінің 

басқа халықтардан бөлектігінің 

тағы бір көрінісі – бізде бір есім 

әулет ішінде қайталанбайды, ұр-

пақтан ұрпаққа ауыспайды, мұра 

боп жалғаспайды. Есесіне қазақтар 

өз жеті атасы туралы шежірені жақ-

сы меңгереді. Жеті атасын біле тұра 

бұрындары қазақтар тегін сұраған-

да екі сөзден тұратын, яғни өз есімі 

мен әкесінің атын қоса айтатын. 

Мысалы, Мұстафа Шорманұлы.

Революциядан кейінгі құжат алу 

кезеңінде орысша үлгі бойынша 

үш бірдей адам аты қатар қолданы-

латын болды. Бұл – атасының аты, 

әкесінің аты және өз есімі. Бұл үрдіс 

біразға дейін қолданыста болды. 

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан 

кейін қазақтар аты-жөндерін өз 

қалауларынша жазғыза бастады. 

Бүгінгі қазақтардың фамилиялары 

(тектері) формасы бойынша сан 

түрлі. Бұрын көп таралған орыстың 

- ов, -ев(а), -ович, -евич, -овна, -евна 

жалғауларының орнын қазақша 

-ұлы, -қызы жалғаулары басты. 

Ал тектерінде еш жалғаусыз не 

әкесінің, не атасының есімі жазыла-

тын болды.

Қазақтар орыстар секілді бала-

ларына ата-аналарының есімін 

қоймайды. Сондықтан, мәселен, 

Мұқаш Ахметұлы Ахметов деген 

адам кездестірсеңіз, оның әкесі 

мен атасы аттас адамдар емес 

екенін бірден аңғаруға болады. Бұл 

әкесінің аты ғана. Ал қазіргі заң-

дылық бойынша адам Ахмет неме-

се Ахметұлы дегеннің бірін таңдауы 

керек. Осы орайда статистика 

бойынша Қазақстанда Ахметов 

ең көп кездесетін адам тегі екен. 

Ал Атырау облысының аумағында 

Жұмағалиев тегі көп таралғандығы 

жағынан бірінші орынды бермей 

тұр. 


Маржан Диарова,

аға аудармашы,

 Атырау кеңсесі.

– Біздің Консорциумда да мықты 

жабдықтар бар. Мысалы, МАС-4 пен 

МАС-7-ның қуаттылығы 32 МВт-

дан асатын сорғылы агрегаттарын 

айтсақ болады. Мұндай қуаттылық 

Кропоткин сияқты халқы бар қала-

ны электр жарығымен қамтамасыз 

етуге жетіп жатыр, – дейді ол. – 

Кеңейту жобасын жүзеге асыруға 

байланысты КҚК нысандарындағы 

жабдықтар заманға лайық мықты 

әрі сенімдірек бола түсті. Станци-

ялар арасына электр тасымалдау 

үшін кабельді желі жүргізілді. Екпін 

түсірмей-ақ іске қосу құрылғысы 

еңгізілді. 

Тагир Алтунбаев КҚК-ның батыс 

өңіріндегі нысандарды электрмен 

жабдықтауға жауап береді. Оның 

жұмысы іссапарларға толы. Жаңа 

станцияларда жабдықтарды іске 

қосу жұмыстарын жүргізу кезеңін-

де оның көбірек жол жүруіне тура 

келеді. Мұндай іссапарларға, ұзақ 

жолдарға Тагирдің еті үйреніп 

кеткен. Оған қоса ол саяхаттағанды 

ұнатады. 

Бір қызығы, КҚК-на келгенге дейін 

Тагир Алтунбаев мүлде шетелде 

болып көрмеген екен. Консорци-

умдағы қызметі кезінде оған қызмет 

бабымен алғаш рет – Ұлыбритани-

яға бару бұйырыпты. Содан бері 

Тагир Еуропа елдерінің біразына 

қыдырып барған, олардың бай мәде-

ниетімен, тарихымен танысты. Тіпті 

әйелін де қызықтырып, саяхатқа 

ертетін болды. 

– Германияда болдық. Бізге әсіресе 

Италия қатты ұнады. Рим, Ассиз бен 

Помпей және басқа да қалаларына 

жол түсті. Италияда қалада электр 

пойызымен саяхаттаған өте ыңғай-

лы екен. Ал Испанияда жалдамалы 

көлікпен қыдыру қызығырақ. Ис-

панияның оңтүстігінен Мароккаға 

жол тарттық. Гибралттар аралына 

соғуды да ұмытпадық, – деп еске 

алады Тагир.

Саяхаттаумен бірге Тагирдың тағы 

бір сүйікті ісі бар. Ол – қуыршақтар 

жинау. Бірнеше жыл бұрын Алма-

тыда өткен мұнай-газ көрмесіне 

ол Консорциум атынан қатысты. 

Осы жақтан КҚК-ның Краснодар 

кеңсесіндегі әріптестеріне қазақтың 

ұлттық киімін киген бірнеше қуыр-

шағын сыйға ала барды. Сыйлығы 

бәрінің көңілінен шыққан. Сөйтіп 

кейін Тагирдің өзі де осындай ұлт-

тық киімді қуыршақтарды жинау-

мен әуестеніп кетті. 

– Кейде әріптестерім, достарым ше-

телде болған сапарларында менің 

топтамама арнайы қуыршақтар ала 

келеді. Менің оларға деген алғы-

сым шексіз. Мұндай сыйлықтар 

келген елге міндетті түрде саяхат-

тауым керек деп ойлаймын. Өйт-

кені әр қуыршағымның қайталан-

бас тарихы туралы білу мен үшін 

қызық!, - деп әңгімесін аяқтады 

Тагир Алтунбаев. 



Павел Кретов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет