«ЖАҢа адамзат» жобасы дағдарыс біздің игілігіміз үшін



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.03.2017
өлшемі314,31 Kb.
#9268
1   2   3   4   5



– 

тарау

Рахатану шектері

 Біздің өмірімізде тек екі апат болуы мүмкін. 

                                            Бірі – бұл қалағаныңды  алмағанда, 

                                           екіншісі – алғанда.Екіншісі нашарлау, 

                                          бұл шынында да апат.

Оскар Уайльд

Рахаттанудың әр алуан түрлерін – білім, билік, құрмет, байлық, сондай-ақ, 

тамақ,   секс   және   басқа   рахаттарды   зерттеп,   барлық   жағдайларда   ең   көп 

рахаттану   тілек   пен   оның   толуының   арасындағы   алғашқы   қысқа   қатынаста 

сезілетінін   көреміз.   Толу   жүзеге   асқан   уақытта   рахат   өше   бастайды. 

Қанағаттанған тілектегі рахаттану минуттар, сағаттар немесе күндер созылуы 

мүмкін, бірақ, нәтижесінде, ол жоғалып кетеді. Егер адам ұзақ жылдар бойы 

бірдемеге, мысалы, құрметті қызметке немесе абыройлы ғылыми дәрежеге қол 

жеткізуге ұмтылса да, бірақ мақсатқа еткен уақытында, шаттық қолдан кетеді. 

Нәтижесінде, тілекті қанағаттандыра отырып, рахат оны жояды.

Сонымен бірге, тілекке кіріп және одан шығып, рахаттану алдындағыдан 

екі   есе   артық   жаңа   ұмтылысты   қалыптастырады.   Кеше   бізге   қанағат   берген 

нәрсе, бүгін тіпті жеткіліксіз болып көрінеді. Біз одан да көбін қалаймыз. Міне, 

сондықтан   біздің   тілектерімізді   қанағаттандыру   оларды   көбейтеді   және 

қалыптасқан бостықты толтыру үшін тағы да көп күш салуға бізді мәжбүр етеді.

Егер адам  бірдемеге қол жеткізгісі келмесе, оның өмір сезуі  мұқалтады 

және өшеді. Сондықтан да қоғам өзінің әрбір мүшесіне өмір сезімін тағы да бір 

тіпті ұстатқызбайтын мезетке беріп, жаңа тілектермен қамтамасыз етеді. Одан 

соң,  қайтадан ұзақ емес толтыру бостықпен ауысады және ашыну өседі.

Бүгінгі таңда қоғам көптен көп тауарларды, тіпті егер де бізде оған қажетті 

сома   болмаса   да,   сатып   алуға   тартады.   Агрессиялы   маркетинг,   әлеуметтік 

стандарттарға   сәйкес   болудың   ыстық   тілегі   және   несиенің   жеңілдетілген 

шарттары   біздің   нақты   қаржылық   мүмкіндіктерімізден   көптеп   артық   сатып 

алуларға   ынталандырады.   Ұзақ   емес   мерзім   өткен   соң   келесі   сатып   алудан 

ұнамды қозу түтін сияқты шашырап кетеді, ал төлемдер бізбен жылдар бойына 

ілесіп   келеді.   Мұндай   жағдайларда   сатып   алудан   түңілу   уақыт   өте   келе 

ұмытылмайды, керісінше жинақталады.

Байлық бақытқа апармайды, оған экономика бойынша Нобель лауреаты, 

профессор   Дэниэл   Канеманның

2

  басшылығымен   жүргізілген   жаңа   зерттеу



дәлел болады. Адам құрылысына байлық пен денсаулық сияқты факторлардың 

әсер   етуі   туралы   тұрақталып   қалған   көзқарастар   нақтылықтан   өте   алыс. 

Адамдардың көңіл – күйі туралы күнделікті мәліметтердің негізінде жинақталған 

статистика   тұрғындардың   бай   және   кедей   топтарының   арасында   елеулі 

айырмашылықтарды   анықтамайды.   Оның   үстіне,   ашу   мен   жауыздық   сияқты 



жағымсыз   сезімдерді   көбінесе   өте   қамсыздандырылған   адамдар   сезінетіні 

белгіленді.   Әл–ауқат   пен   шаттықтың   арасындағы   сондай   әлсіз   байланысты, 

мүмкін болатын түсіндірулердің бірі, біздің физикалық жайлылыққа және өмірдің 

жаңа деңгейіне өте тез үйренетінімізді, одан соң одан да үлкен рахаттануларды 

күтуге көшетінімізді көрсетті.

Біздің дүние тілектерді толтыру қажеттілігі негізінде жасалған және өзін 

толтыру үшін адам оған күш салу керек. 

__________________________ 

1 Жарияланымды 2006 жылғы маусымдық америкалық ғылыми журнал Science қараңыз.

2   Daniel   Kahneman.   Психологиялық   экономикалық   теорияның   және   мінез   –   құлықтық 

қаржының  негізін  салушылардың   бірі.  «Психологиялық әдістемені  экономикалық ғылымда, 

оның ішінде, белгісіздік жағдайында пікірдің қалыптасу мен шешім қабылдауды  зерттеуде 

қолданғаны үшін» 2002 экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (Википедия).

Қалағанына қол жеткізуге көптеген күштің қажеттілігі адамды қапаландырады. 

Бірақ,   тауып   алулар   мен   игіліктерсіз   қалу   мүмкін   емес,   сондықтан   адамдар 

максималды жетістікке қол жеткізу үшін қамқорлықтар езуінде қиналуға дайын 

тұрады,   бірақ   ардақты   арманын   жүзеге   асырғаннан   кейін,   ол   оларды 

толтырмайтынын   анықтайды.  Көп   жағдайда   адам   өмір   бойына   қалағанының 



жартысын да жүзеге асырмай, жай ғана заттардың бар тәртібіне үйреніп өмір 

сүреді.


Жоғарыда айтылғандардың бәрінен табиғат бізді тіптен төзуге болмайтын 

шарттар қояды деп айтуға болады: бір жағынан, біздің  рахат алу тілектеріміз 

бұлжытпай өсіп жатыр, екінші жағынан, көптеген «қозғалыстар», яғни, әрекеттер 

мен күштер арқылы қол жеткізілетін толтырылу,  тек қысқа уақыт  ішінде ғана 

сезіліп, кейін, бізді екі есе бос қалдырып, жоқ болады.

Адамзат   өзінің   мыңжылдық   тарихының   ішінде   мәңгі   мәселесімен   шешу 

және   рахаттар   тілегінің   түпкілікті   қанағатын   іздеп   табу   үшін   әр   түрлі 

әдістемелер   жасады.   Осы   әдістемелердің   көбісі   тілекті   «алдауға»   мүмкіндік 

беретін   екі   шешуші   қағидаға   негізделеді:   қанағат   сезімін   беретін   әдеттерді 

қалыптастыру және тілектің өзін әлсірету, жою.

Бірінші   қағида   мінез   –   құлықтың   жасанды   шартталған   үлгілеріне 

әдеттендіруге   негізделеді.   Басында   адамды   белгілі   бір   әрекет   сыйлыққа 

апарады   деп   үйретеді.   Осындай   әрекетті   орындап   ол   мұғалімдердің   сый   – 

сияпатына және толықтай айналадағылардың қолдауына бөленеді. Одан соң, 

мадақтауды   бірте   бірте   жоққа   шығарады,   бірақ   адам   үшін   бұл   әрекет 

қанағаттану   факторы   ретінде   бекітілді,   ол   жайлы   рефлекс   ретінде   мінез   – 

құлықтық   кестеге   енгізілді.   Адам   бір   нәрсеге   үйренгенде,   әрекеттің   өзі   оған 

қанағаттану   береді.   Ол   үйренгенін   ұқыпты   орындайды   және   егер   оны 

бұрынғысынан   жақсырақ   істесе,   одан   үлкен   қанағат   алады.   Мұндай   қағида, 

ереже   сияқты,   болашақ,   кейде   өлгеннен   кейінгі   сыйлықтарға   уәде   берумен 

ілеседі.

Екінші   қағида   қанағаттану   тілегін   кішірейтуден   құрылады.   Тілегі 

қанағаттанбаған адамның жағдайы сол тілегі жай ғана жоқтардан анағұрлым 

қайғылы.  Біріншісі   қайғырады,   ал   екіншісі   «өзінің   үлесіне   ырза»   және   барға 

қанағат тұтады. Осы әдістемені ерекше ұштаған шығыс оқулары. Олар көптеген 

және әр түрлі, тілек дәрежесін және нәтижесінде – қайғы көлемін төмендететін, 

физикалық және рухани техникаларға негізделген жүйелерді жасады. 

Шындығында,   біз   келесі  рахатты   қуумен   қам   жеп   жүргенше,   біздің 

өміріміздің   және   болашаққа   сенімділіктің   алғашқы   салты   сақталады.   Әрине, 

толтырылудың   жоқтығы   бізде   жайсыздық   және   қанағаттанбағандық   сезімін 

тудыруы  мүмкін, бірақ кейде қуғынның өзі уақытша толтырылуды сол сияқты 

қылып   ауыстырады.   Жаңарып   отырған   тілектер   мен   қойылған   мақсаттарға, 

оларға   қол   жеткізу   немесе   кем   дегенде,   осы   бағыттағы   жолдың   өзі   бізді 

қанағаттандырады деген үмітпен қозғалыстың арқасында ізденіс процесінде біз 

өмірлік күштердің ағынын сеземіз.


Осы уақытқа дейін біз ұқсас әдістерді қолданып келдік, бірақ, біздің рахат 

тілегеніміздің, біздің өзімшілдігіміздің табиғи өсуімен бұл шешімдер бірте бірте 

нәтижесіз болып бара жатыр. Жайылып өскен өзімшілдік жасанды шешімдерге 

иіліп,   адамға   өз   қажеттіліктері   туралы   айтпауға   жол   бермейді.   Бұл   барлық 

облыстарда, жекеде, сондай-ақ жалпы адамдық деңгейде байқалады. 

Өзімшілдіктің өсуін безендіретін көрнекті мысал – отбасы институтының 

бұзылуы. Отбасылық бұғаулар, ең алдымен, еркек пен әйелдің өзара қарым – 

қатынасы   өскен   өзімшілдік   соққысына   бірінші   ұшырайды,   өйткені,   бұл   сала 

адамға неғұрлым жақын. Қаталданған менмендік жұбайларға  бір біріне тиесілі 

болуға, отбасылық одақ шығаруға кедергі жасайды.

Өткен шақта отбасылық үлгі күйзелістен қорғалды және тұрақтылық аралы 

ұқсас, мызғымастай болып көрінетін. Егер әлемде жанжалдар пайда болса, біз 

соғысқа аттандық; егер көршілермен ырың – жырыңдық болып қалса, біз тұрған 

жерімізді ауыстырдық; бірақ отбасы бізге әрқашан сенімді баспана болды. Тіпті 

егер адам бұрынғы отбасылық қарым – қатынастарға қажеттілігін жоғалтса да, 

ол   оны   балалары   үшін   немесе   күтім   қажетті   қартайған   ата   –   анасы   үшін 

қолдауды жалғастырды. Бірақ бүгінгі таңда өзімшілдік, адам ештеңенің алдында 

тоқтамайтындай, зор көлемге жетті. Ажырасу

1  

мен толық емес отбасылардың



статистикасы өзі үшін өзі жауап береді.

Ғаламдық   масштабта  өзімшілдіктің   өсуінің   алысқа   баратын   нәтижелері 

бізді   барлық   адамзат   тарихында   болмаған   ерекше   жағдайға   қояды.  Бір 

жағынан, ғаламдану біздің  қызметтің, экономика, мәдениет, ғылым және білімді 

қосқанда,   барлық   облыстарында   біздің   соншалықты   өзара 

байланыстығымызды,   ал   екінші   жағынан,   біздің   өзімшілдік,   қасымызда   біреу 

болғанын шыдай алмайтындай жағдайға жеткізіп, өскенін көрсетеді. 

Шындығында,   біз   әрқашан   біріңғай   жүйенің   бөліктері   болдық,   бірақ 

өзіміздің жалпылығымызды әлі де түсінген жоқпыз. Табиғат осы дәлелді біздің 

алдымыздан екі қарама – қарсы күшпен біруақытта   әсер ету арқылы ашады. 

Оның   бірі   бізді   біріңғай   біртұтастыққа   біріктіреді,   ал   екіншісі   бір   бірімізден 

жеркентеді   жәнеәрқайсысымызды   өзіміздің   тар   бұрышымызға   тығады.   Бүгінгі 

таңда   ол   күштердің   әсері,   күннен   күнге   қатал   болып   бара   жатқан,   шеткі 

пішіндерде   байқалады.     Біз   ғаламдық   өзара   тәуелділіктің   барлық   қуатын 

анықтаймыз және сол уақытта, көз алдымызда қатайып келе жатқан өзімшілдік 

айқындылықты   түсінуден   қашуға   мәжбүр   еткізеді.   Егер   біздің   өзара 

шыдамсыздығымыз, жатырқаушылығымыз және жек көрушілігіміз тоқтамаса, біз 

болмай қалмай бір бірімізді жоямыз.

________________________ 



1 Ресми мәліметтерге қарағанда, ғаламдық статистиканың өсуі аясында, Ресей бүгінгі таңда 

1000 адам тұрғындарға ажырасу саны бойынша әлемде үшінші орынды алып отыр.

2 Осы көрсеткіш бойынша Ресей алдыңғы шепте тұр.

Әрине, егер адамзат дамуының өзімшіл жолы негізгі түрдегі өзгерістерге 

шыдамаса, ол термоядролық қару қолданылатын келесі дүниежүзілік соғысқа 

еніп   кетеді,   нәтижесінде,   әлем   тұрғындарының   үлкен   бөлігі   жойылып   кетуі 

мүмкін. Осы демде Эйнштейн де былай айтқан: «адамдар Үшінші дүниежүзілік 

соғыста немен соғысатынын білмеймін, бірақ Төртіншісінде немен соғысатынын 

білемін,   -   таяқтармен!»

1  


Үлкен   өкінішке   қарай,   бүгінгі   таңда   оның   сөздері, 

бұрынғыдағыдай емес, нақты және қаһарлы болып көрінеді.

Барлық тарих барысында адамзат оны жақсы уақыт күтіп тұр, біз ғылым 

мен   техниканы,   мәдениет   пен   білімді   дамытамыз,   осының   арқасында   біздің 

өміріміз   қуанышқа,   берекеге   және   бақытқа   толады   деп   сенген.    Осы 

тұжырымдаманы Диснейлендте орналасқан Epcot

2  

саябағындағы «Жер ғарыш 



кемесі» аттракционы тамаша безендіреді. Өткен ғасырдың 80 – ші жылдарының 

басында   салынған   ол,   келушілерге   адамзат   дамуының   тарихи   белесін 

көрсетеді.

Саяхат тасқа қашалған суреттерден басталады, барлық кезеңдер арқылы 

кезегімен   өтеді   –   мысалы,   басы   ағаш   пен   қағазды   пайдалану   және   аяғы 

ғарышты меңгерумен аяқталады.   Бірнеше он жылдықтар бұрын басым болған 

тұжырымдама дамудың жаңа белестеріне жоғары қарай көтеріліп бара жатқан 

адамның   ұлылығын   жырлайды.   Адамзат   тарихы   ол   жерде   бақытқа   қарай 

үздіксіз қозғалыс сияқты көрсетілген. Ол біз үшін, біздің немерелеріміз үшін әне 

– міне келеді, бүгін болмаса, ертең.

Жылдар өтті және бүгін елес өшті. Біздің әрқайсысымызда жүз жыл бұрын 

тек   армандауға   болатынның   барлығы   бар.   Біз   көңіл   ашуға,   саяхаттауға, 

демалуға,   спортпен   айналысуға   және   тағы   да,   тағы   да   басқаларына 

мүмкіндігіміз   бар   –   бірақ,   біз   енді   жарқын   болашаққа   сенбейміз.  Қызғылт 

армандарымыз   төніп   келе   жатқан   төнекке   айналды,   оның   белгілері:   зорлық, 

өзіне қол жұмсау, террор, қауіпті аурулар, экологиялық дағдарыс, әлеуметтік, 

экономикалық және саяси тұрақсыздық. 

______________________________

 


1 1949 жылы журналдардың біріне сұхбатта айтылды.

2 Epcot – Experimental  Prototype Community of   Tomorrow, ертеңгі қоғамның тәжірибелік  түп 

тұлғасы.

Біз   бұрылыс   нүктесінде   тұрмыз   және   тәжірибе   жинап   алып,   бақытты 

болашақ бізге өз құшағын айқара ашпағандығын түсіне бастаймыз. Көрер көзге 

анық болып отырғандай, біздің балаларымыз бізден де нашар тұрады.  Жеке, 

сондай – ақ жалпы адамдық ортада дағдарысты сезіну барлық жетістіктеріміз 

бен   барлық   белгілі   құралдар   бізді   бақытты   етпеген   дәлелін   түсінумен 

туғызылды. Сондықтан болып жатқанның мәнсіздігінің және үмітсіздіктің сезімі 

өсіп   келеді,   күйзеліс   пен   нашақорлық   қазіргі   уақыттың   басты   сырқатына 

айналды. Рахаттану тілегімізді енді қалай және немен толтыруға, шексіз өскен 

және   қанағат   таппайтын,   белгілі   «дәрі   –   дәрмектердің»   біреуімен   де 



емделмейтін   өз   өзімшілдігіміздің   талабын   қалай   орындауға   болатынын 

түсінуден қалған соң бізді қамтып алған әлсіздік көріністері осындай.

Болашаққа   деген   сенімді   жоғалту   жастарда   айқын   байқалады.   Бүгінгі 

таңда   жастар   өмірге,   өз   уақытында   ата   –   аналары   қарағандай,   қарамайды. 

Адам   алдында   жетістік   пен   өзін   өзі   іске   асыруға   қол   жеткізу   үшін   көптеген 

мүмкіндіктерді   көрсететін   орасан   зор   әлем   ашық   тұрған   сияқты,   бірақ   жас 

ұрпақтардың   көптен   көп   өкілдері   өмірге   қызығушылықтарын   жоғалтады   және 

өздерінің бай әлеуеттерін жүзеге асыруды қаламайды. Олар, нәтижесінде оның 

ешқандай мағынасының болмайтынын, лдына ала білетін сияқты. Оның үстіне, 

олар жан – жағында рахат аламыз деп қаншалықты физикалық және рухани 

күш жұмсаған, бірақ сонда да бақытқа жетпеген үлкен жасты адамдарды көреді. 

Әрине, мұндай көрініс жастардың өздері бірдеме істеуге тілегін жылытпайды. 

Ата   –   анасына   мұны   түсіну   қиын,   олар   осындай   көзқарастың   себебін   түсіне 

алмайды, өйткені олардың уақытында бәрі де басқаша болған. Істің мәні әрбір 

ұрпақтың   алдындағы   ұрпақпен   жинақталған   тәжірибе   мен   өкініштерді   мұраға 

алуда.


Сондықтан   бүгінгі   күні   белгілі   шешімдердің   біреуі   де   істің   жағдайын 

жақсартуға   көмектеспейді.   Әрбір   тірі   дене   мен   табиғат   біртұтас   өмір   сүреді 

дегенмен сәйкес табиғаттың орнықты заңдарын біліп қана біз  қателігіміз неде 

екенін   түсінеміз   және   рахаттану   тілегін   қанағаттандыратын,   етек   жайған 

өзімшілдікті басатын жетілген әдістемені таба аламыз. Бұл әдістеме адамды 

мағынаға, сенімділікке және тыныштыққа толы өмірге алып келеді.



3 Тарау

Альтруизм – өмір қағидасы

Табиғатты   зерттей   келе,   біз   альтруизмнің   көріністерін   анықтаймыз.   Бұл 

атау   латынның  alter  сөзінен   шыққан,   оның   мағынасы   «басқа»,   «бөтен»,   ол 

альтруизмді   өзімшілдікке   қарама   қарсы   деп   анықтаған,   француз   философы 

Огюст Контпен (Auguste Comte) ΧІΧ ғасырда енгізілген. Оның үстіне, альтруизм 

деп   көбінесе   жақынның   игілігіне   әрекет   етуге   ұмтылу,   жақыныңа   деген 

махаббат,   басқаларға   деген   адалдылық   пен   кең   пейілділік,   біреудің   игілігіне 

риясыз қамқорлық көрсету деп айтады.



Мәні бойынша, бұл екі атау да – «альтруизм» және «өзімшілдік» - барлық 

тірі   жандардың   ішінде   тек   қана   адамды   сипаттайды.   Өйткені,   «ниет»   және 

«еркін   тілек»   деген   атаулар   тек   адам   тегіне   ғана   жатады.   Басқа   жандарда 

таңдау мүмкіндігі  жоқ. Алу мен беру,  жұту мен шығару,  сондай – ақ,  олжаға 

аңшылық және өзін өзі құрбандыққа шалу олардың гендері мен түйсіктерінде

абсолютті   түрде   тамырын   жайған.   Бірақ,   біз   «альтруизм»   және   «өзімшілдік» 



атауларын   табиғатта   өмірді   басқаратын   заңдарды   түсінуді   жеңілдету   және 

осыдан өзімізге қорытынды жасау үшін астарлы мағынада пайдаланамыз.

Бір   қарағанда,   табиғат   бізге,   онда   күштісі   жеңетін   жеке   адамдардың 

өзімшіл   күресінің   алаңы   болып   көрінеді.  Осы   жерден   зерттеушілерде   жеке 

адамдарды   альтруисттік   әрекеттерге

2

  итермелейтін   тікелей   және   жанама 



ынталарды түсіндіретін теорияларда қажеттілік пайда болады. Бірақ неғұрлым 

ынталы және жан – жақты көзқарас жалпы көріністі анықтайды: күрес пен қарсы 

тұрулардың барлығы одан да үлкен тепе – теңдікке, бір біріміздің өмір сүруімізді 

қолдауға,   жүйені   сауықтыруға   және   табиғаттың   толығымен   неғұрлым   сәтті 

дамуына апарады.

__________________________ 

1 Осыған байланысты 2006 жылдың мамырында, Molecular Biology журналында жарияланған 

Неделку   (Nedelcu)   және   Мичодтың   (Michod)   авторлығындағы   «Альтруисттік   геннің 

эволюциялық пайда болуы» мақаласын қараңыз (The Evolutionary Origin of an Altruistic Gene). 

Интернеттегі сілтеме: http://mbe.oxfordjournals.org/cgi/reprint/msl016v1

2 Биологиялық контекстте альтруизмді бір қарағанда, жеке адамның тірі қалу және көбеюге 

қабілеттілігі есебінен басқаларына пайда әкелетін мінез – құлық деп анықтайды. Осы тектес 

әрекеттерді   түсіндіру   үшін   теориялардың   бірнеше   қатары   жасалды.   Әрі   қарай   біз   негізгі 

тұжырымдамаларды келтіреміз. «Топтық таңдау» теориясы альтруизм  жеке адам қатысты 

топтың мүдделеріне қызмет етеді деп тұжырымдайды,

Табиғаттағы ғаламдық тепе – теңдікті өткен ғасырдың 90-шы жылдарының 

басында,   Солтүстік   Кореяның   үкіметі   тұрғындардың   мазасын   алған   көшедегі 

мысықтардан құтылуды шешкенде көруге болатын. Бірнеше аптадан өткен соң, 

олардың   популяциясының   көп   бөлігін   жойғаннан   кейін   тышқанды 

«тұрғындардың», сондай – ақ, егеуқұйрықтар мен жыландардың  үдемелі өсімі 

басталды,  нәтижесінде көрші елдерден мысықтардың «импорты» қажет болды. 

Басқа   көрнекті   мысал   біз   әдет   бойынша   зиянды   және   қатал   жануарлар   деп 

ойлайтын   қасқырлармен   байланысты.   Қасқырларды   жаппай   өлтіру   жөніндегі 

көп   жылдық   кампаниядан   кейін   олардың   бұғы,   қабан,   сондай-ақ,   әр   түрлі 

кеміргіштер бастарын реттеуге қаншама үлес қосатыны анықталды. Неғұрлым 

дені сау жекелерді аулауды қалайтын адамға қарағанда, қасқырлар ауру және 



әлсіз   дербестерді   аулайды   екен,   сондықтан   да   оларды   «орманның   тазалық 

сақтаушылары»   деп   атайды.   Сөйтіп,   жыртқыш   аңдар   өз   кеңістігінің   басқа 

жануарларының арасында сау жағдайды сақтауға ықпал етеді.

Табиғатқа   неғұрлым   тереңдеген   сайын,   ғылыми   ой   оның   барлық 

құрамдастары   біріңғай   әмбебап   жүйенің   бөліктері   сияқты   бір   бірімен   өзара 

байланысты   екенін   анықтайды.   Біз   табиғатқа,   оған   қаталдылық   тән   деп,   өз 

сезімімізді   аударсақ   та,   бірақ   шындығында   бір   жанның   екінші   жанды     жоюы 

жалпы   табиғат   жүйесіндегі   үйлесімділік   пен   денсаулықтың   жалғасуын 

қамтамасыз ететін әрекет болып табылады. Сол сияқты, біздің денемізде әр 

минут сайын миллиардтаған талшықтар өледі және жаңарады, оған шынында, 

өмір ағыны байланысты.

___________________________________________________ 

сондықтан   да   бұл   жеке   адам   оның   да   жемістерін   пайдаланады.   «Туысқандық   таңдау» 

теориясына сәйкес, егер альтруизм  ұқсас гендерге ие туысқандарға қатысты болса, онда 

жеке   адам   өз   гендерінің   тірі   қалуына   жанама   қолдайды.   «Өзара   келісім»   теориясы 

альтруисттік мінез – құлық жеке адам өз әрекеті үшін алатын белгілі бір өтемге негізделген 

деп   тұжырымдайды.   «   Салмақ   салу»   қағидасы   альтруизмге   жеке   адам   ол   арқылы   өзінің 

ерекшеліктері мен құндылықтарын шынайы көрсете алатын құралдың рөлін береді.



Тірі   дене   талшықтарының   арасындағы   үйлесімділік.  Әрбір   көп 

талшықты   ағзада   қызықты   құбылыс   көзге   түседі.   Егер   әрбір   талшықты   жеке 

қарайтын болсақ, оның мінез – құлқы өзімшіл болып көрінеді, ол өзі туралы ғана 

«ойлайды».   Бірақ,   егер   біз   оған   жүйенің   бір   бөлігі,   дененің   талшығы   сияқты 

қарайтын болсақ, ол өзіне өмір сүруге қажетті ең азды ғана алатынын, ал өзінің 

қалған   қызметін   ағзаның   пайдасына   тигізетінін   көреміз.   Талшық   альтруист 

сияқты, жалпының игілігі туралы «ойлайды» және осыған сәйкес әрекет етеді.

Дененің   талшықтарының   арасында   толық   үйлесімділік   болуы   керек. 

Олардың әрқайсысының ядроларының ішіне құрамында барлық денені әлеуетті 

жасау   үшін   қажетті,   толық   ақпараты   бар   генетикалық   код   салынған.   Әрбір 

талшық   дененің   тірі   екендігін   білуі   қажет,   әрбір   талшыққа   дене   нені 

қажетсінетінін   және   ол   үшін   не   істей   алатыны   мәлім   болуы   қажет.   Басқа 

жағдайда, дене өмір сүруге қабілетті болмас еді. Әрбір талшық өзінің болмысын 


ағзаның   жалпы   қажеттіліктерімен   мөлшерлейді,   сәйкестендіреді   және 

келістіреді. Талшықтың барлық тіршілік әрекеті, оның бөлінуінің басталуы мен 

тоқтауы,   арнайы   дағдыларға   ие   болуы,   дененің   белгілі   бір   нүктесіне   қарай 

жылжу жалпы қажеттіліктерге бағынады.



Бірігу   жаңа   сатыда   өмір   жасайды.  Біздің   денеміздің   барлық 

талшықтарында сол бір генетикалық ақпарат салынса да, олардың әрқайсысы 

өзінің денедегі орны мен қызметіне сәйкс мұрагерлік ақпараттардың өз бөлігін 

жандандырады.   Жемістің   дамуының   алғашқы   кезеңдерінде   оның   барлық 

талшықтары ұқсас, бірақ уақыт  өте келе олар сұрыпталады және әрқайсысы 

белгілі   бір   типті   талшықтардың   қасиеттеріне   ие   болады.   Әрбір   талшықта   өз 

«түйсігі» бар, бірақ жалпы альтруисттік бірігу санасы дамудың неғұрлым жоғары 

сатысына жататын жаңа жанның, тұтас ағзаның пайда болуын мүмкін етеді. Ол 

қандай да бір талшықта емес, дәл олардың арасындағы бірігуде жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет