«ЖАҢа адамзат» жобасы дағдарыс біздің игілігіміз үшін


Ішкі мән – алғашқы материал



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата12.03.2017
өлшемі314,31 Kb.
#9268
1   2   3   4   5

Ішкі мән – алғашқы материал.

Алғашқы материал әрбір нысанның ішкі мәнін білдіреді. Өз пішіні бойынша 

құбылмалы,   ол   үнемі   сол   бір   қалпында   қала   береді.   Мысалы,   бидай   жерде 

шіриді және оның сыртқы пішіні өзгереді, бірақ осымен қатар оның ішкі мәнінен 

жаңа   өскін   пайда   болады.   Алғашқы   фактор   –   біздің   мән,   біздің   негіз,   біздің 

генетикалық код ішімізде басынан бастап салынған және оған әсер ету біздің 

қолымыздан келмейді.

Өзгеріске берілмейтін қасиеттер.

Мәнді   басқаратын   заңдар  мәңгі,   өзгеріссіз   және   мызғымас,   олардан 

өзгеріске   ұшырамайтын   нысанның   қасиеттері   туындайды.   Мысалы,   бидай 

дәнінен, бидайдан басқа ешқандай  өзге дән ешқашан өспейді. Ол тек сол бір 

жоғалтқан   пішінін   тудырады.   Осы   тектес   заңдар   және   олардан   туындайтын 

қасиеттер табиғатпен алғашында салынады. Әрбір дәнге, әрбір жануарға және 

әрбір   адамға   оның   мәнін   басқаратын   заңдар   кіреді.   Біздің   құрамдас 

элементтеріміздің   екіншісі   осындай   және   оған   біз   сондай   –   ақ   әсер   ете 

алмаймыз.

Ортаның әсер етуі ақылы өзгеріске ұшырайтын қасиеттер.

Дәннің   сұрыбы   өзгермейді,   бірақ   оның   сыртқы   пішіні   қоршаған   ортаға 

байланысты    түрленеді.   Сыртқы   факторлардың   әсерімен   мәннің   қабығы 

берілген заңдарға сәйкес өзгереді және сапалы өзгерістерге төзеді. Қоршаған 

ортаның әсері мәнге жаңа сапа беріп, қосымша факторлар қосылады. Дән үшін 

мұндай  факторлар күн, топырақ, тыңайтқыш,  ылғалдық, тұнба мөлшері және 

тағы басқалары бола алады. Олар өсу мәселелерін, сондай – ақ өскіндердің 

саны   мен   сапасын   қамтамасыз   етеді.   Адамға   келетін   болсақ,   оның   сыртқы 

ортасы   ата   –   анадан,   тәрбиешілерден,   мұғалімдерден,   достардан, 

ұжымдастардан,   оның   оқитын   кітаптарынан,   БАҚ   –   нан   алынатын 

материалдардан   және   сол   сияқтылардан   тұрады.   Сөйтіп,   үшінші   фактор   – 

заңдар, оларға сәйкес орта адамға, өзгеріске ұшырайтын қасиеттерін өзгертіп, 

әсер етеді.

Қоршаған ортаның өзгеруі.

Дәннің   өсуіне   әсер   ететін   орта   өзі   сыртқы   факторлардың   әсеріне 

ұшырайды.   Бұл   факторлар   ең   түбегейлі   түрде   түрленуі   мүмкін:   мысалы, 

қуаңшылық немесе су басу барлық бидай егістіктерін жойып жіберуге қабілетті. 

Адам үшін төртінші фактор өзгеріске ұшырайтын қасиеттерге әсер ету пішінін 

өзгертетін, қоршаған ортаның ішіндегі өзгерістер болып табылады. 



Осы төрт фактор қандай да нысанның жалпы жағдайын туғызады. Олар 

біздің мінезімізді, ой салтын, біз келетін қорытындыларды, тіпті біздің тілектер 

мен әрекеттерді анықтайды:

адам   өз   тамырын,   өзінің   генетикалық   кодын,   яғни,   өз   мәнін   өзгерте 

алмайды;

адам оның мәнін басқаратын заңдарды өзгерте алмайды;

адам   сыртқы   факторлар   арқылы   оның   дамуына   әсер   ететін   заңдарды 

өзгерте алмайды;

адам өзі өмір сүретін және тәуелді ортасын басқасына, өмірінің мақсатын 

жүзеге асыруға жылжу үшін неғұрлым ыңғайлысына айырбастауы мүмкін.

Басқа сөзбен айтқанда, біз өзімізге тікелей әсер етуге қабілетті емеспіз, 

өйткені   өзіміздің   мәнімізді   және   оны   басқаратын   заңдарды   анықтамаймыз. 

Ортаның бізге әсер ететін заңдарын біз сондай – ақ өзгерте алмаймыз. Бірақ 

біз, сонда да өзіміздің өміріміз бен тағдырымызға, қоршаған ортаны жақсарту 

арқылы, әсер ете аламыз. Жалғыз еркін таңдау – бұл дұрыс ортаны таңдау. 

Егер   біз   сыртқы   шарттардың   өзгерісін   тудырсақ   және   өзіміздің   ортамызды 

жақсартсақ,   онда   ортаның   біздің   өзгеріске   ұшырайтын   қасиеттерімізге   әсерін 

түзей   аламыз.   Осы   арқылы,   біз   қазірдің   өзінде   болашағымызды   анықтай 

аламыз.

Табиғаттың   қалған   деңгейлеріне   қарағанда   адам   ортаны   ол   оның 



тілектерін,  ойларын және  әрекеттерін  дұрыс  анықтайтындай  есеппен саналы 

таңдау мүмкіндігіне   ие.  Сондықтан  да   даму  процесі  жеке  адамның  қоршаған 

ортамен өзара қарым – қатынасына негізделеді. Егер біздің айналамыз даму 

үшін   ыңғайлы   жағдайды   жасайтын   болса,   онда   оның   көмегімен   біз  тамаша 

нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

7 Тарау

Еркін таңдауды іске асыру

Адамды   қалыптастыратын   төрт   фактор   туралы   айтылғанның   барлығын 

тиянақтап, біз өзімізді басқаратын көздерді көреміз. Олар барлығы екеу ғана: 

туа   біткен   қасиеттер   және   иемделінген,   яғни,   айналамыздан   қабылданған 

қасиеттер.

Ең   қызығы,   дәстүрлі   ғылым   да   ұқсас   қорытындыларға   келді.   90   –   шы 

жылдары   зерттеулердің   жаңа   облысы   –   мінез   –   құлық   генетикасы   белгілене 


бастады. Бұл тәртіп гендер және адамдардың жеке когнитивті мінез – құлықтық 

сапаларының   арасындағы   байланысты   іздейді:   ашудан,   соқыр   тәуекелден, 

ұялшақтықтан немесе зорлаудан жыныстық құштарлыққа дейін. Гендер мінез 

қасиеттерінің шамамен 50% анықтайды, ал қалғандары айналаға байланысты.

Біз   туа   біткен   қасиеттерді,   яғни,   ішкі   мәліметтерді   өзгертуге   қабілетті 

болмағандықтан,   бізге   сыртқы   параметрлерге,   яғни,   өзіміздің   айналамызға 

жүгінгеніміз   дұрыс.   Өміріміздің   мақсатын   жүзеге   асыруға   ұмтыла   отырып, 

жалғыз   істей   алатынымыз,   бұл   бізді   алға   қарай   итермелеп   отыратын   жақсы 

ортаны   таңдау.   Сондықтан,   кім   өз   өмірінде   ең   жақсы   ортаны   таңдауға   күш 

салса, сол одан дұрыс ойлар мен тілектер алады.

Күшін,   өзіне   дұрыс   даму   үшін   қажетті   ортаны   таңдауға   және   құруға 

салатын   адам,   оның   арқасында   өзіндегі   әлеуетті   іске   асыра   алады.   Осы 

қағиданы түсіну және оны өмірге әкелу үшін түйсіктің жоғарғы деңгейі қажет, 

бірақ бүгінгі таңда арамыздағылардың көбісі, шамасы, оған қол жеткізген болар.

Егер біз өзіміздің жақынға деген өзімшіл қатынасымызды альтруисттікке 

ауыстырғымыз келсе, біз жақынға қамқорлық көрсету мен бірігудің барлық өзге 

өзімшіл ойларынан көптеп жоғары тұратын тілегімізді дамытуымыз қажет. Бұл 

тек альтруизм біздің әлеуеттер жүйесінде жоғарғы  шекке жеткенде ғана мүмкін 

болады.

Біз қоғамдық және өзімшіл жандар болып жаратылғанбыз. Адам үшін ең 



маңыздысы   айналасындағылардың   ол   туралы   пікірі.   Шындығында,   біздің 

өміріміздің   мақсаты   қоғамның   құрметі   мен   тануына   ие   болудан   тұрады.   Біз 

қоғамдық   пікірдің   абсолютті   билігіне   бағынамыз   және   соңғы   күшімізді   сый   – 

сияпат, құрмет және даңқ үшін беруге дайынбыз. Міне сондықтан қоғам тіпті ең 

абстрактілі болса да, мінез – құлықтың әр түрлі құндылықтары мен пішіндерін 

өзінің мүшелеріне дағдыландыруы мүмкін.

Қоғам   бізде,   сондай   –   ақ,   өзін   –   өзі   сыйлау   өлшемдерін   де 

қалыптастырады,   міне   сондықтан,   жалғыздықта   қалсақ   та,   біз   қоғамдық 

нормаларға сәйкес әрекет етуді жалғастырамыз. Басқаша айтсақ, егер де біздің 

қандай да бір қылығымыз туралы ешкім білмесе де, біз оны бәрі бір өзімізді – 

өзіміз сыйлау үшін жасаймыз.

Жақынның   игілігіне   қамқорлық   көрсетуге   және   барлығының   біріңғай 

жүйенің   бөліктері   сияқты   бірігуіне   ұмтылған   жаңа   тілекті   қалыптастыруды 

бастау үшін біз осындай ұмтылыстарды қолдап отыратын қоғамда болуымыз 

қажет.   Егер   альтруизм   айналамыздағылардың   көзінде   жоғарғы   құндылық 

болса,   бұл   табиғи   түрде   әрқайсысымызды   альтруисттік   заңдарға   еруге   және 

оларды жеке әлеуеттер жүйесіне қосуға міндеттейді.


Армандағыдай   орта   адамды   келесідегідей   жөнге   салуы   керек:   «Саған 

жақыныңмен,   сен   бір   бөлігі   болып   табылатын   біріңғай   жүйемен,   біз   бәріміз 

табиғатпен тепе – теңдікке келу үшін, жақсы қарым – қатынаста болуың керек». 

Альтруизмге ұмтылу айналадағы қоғамда байқала бастаған кезде, біз де оның 

ішіне   кіреміз.   Егер   барлық   жерде   біз   альтруизмнің   маңыздылығы   туралы 

ескертулермен  және оны сыйлаумен кездессек, біздің жақынымызға қарым – 

қатынасымыз   өзгереді.   Біз   сол   жайлы   көп   ойланамыз   және   біздің   біріңғай 

дененің сау бөліктері болуға деген тілегіміз бірте – бірте өседі.

Біз   өзімізді   тікелей   өзгертуге   қабілетті   емеспіз,   бірақ   айналамызды 

жақсарта   аламыз.   Бұл,     сөзсіз,   біздің   қолымыздан   келеді.   Айналаның   бізге 

деген   әсері   өзгергенде,   біз   өзіміз   де   өзгереміз.   Өйткені   орта   –   бұл   бізді 

неғұрлым жоғарғы сатыға көтеретін тұтқа. Сондықтан да, әркімге қол жетімді 

бірінші   қадам   өмір   сүру   мақсатына   жылжу   үшін   оған  қандай   орта   неғұрлым 

қолайлы екенін ойлаудан және анықтаудан тұрады.

Айтылып кеткендей, ой күші – бұл табиғаттағы ең қуатты күш.  Егер біз 

жақсырақ  ортаға ұмтылатын болсақ, біздің ішкі  тілегіміз уақыт  өте келе бізді 

сәйкес адамдарға, ұйымдарға, нұсқаушыларға және кітаптарға – басқа сөзбен 

айтқанда, біз сауатты дами алатын ортаға әкеледі. Біз жақсы ортаны таңдау 

идеясына   шоғырланып  және  осы  идеяны  өмірге  алып  келу шамасына  қарай 

біздің алдымызда оны жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашыла береді.

Бізді   қоршаған   қоғам   табиғатпен   тепе   –   теңдікке   ұмтылған   адамдардан 

тұрған   кезде,   бізге   үлгі   болатын,   жолда   қолдау   көрсететін   және   нығайтатын 

қарым   –   қатынастарды   құра   аламыз.   адамдар   біз   оларға   махаббатпен 

қарайтынымызды түсінеді және бізге оны қалай істеу керек екендігін үйренуге 

мүмкіндік   береді.   Әрбіреу   басқаларын   табиғат   күші   тәрізді   болуға   оқытады. 

Әрбәреу махаббат құшағында болу қандай жақсы екенін түсінеді. Табиғаттың 

альтруисттік күшіне ұқсастар жауыз күштердің қысымын өз бойында сынамайды 

және сондықтан осындай ортада біз толқудан қорғанысты, сенімділікті, бақытты 

және еркіндікті табамыз. Табиғат барлық адамзатты дәл осындай өмірге алып 

келуге ұмтылады.



Табиғатқа еліктеу

Жақынның   игілігіне   қамқорлық   көрсету,   бір   дененің   мүшелері   сияқты 

онымен   бірігуге   ұмтылу,   сондай   –   ақ,  қоғамның   осындай   бірліктің   маңызын 

түсінуге бағытталған күштер, адамзат табиғаттың махаббат пен өзара беріліс 

қасиеттеріне   толықтай   ұқсас   өмірді   құра   алатын   негіз   салады.     Әрине,   бұл 

жерде   әңгіме   біздің   өзімшілдігіміздің   қасиеттерінің   тереңдегі   ішкі   өзгерістері 

туралы емес, барысында біз табиғатта бар өзара қарым – қатынастарды, өз 


әкесіне   еліктейтін   бала   сияқты,   сырттай   үлгілейтін   процестің   бірінші   кезеңі 

туралы   болып   отыр.   Бала   да   әкесінің  немен  айналысып   жатқанын  өте   анық 

түсінбеседе, оған ұқсағысы келіп, еліктейді, сол сияқты болғысы келеді. Әкесінің 

балғамен жұмыс істеп жатқанын көріп, бала оның әрекеттерін өзінің ойыншық 

балғасымен  қайталайды.   Нәтижесінде,   ұл   бала   тек  қана   әксінің  қимылдарын 

қайталамай, бірте – бірте оның санасын тауып дамиды. Міне бізде табиғаттың 

махаббат   пен   беріліс   қасиеттеріне   еліктеуге   тырысуымыз   керек.   Бұл   еліктеу 

сыртқы әрекеттерді іске асырумен қатар оны өзіңнің ішкі мәніңмен танып қол 

жеткізуге қажетті неғұрлым жоғары сатыға ие болу сияқты. 

Жақыныңның   игілігіне   қамқорлық   көрсету   екі   негізгі   факторлармен 

ынталандырылуы мүмкін:

қоғамның құрметі мен сый – сияпатына лайықты болу тілегімен;

махаббат пен беріліс қасиеттерінің өзіндік рахаттан жоғары тұрғанын дәл 

іштен түсінумен.

Табиғатты   әкесіне   жете   түсінбей   еліктейтін   бала   сияқты   көшіру   –   бұл 

бірінші   ынталандыруды   басшылыққа   алып   жақыныңның   игілігіне   қамқорлық 

көрсетуді   білдіреді.   Мұндай   еліктеу   даму   және   өсу   механизмінің   негізінде 

жатыр, онсыз қозғалу мүмкін емес.

Қоғамның   сый   –   сияпатымен  рахаттану   үшін   біз   алғашында 

жақынымыздың   игілігіне   қамқорлық   көрсетеміз,   бірақ   жақынға   альтруисттік 

қарым – қатынас ол үшін берілетін қоғамдық танумен байланыссыз да ерекше 

көтеріңкі қасиет болып табылатынын бірте – бірте көре бастаймыз. Альтруисттік 

мінез – құлық – бұл жетілген, шексіз рахаттану екенін анықтаймыз; оның үстіне, 

бұл біз табиғаттың жетілген және шексіз күшін істе сезе бастаудың арқасында 

көрінеді.

Басқа   сөзбен   айтқанда,   табиғаттың   күшіне   еліктеуге   бағытталған   біздің 

күшіміздің   нәтижесінде   біз   табиғатта   мүлтіксіздік  бар   екенін   сеземіз.   Осы 

дәлелді түсіну біздің ішімізде үлкен өзгерістер жасайды: бірте – бірте біздің көз 

алдымызда   баяғыдан   бергі   өзіндік   рахаттану   қасиетімен   салыстырғанда 

махаббат   пен   беріліс   қасиеттерінің   биіктігі   мен   асылдығы   көріне   бастайды. 

Сонда біз, шынымен, табиғатқа ұқсағымыз келіп және біз жаратылғаннан көп 

жоғары   сатыға   қол   жеткіземіз.   Сол   сатыға   көтеріліп,   біз   табиғи   үйлестік   пен 

кемелдікке   қосыламыз   –   дамудың   табиғи   заңы   адам   тегін   дәл   осыған 

бағыттайды және жетелейді.



Жаңа үрдіс

Адам   өзін   табиғат   күшімен   теңестіре   бастаған   кезден   бастап   ол   оны 

өзгеруге   итерген   қысымды   төмендетебастайды.   Салдар   ретінде   өмірдегі 

жағымсыз   құбылыстардың   саны   қысқара   бастайды.   Табиғат   күші   жағынан 



ешқандай   өзгерістер   болмайды,   адам   өзгереді.   Бірақ   осы   өзгерістердің 

нәтижесінде оның бойында табиғат басқаша әсер ете бастаған сияқты болады. 

Өзіндік құрылым адамды ол емес, сыртқы дүние өзгеріп жатқандай сезіндіреді. 

Сөйтіп,   ми   оған   сезім   мүшелері   беретін   нақтылық   туралы   ақпаратқа   жауап 

береді және осы тақырыпқа біз «Кемелділік пен мәңгіліктіктің нақтылығы» атты 

тарауды   арнаймыз.   Істің   шындығында,   табиғат   күші   өзінің   тұрақтылығында 

статикалық. Егер адам оған жүз процент ұқсас болса, ол кемелділікті сезеді; 

егер де ол толығымен қарама – қарсы болса, онда табиғат күшіне жүз процентті 

қарсы   тұрғанын   сезеді.   Ал   екі   шеткі   жағдайлардың   арасында   ол   аралық 

кезеңдерден өтеді.

Бүгінгі   таңда  біз   әлі   табиғаттың  альтруисттік  күшіне   толықтай   қарама  – 

қарсы емеспіз, өйткені, біздің өзімшілдігіміз дамудың максималды дәрежесіне 

жеткен жоқ. Бұл, біздің өміріміздегі жағымсыз құбылыстар, әлі де болса, шекті 

деңгейіне шыққан жоқ дегенді білдіреді. Демек, сондықтан да кейбір адамдар, 

әлі де , өзі және барлық қоғам жүрген ғаламдық дағдарыс жағдайын сезінген 

жоқ. Олар істің ағымдағы жағдайын нашар деп ойламайды. Олай не өзгеше, 

күннен күнге бізде адамзат пен табиғаттың қарама – қарсылығын өршіте түсіп, 

барынша үлкен өзімшілдік көріне береді. Бізге осыған байланысты азаптарды 

көрмеу үшін альтруизмнің қасиетіне ие болуға  апарар жолға уақытында түсу 

қажет. Тек осындай тұрғы біздің дамуымыздың бағытын өзгертеді.

Осыны   істеп,   біз   өмірдің   барлық   салаларында   жағымды   әсерді   бірден 

сеземіз.   Безендіру   үшін   өзін   өте   нашар   ұстайтын   баланы   елестетейік.   Әкесі 

өзгеруге әр түрлі тәсілдермен үгіттеп және көндіріп онымен тәрбиелі әңгімелер 

өткізеді.   Ең   соңында   олар,   баланың   өмірінде   ол   өзін   жақсы   ұстайтын   жаңа 

парақ белгілі бір кезеңде ашылады деген келісімге келеді. Егер келесі күні ол өз 

мінез – құлқын, кішкене болса да, жақсартса, ол әкесінің жақсы ниетті қарым – 

қатынасын   бірден   сезеді.   Сөйтіп,   барлығы   тек   өспелі   үрдіс   бойынша 

бағаланады, өлшенеді және талданады.

Көптеген   адамдар   түзелген   өзара   қарым   –   қатынастарға   қамқорлық 

көрсетіп, біздің өміріміз байланысты шешуші фактор деп есептей бастағанда, 

олардың жалпы қамқорлығы қоғамдық пікірді қалыптастырады, ал ол өз ретінде 

басқа   барлық   адамзатқа   әсер   етеді.   Жалпылама   ішкі   өзара   байланыстың 

арқасында   дүниедегі   әрбір,   тіпті   ең   шалғай   жерде   тұратын   адам   басқа 

адамдармен байланысты және ол олардан тәуелді, ал олар одан тәуелді екенін 

сезеді. Сонда әрбіріміз осы өмірлік өзара тәуелділікті түсінеді.

Бір нысанда болып жатқан өзгерістер басқа нысандарға беріледі – мұны 

ғылымның   әр   түрлі   облыстарында   және   ең   бастысы   кванттық   механикада 

жүргізілетін зерттеулер дәлелдейді. Тәжірибелер кейбір қарапайым бөлшектер 



басқа   бөлшектермен   не   болып   жатқанын   «білетінін»   және   болып   жатқан 

өзгерістер туралы ақпаратты қандай да қашықтықтарға лезде жеткізе алатынын 

көрсетті.   Бүгінгі   таңда   кванттық   бөлшектер   арасында,   олар   кеңістік   және 

уақытпен бөлінсе де, үнемі өзара байланыс болып отыратыны физикаға белгілі. 

Әрбір   квант   басқа   квантпен   байланысты.   Бұл   құбылыс   микроскопиялықпен 

қатар, әлемнің ең ғаламдық құрылымын да қамтиды.

Қазіргі   ғылыми   ізденістер   барлығы   адам   генінде   және   ортаның   оған 

әсерінде   жатқанын   растайды.   Бұл   бізге,   өзіміздің   әрекеттерімізді   өзіміз 

басқарамыз,   жағдайды   өз   бетімізше   бақылаймыз,   тексерісті   өзіміз   жүргіземіз 

және   шешім   қабылдауға   мүмкіндігіміз   бар   деген   елесті   өткен   көріністерден 

оянуға   және   бас   тартуға   көмектеседі.   Нәтижесінде,   дәл   бүгін     бізге   нағыз 

еркіндік   мүмкіндігі   беріліп   отыр.   Қол   астында   жүрген   өзімшілдік   құлдығынан 

босау   және   табиғат   әрекетін,   үлкеннің   үлгісінде   оқып   жүрген   бала   сияқты, 

қайталауға   көмектесетін   ортаны   құрып,   альтруисттік   қасиетке   ие   болу   біздің 

қолымыздан келеді.

Жетекші   зерттеушілер   адам   тәжірибе   жинап,   табиғатта   қандай   тамаша 

даналық   жасырынғанын   анықтайтынын   әрқашан   түсінген.   Біздің   барлық 

жаңалық ашуларымыз біз осы барлық нақтылықтан өтіп кететін және көзіміздің 

алдында ашылатын үлкен даналықтың нәтижесін, біз  «жетілгенде» және оны 

қабылдау   қабілетіне   ие   болғанда   көретініміз   туралы   дәлелді   түсінуге 

жинақталады. Адамзаттың зор ақылдары осыған қатысты мынадай дәлелдер 

қалдырды:

«Ақиқаттың   ұлы   мұхиты   менің   алдымда   зерттеусіз   жайылып   жатқан 

уақытта   мен   өзіме   өзім   уақыт   арасында   тегістеу   тасты   немесе   шұбарлау 

қабыршақты тауып алып, теңіз жағасында ойнап және өзін алдандырып жүрген 

бала сияқты көрінемін».



Исаак Ньютон мырза.

1

«Менің дінім біз өзіміздің нәзік және әлсіз түйсігімізбен көре алатын, өзін 

ұсақ   бөлшектерден   танытатын   шексіз   жоғарғы   рухты   мойындап   таңдануда 

жатыр.   Дәл   осы,   ақылға   сыймайтын   дүниеде   ашылатын   жоғарғы   есті   күштің 

қатысуындағы   терең   жалынды   сенімділік   менің   Құдай   туралы   көзқарасымды 

қалыптастырады».



Альберт Эйнштейн.

1

________________________

 


1 Memoirs of the Life, Writings and Discoveries of Sir Isaac Newton (1855) by Sir David Brewster 

(Volume  ׀׀. Ch. 27). Воспоминания о жизни, Труды и открытия сэра Исаака Ньютона (1855). 

Автор: сэр Дэйвид Брюстер (том ׀׀, гл. 27).

8 Тарау

Өмір мақсатын жүзеге асыруға дайындық

Ұрпақтардың дамуы

Қазіргі   кезеңде   адамзат   қоғамы   өзімшіл   болып   табылады,   бірақ   оның 

құрамында альтруисттік өзара қарым – қатынастарға көшуге мүмкіндік беретін 

алғышарттар   жеткілікті.  Шындығанда,   адамзат   осы   уақытқа   дейін   өткізген 

дамудың   барлық   алдыңғы   жолы,   бізді   өмір   мақсатын   осы   ұрпақта   жүзеге 

асыруға шақырып, іске асыруға дайындауға арналған.

Ұрпақтардың дамуы  мен  ауысу  процесі  жандардың белгілі бір  санының 

денелердің айналымына, әрбір жаңа ұрпақтарда жаңа денелермен қайта қайта 

бүркеніп, жинақталады. Сондықтан барлық адамзат тегі оның басынан аяғына 

дейін өмірі ол толық таралып және өмір сүрудің рухани деңгейіне жетпейінше 

созыла беретін бір ұрпақ деп түсінуге болады.


Ұрпақтан ұрпаққа бірнеше мыңжылдықтар бойына біздің ішкі қабілеттер, 

даму катализаторлары жинақталып келді. Осы процестің нәтижесінде адамдық 

деңгей, яғни адамдар, біз қарапайым түрде «түзелген» деп атайтын, жаңа стыға 

көтерілуі керек. 

Ұрпақтардың даму мәнін түсіну үшін біздің ішкі факторларды ақпараттың 

бірліктеріне   ұқсатайық.   Олар   нақтылықтың   әрбір   нысанында   бар   және 

материал   бойынша   ішкі   ақпаратқа   ие.   Шындығында,   біз   барлық   элементтер 

туралы аса ірі көлемді ақпараты бар кеңістікте өмір сүреміз. Біз өмір сүретін 

ақпараттық   алаң   «табиғаттың   ниеті»   деп   аталады.   Қандай   да   болмасын 

бөлшекті өзгерту, ағымдағы жағдайды сақтау үшін күш салу немесе басқаға өту 

болсын,   сондай   –   ақ,   нақтылықтың,   ол   басқаларына   қолданатын, 

трансформацияның   ішкі   және   сыртқы   құрамдастарына   әсер   ететін   күштер   – 

мұның бәрі ақпараттық алаңның өзгерісі болып табылады.

____________________________________________________

11955 жылдың 19 сәуірінде «Нью-Йорк таймс» («New York Times») газетінде жарияланған.

Әрбір   ұрпақта   адамдар  балансталған   өмір   сүру   мен   берекелі   өмірдің 

алгоритмін   –   табиғат   оларға   бермеген   формуланы   іздейді.   Осы   ізденістер 

процесінің өзі ақпарат бірліктерін неғұрлым көп жақты қылып, жаңа мәліметтер 

қосады. Белгілі бір ұрпақ «жақсы өмір сүру», тірлік ету ортасы мен айналасына 

үйренуге әрекеттеніп, ие болған мәліметтер және жетістіктер келесі ұрпақтың 

табиғи бейімділігіне көшеді. Алдыңғы ұрпақпен жиналған тәжірибе кейінгінің ішкі 

даналығының   негізгі   көзіне   айналып,   оны,   нәтижесінде,   болғаннан   неғұрлым 

дамыған  етеді.  Алып  келген  әкелеріне   қарағанда  ұлдарына   инновацияларды 

меңгеру   оңайырақ   екені   шындық.   Біздің   күнімізде   балалар   ұялы 

телефондармен,   басқарудың   дистанциялық   пульттарымен,   компьютерлермен 

табиғи және емін – еркін тіл табысып кетеді және санаулы жылдар ішінде өз ата 

– аналарын жаңа технологияларды меңгеруде және пайдалануда асып түседі.

Осылайша,   ұрпақтан   ұрпаққа   адамзат   өмір   даналығын   табады   және 

дамиды.   Бүгінгі   таңда   оны   мыңжылдық   өмірде   тәжірибе   жинаған   бір   адамға 

теңестіруге болады. Жеке адамның санасы пайдалы және зиян әрекеттердің 

көріністерін көрсететін айнаға ұқсас. Адам өзіне жақсы және пайдалы істерді 


таңдайды   және   оған   зиян   келтіргендерді   қайтарады.   Олар   оның   миында,   өз 

тәжірибесінің көрінісін көрсететін айнада сияқты, сақталады, ал одан соң, ол 

жетілген   және   ақылды   болғанша,   жағымды   істерді   анықтайды   және 

жағымсыздарын қайтарады.  Сәйкесінше, барлық адамзат, әрбір адам қоғамға 

тұтастай   қатысты   жасаған   барлық   пайдалы   және   зиян   істер   сақталатын, 

ұжымды сана мен зердеге ие.

Ақпарат   бірліктерінің   дамуы   бізді   табиғат   күшіне   өз   қарама   – 

қарсылығымызды сезетін түйсік деңгейіне алып келеді. Бүгінгі таңда  біз оның 

себебін түсінуге және жүзеге асыруымыз қажетті мақсатты көруге қабілеттіміз.

Әдеттегі кертартпа аясында арамыздағылардың көбінде пайда болатын 

жаңа ішкі көлем мен ойрандық – кездейсоқ емес заттар. Оларды, бізді оятқан 

болмыстың жаңа сатысына көтерілу, «түзелген» деңгейге көшу тілегі туғызды. 

Ұрпақтар дамуының келесі кезеңі – біздің өміріміздің мақсатын жүзеге асыруға 

саналы көшуге мүмкіндік беретін кезең осындай.



Альтруизмге қоғамдағы қарым – қатынас

Альтруисттік   қоғам   құру   процесі,   күмәнсіз,   кең   қолдау   алады,   өйткені, 

әрқайсысымыз   өзін   жақынын   аяйтын   және   айналасындағы   адамдарға   пайда 

әкелуге   ұмтылатын   жақсы   адам   деп   есептейді.   Біз   осылай   жаратылғанбыз. 

Адамға: «Мен өзімшілмін және ешкіммен есептеспеймін!» деп тура айту ештеңе 

тұрмайды. Бірақ ешқайсысымыз өзіндік менменділікпен мақтанбайды.

Қоғам, әрине, өз тілектестігін және жалпылама сыйластығын оның әл – 

ауқатына күш салатынға білдіреді. Ұжымның әрбір мүшесі қоғамдық терең сый – 

сияпат табуды, құрметті бейнеге лайықты болуды тілейді. Әрбір адам, барлық 

қоғамдастық,   әрбір   саясаткер   немесе   үкімет   өздерін   альтруисттер   деп 

көрсетуге   тырысады.  Оның   үстіне,   ешкім   басқаны   өзімшілді   мінез   –   құлыққа 

итермелемейді – өйткені бұл адамның өзінде жағымсыз көрінеді. Ең менменшіл 

жеке адамдардың өзі тек қана қоғамның сый – сияпатына лайықты болу үшін 

ғана емес, айналадағылар жағынан жауапты ұқсас пікір пайдалы болғандықтан 

өздерін альтруист етіп көрсетеді.

Шынымен, кейбіреулер  ерекшелік ретінде өздерін өзімшілміз деп ресми 

мәлімдейді,   бірақ   олар   басқаларға   тигізетін  зиянмен   тәккаппарланбай,   тек 

өздерінің   сирек   кездесетіндеріне   көңіл   аудартқанды   қалайды.   «Маған 

қараңдаршы:   мен   ерекшемін»,   -   деп   айтып,   олар   өздеріне   қоғамның       көзін 

қаратуға және қандай болса да назар тартуға тырысады.

Сөйтіп,   бірде   бір   адам   альтруизмнің   дүниеде   таралуына   ресми   түрде 

қарсы   болмайды.   Адамдар   оны   қандай   да  бір  себептер   бойынша   қолдайды, 

бірақ   альтруисттік   өзара   қарым   –   қатынастарға   қарсы   ешкім   тұра   алмайды. 


Өйткені, біз өзімшілдік өлім әкелетінін іштен сеземіз, ал альтруизм  өмір мен 

береке   сыйлайтын   жағымды   фактор   болып   табылады.   Міне   сондықтан   да, 

өзімшіл бола отырып, біз өзіміздің балаларымызды жақындарға жақсы қарым – 

қатынаста болуға үйретеміз.



Бақытты және қамсыздандырылған баларды қалай өсіруге болады

Өсіп   келе   жатқан   ұрпақты   тәрбиелеу   ғасырлар   бойына   альтруисттік 

құндылықтарға негізделген. Әрбіреуіміз өз балаларын олар өмірге шығатын ең 

жақсы   сапалар   жиынтығымен   қамтамасыз   етуге   тырысамыз.   Біз   оларды 

интуициялық түрде риясыз болуға үйретеміз.

Өз   ұрпақтарын   тәрбиелей   отырып   ата   –   аналар   оларға   жақынға   деген 

жақсы қарым – қатынасты сіңіреді, өйткені айналамыздағыларды есепшілдікпен 

пайдалану, нәтижесінде, олардың өзіне соққы беретінін санадан тыс түсінеді. 

Біз өз балаларымыздың бойына өмірлік сенімділікті салғымыз келеді және оны 

тек альтруисттік  тәрбие арқасында   ғана істеуге  болатынын сеземіз. Өйткені 

адамның қауіпсіздігі оның іс әрекеттеріне қатысты қарым – қатынаста болатын 

өмір сүру ортасына байланысты. Әрбір зиян адамға айналасы арқылы тигізіледі 

және   альтруисттік   мінез   –   құлық   қоғам   оған   бейілді   және   жылы   шыраймен 

қарайды деген мүмкіндікті арттырады.

Әрбір елде барлық уақыттарда қандай да болмасын қоғам альтруисттік 

негіздерді өсіп келе жатқан ұрпаққа салуға ұмтылады. Шексіз билікке ие, қол 

астында   әскері   бар   үстем   ғана   мұрагерін   қатал,   ешкімге   бағынбайтын   және 

басқаларын аяқсынатын қылып тәрбиелеуге өзіне еркіндік бере алады.  Оның 

мұрагеріне тірі қалу үшін өте күшті және есепсіз көп күзет қажет болады. Ол өз 

қол астындағылармен тойталасқа кіреді және әскери күшке жүгінеді. Егер де 

оған ешкім зиян келтіруге бел бумаса да, ол өзінің пәлелі немесе милитаристтік 

жоспарларын күш әдістерісіз жүзеге асыра алмайды.

Екінші жағынан, жақынға ізгі ниетті қарым – қатынас адамға сенімділіктің, 

тыным мен тыныштықтың күшті сезімін береді, сондықтан да адамдар өздерінің 

кішкентай бала – шағаларын дәл осындай рухта тәрбиелеуге тырысады. Бірақ 

уақыт   өте   келе   олар   ата   –   аналарының   өзі   өзара   қарым   –   қатынастардың 

альтруисттік   қағидаларын   сақтамайтынын   байқайды   және   сонда   балалар 

өздеріне риясыздықтың қағидаларын салғандар сияқты өзімшіл болып кетеді.

Дұрыс   тәрбие   үлгіге   негізделеді.   Бірақ   біз   өз   балаларымызға   жақынға 

альтруисттік қарым – қатынастың үлгісін көрсетеміз бе? Жоқ, бірақ біз оларды 

туғанынан   дәл   осыған   үйретеміз.   Ата   –   анасы   оған   айтқан   мінез   –   құлық 

нормаларына сәйкес келмейтінін көрген бала олардың сөзі бос және алдамшы 



екенін түсінеді. Біз оған басқаларға қандай қарым – қатынаста болу керек екенін 

қанша түсіндірсек те, бұл оған тиісті әсер етпейді. 

Біздің күніміздің дағдарысы және өмір сүрудің өзіне төнген қауіп – қатер 

бізді   өзгерістерге   міндеттейді.   Осы   уақытқа   дейін   біз   балаларымызға 

альтруисттік   тәрбиені   жете   түсінбей,   ереже   сияқты,   оның   қолдауына   жеке 

үлгісіз   беріп   келдік.   Бірақ   осы   уақыттан   бастап   және   әрі   қарай   бізде   басқа 

таңдау   жоқ   –   біз   жақынымызға   деген   өзімшіл   қарым   –   қатынасымызды 

өзгертуіміз   керек.   Осы   ортаға   көп   адамдар   кіре   бастайды   және   сонда   біздің 

балаларымыз   туатын   және   өмір   сүретін   нақтылық   өзгереді.   Біз   үшін   қиынға 

соққандардың   барлығын,   атап   айтсақ,   біз   бәріміз   біріңғай   жүйенің   бөлігі 

екенімізді және соған сәйкес біздің өзара қарым – қатынастарымыз альтруисттік 

болу керек екендігін олар оңай меңгереді. Нақты айтсақ, біз одан артық ештеңе 

істей алмаймыз – өз балаларымызға да, өзімізге өзіміз де.

Өзімшілдер мен альтруисттер

Адамзаттың түзелу процесіне қолдау көрсететін тағы да бір фактор – бұл 

адамдардың белгілі бір бөлігіне тән айналадағыларға көмек көрсетудің табиғи 

бейімділігі.   Ережедегідей,   жақыныңды   сезу   қабілеті   онымен   тікелей   немесе 

жанама   байланыстан   неғұрлым   үлкен   сүйіспеншілік   алуға   көмектеседі.   Бірақ 

кейбір адамдарда жақынын сезу басқаша байқалады: олар жақынының ауруын 

өздерінікіндей   қабылдайды.   Біреудің   қайғысын   бұлай   қабылдау   олардың 

тұлғасында   азаппен   көрінеді   және   басқаға   көмектесу   мүмкіндігін   іздеуге 

мәжбүр болады.

Адамдардың   көп   бөлігі   –   бұл   жақынының   қайғысын   қабылдамайтын, 

«кәдімгі»   өзімшілдер.   Бірақ   қандай   да   бір   қоғамдастықта   біреудің   қайғысын 

қатты сезетін «альтруисттік» өзімшілдердің азғантай саны бар. Қысқаша бірінші 

санатты   «өзімшілдер»,   ал   екіншісін,   олардың   табиғаты   өзімшілді   болса   да   – 

«альтруисттер» деп атайық.

Сөйтіп, өзімшілдер жақынының қиналғанынан ұялмайды және сондықтан 

оны   ойындағысымен   өз   мүддесіне   пайдаланады.   Альтруисттер,   керісінше, 

адамдардың   қайғысына   ортақтасады   және   осы   себептен   басқа   адамды 

жаралап немесе тіл тигізетін артық сөз айтудан сақтанады. Біріншісі де екіншісі 

де  өз   әдеттерін   генетикалық   мұралаған,   сондықтан   да   бұл   жерде   әңгіме 


«жауыздар» мен «ақ пейілділер» туралы емес, тек табиғаттың табиғи ниеттері 

туралы болып отыр.

Белгілі   бір   гендердің   жүйелілікпен   өзгеруі   адамдардың   басқаларға 

жақсылығын   көрсету   қабілеттілігіне   әсер   етеді.   Мінез   –   құлық   генетикасы 

облысындағы зерттеулердің нәтижелері осындай. Ғалымдар альтруисттік іс – 

әрекеттерге сый беріледі деп ойлайды: жақындарына жақсы қарым – қатынас 

танытатын  адамның миында жақсы сезім  тудыратын химиялық  зат дофамин 

синтезделеді.

_______________________________ 



1  Dopaminegric polimorphisms associated with self-report measures of human altruism: a fresh 

phenotype for the dopamine D4 receptor. Bachner-Melman R., Gritsenko I., Nemanov

Альтруисттер  әлем   тұрғындарының   10   процентке   дейінгілерін   құрайды. 

Ғасырлар   бойына   адамзат   орта   есеппен   90%   өзімшілдер   және   10% 

альтруисттер   деп   бөлінеді.   Соңғылары   болмыстың  ең  әр  түрлі   салаларында 

өзара көмек көрсетуге, жарлыларды, әлсіздер мен қажетсінетіндерді және тағы 

басқаларын   қолдауға   ұмтылып,   қоғамның   берекесі   туралы   қамқорлықты   өз 

мойындарына алады. Шындығында, альтруисттер  қоғам қайғыға ортақтасуды 

сезбеу нәтижесінде назарсыз қалдырған жағдайларға қосылады.

Альтруисттік   ұйымдар   осы   тектес   қызметке   үлкен   қаражат   пен   күш 

салады.   Бірақ,   көп   жағдайларда   қажетсінетіндерге   көрсетілген   көмек   елеулі 

жағымды   қозғалыстарға   әкелмейді.   Бұған   мысал   ретінде   африкалық   құрлық 

бола   алады.   Өткен   жылы,   Батыс   олардың   өміріне   әлі   араласпай   тұрғанда, 

африкандықтар   өздерін   өздері   асырады;   бірақ   бүгінгі   таңда,   азық   –   түліктік 

көмекке   қарамастан,   олар   аштан   өліп   жатыр.   Олардың   қажеттіліктеріне 

жиналып жатқан зор соммалар жағдайды жақсартып жатқан жоқ және Африка 

тұрғындары жылдан жылға нашарлап бара жатқан жағдайда өмір үшін бітпейтін 

күрес жүргізіп жатыр.

Альтруисттік ұйымдар әлемнің жағдайын жақсарту әрекетінде қандай ғана 

шаралар қолданбады, бірақ барлық ынталарға қарамастан, жағдай тек өршіп 

бара жатыр. Мінез – құлықтың осындай түзуін әрі қарай ұстауға болады, бірақ 


бір секундқа тоқтап, өзімізден сұрайықшы: «Неге біз жетістікке жеткен жоқпыз? 

Қай жерден қателестік?»

____________________________________________________ 

L.,   Zohar   AH.,   Dina   C.,   Ebstein   RP.   Molecular   Psychiatry.   2005   Apr;   10(4):333-335.   Адам  

альтруизмі   өзіндік   есеп   беру   өлшемдерімен   байланысты   дофаминергитикалық 

полиморфизмдер:   D4   дофаминдік   рецептордың   жаңа   фенотипі.   Рейчел   Бахнер-Мелман, 

Инга Гриценко, Любовь Неманов, Ада Х. Зоар, Кристиан Дина, Ричард П. Эбштейн. Molecular 

Psychiatry. 2005 Aпр; 10(4):333-335.

Біз   түсіндіріп   кеткендей,   үлкен   есеппен,   әлемдегі   барлық   мәселелер   – 

жеке   айтқанда,   біздің   және   жалпылай   барлық   қоғамның   –   табиғатпен 

баланссыздық   нәтижесі   болып   табылады.   Сәйкесінше,   материалдық   көмек 

тұрғындардың   нашар   тұратын   бөлігінің   жағдайын   қысқа   уақытқа   жақсартуы 

мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді әлеуетте ол нақты пайда әкелмейді, өйткені адамды 

тепе – теңдікке жақындатпайды, сондықтан, мәселенің мәнін шешпейді. Әрине, 

адам ашыққанда оны тамақтандыру қажет. Осымен қатар, оны аяққа тұрғызып 

және   өзекті   қажеттіліктерімен   қамтамасыз   етіп,   біз   оған   өмірінің   мақсатын 

түсінуді арттыру үшін қамқорлық көрсетуіміз керек.

Егер   біз   әлемде   және   өзімізде   жағымды   өзгерістер   тудырғымыз   келсе, 

онда бізге альтруисттік әрекеттің анықтамасын тағы да бір рет тексеру және 

нақтылау қажет. Әрбір іс – әрекеттер олардың әлемдегі жағдайды нақты және 

негізді   жақсартуға,   адамдардың   азаптарын   жоюға   салған   жалпы   салымы 

бойынша бағаланулары керек. Барлық мәселердің көзіне бағытталмаған әрекет 

бізді   енді   қанағаттандырмайды,   ол   тек,   кейіннен   неғұрлым   ауыр   формаға 

көшетін,   аурудың   пароксизмін   кейінге   қалдырады.     Егер   ауру   ауруының 

тамырын емдемей, ауруды басатын құралдармен шектелсе, ауру, нәтижесінде 

дегеніне жетпейінше, асқына береді.



Әрекет, тек ол адамды табиғаттың жалпы заңымен, адамсүйгіштік және 

өзіндік   беріліс   заңымен   тепе   –   теңдікке   жетелеуге   шақырған   жағдайда   ғана 

альтруисттік деп аталады. Альтруисттік әрекет адамда біз біріңғай жүйенің, кім 

болсаң да, қандай ұлттан немесе нәсілден болсаң да барлық  адамдар кіретін 

біртұтас   ағзаның   бөліктері   екенімізді   түсінуді   арттыруы   қажет.   Тек   осындай, 

адамға осы түсінікті және жақынына деген сәйкес қарым – қатынасты беретін 

әрекет   нағыз   альтруисттік   болады.   Әңгіме   азап   шегіп   жатқандарға   көмек 

көрсетуге   бағытталған   түйсікті   реакциялар   туралы   емес,   барлық   адамзатты, 

қажетсінгендерді   де,   олардың   көмекшілерін   де   қосқанда   табиғатпен   тепе   – 

теңдікке келудің бөліп қоюға болмайтын қажеттілігін түсіну негізінде жасалатын 

әрекеттер туралы болып отыр. 

Сондықтан, альтруисттердің мейірімді жігері мен  энергиясын, айырықша, 

жалпы   адамзаттың   барлық   мәселелердің   себептерін   және   оларды   шешу 

жолдарын түсінуін арттыруға бағыттаған жөн. Табиғат бізге риясыз әрекеттерге 

табиғи   ұмтылысы   бар   альтруисттердің   он   проценті   түрінде   қол   ұшын   беріп 

отыр.   Сауатты   келудің   арқасында   біз   осы   көмекті   пайдалана   аламыз   және 

сонда олардың тамаша әлеуеті жүзеге асырылады.

Өзімшіл   және   альтруисттік   бөліктерге   90:10   қатынасында   бөліну   тек 

жалпы адамзатқа ғана емес, жеке адамға да  тән. Нақтылық заңдарының бірі 

былай   дейді:   «жалпы   және   жеке   тең».   Басқаша   айтқанда,   қоғамдастықта 

бардың бәрі, әрбір жеке адамда да бар. Дүние  голограмма болып табылады – 

бұл   туралы   американдық   ғалым   Майкл   Талбот   өзінің   аталған   облыстағы 

ғылыми жаңалықтарды қорытындылайтын

 «Голографиялық дүние»,



кітабында 

айтқан. Нәтижесінде, жалпы және жеке планетарлық жағдай жағынан әлемнің 

сыртқы, сондай – ақ ішкі нышандарындағыдай, судың екі тамшысы сияқты бір 

біріне ұқсас екен. Атомның өзінде біз күндікіне ұқсас тұтас жүйені көреміз.

Осы   заңға   сәйкес,   әрбір   адамда,   мейлі   ол   өзімшіл   немесе   альтруист 

болсын, адамзатпен тұтастай ұқсастық бойынша 10% альтруисттік және 90% 

өзімшілді   күштер   болады.   Адамдар   осы   күштердің   ішкі   қиысуларымен 

ерекшеленеді.   Егер   альтруисттерде   беріліс   күші   (өзімшіл   болса   да)   әрекетті 

және   сезілетін болса, өзімшілдерде ол ұйықтап жатады. Бірақ әрбір адамда 

риясыздық білдіру үшін негіз салынған.  Осы жерден білетініміз – жер бетінде, 

күштер   басынан   біздің   бойымыздан   сол   үшін   жойылған,   табиғаттың 

альтруисттік күші – баланспен тепе – теңдікке қол жеткізуге қабілетсіз бір де бір 

адам жоқ.



_____________________________ 

1 Michael Talbot, The Holographic Universe.

2   Голография   (гректің  Холос   –   барлығы,   толық   және   графо   –   жазамын,   сызамын,   сурет 

саламын   сөздерінен).   Толқындардың   интерференциясына   негізделген   нысанның   көлемді 

бейнесін   алу   әдісі.   Голограмманың   ең   жақсы   қасиеттерінің   бірі   оның   әрбір   учаскісінің 

құрамына барлық нышан туралы ақпараттың кіруі (БСЭ) болып табылады.

Жобаның   модераторы   –   жоғарғы  мектеп   (мәдениет   және   өнер   бөлімі) 

ғылымдары   Халықаралық   академиясының   қауымды   мүшесі,   «Әлеуетті 

зерттеулер институты» коммерциялық емес қоры.

Кризис – для нашего блага / жауапты ред. А. Козлов – М.: «ӘЗИ» КеҚ, 2008 – 

80 бет


ISBN 978-5-91072-012-5

«Әлеуетті зерттеулер институты» коммерциялық емес қоры, 2008.



Басылымға 05.11.2008 қол қойылды

60х84 1/16 өлшемі. Офсетті қағаз.



Таралым 2000 дана. №   тапсырыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет