Тема: «Общие свойства металлов».
Цели урока: опираясь на ранее полученные знания учащихся, подвести их к пониманию различий
в представлениях о металлах как химических элементах и металлах как простых веществах;
закрепить знания о физических и химических свойствах металлов, их нахождения в природе,
основных областях применения;
акцентировать внимание на возможности интеграции курсов химии, литературы и истории;
развивать умения выделять главное, сравнивать и обобщать.
Тип урока: урок-взаимообучение
Реактивы и оборудование: Таблица «ПСХЭ», коллекция «Металлы»
Четыре элемента модуля. (УЭ)
УЭ - І. Организационная часть урока;
Металлы – химические элементы, общие свойства металлов.
140
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
УЭ – ІІ. Металлы – простые вещества, физические и химические свойства.
УЭ - ІІІ. Получение металлов. Применение металлов.
УЭ – IV. Самостоятельная работа.
УЭ – 1. Организационная часть урока.
Цели урока: Познакомить с содержанием модуля, поставить учебные цели и определить пути их
достижения.
Таблица: «Знаем, хотим узнать».
Название модуля: «Общие свойства металлов».
G)
Содержание
H)
Что нужно знать.
I)
Что нужно уметь.
Содержание.
Что нужно знать.
Что нужно уметь.
Положение химических
элементов – металлов в
периодической системе.
Нохождение металлов в
природе.
Положение металлов в
периодической системе и
особеннности строения их
атомов.
Давать сравнительную
характеристику металлов по
положению в периодической
системе.
І. Характеристика химических элементов – металлов.
а) Ме ... от 1 до 3е
-
(Исключение: Ме главных периодических групп IV – VIIгр.)
б) Ra (Me) > Ra (HeMe).
Me
0
– ne
-
Me
+n
– окисление.
0, +1, +2, +3 + низкие
в) Ст. ок. Ме
г) Изменение востановительных свойств атомов Ме в ПС
в периоде причина: заряд ядра в главной периодической группе : Ra n(e
-
) на
внешнем слое Ra.
4. Контрольные вопросы и задания.
1. Какова распространенность металлов в природе?
2. В чем различие в строении атомов металлов и немемаллов? Приведите пример.
3. Как изменяется восстановительная способность металлов в периодах, в главных подгруппах?
Почему?
4. Чем отличаются металические кристаллические решетки от:
32.
Источник информации.
а)
2,1%
2,5%
2,6%
3,4%
4,7%
8.8%
141
+4, +5, +6, +7, +8 - высокие
Другие
металлы
Mg
K
Na
Ca
Fe
Al
Распространенность в земной коре
Au
Сольнце
Cu
Венера
Sn
Юпитер
Fe
Марс
Ag
Луна
Pb
Сатурн
Hg
Меркурий
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
б) «Семь металлов создал свет по числу семи планет»
В древности и средние вака были известны не только семь металлов по числу известных тогда
планет. Алхимики считали, что эти металлы рождаются в недрах Земли под влиянием лучей планет. В
ностоящее время множество металлов трудятся вокруг нас и для нас, где мы ни находились: дома или
в школе, на улице или в транспорте.
в) истории использования Золота (Аюпова С.), Железа (Ажбаева А.) (сообщения ребят).
УЭ – ІІ. 1. Характеристика простых веществ – металлов.
а) Металлическая связь металлическая кристаллическая решетка твердое состояние,
металлический блеск, электро и теплопроводимость, ковкость (пластичность).
б) Изменение физических свойств в ПС.
2. Физические свойства Ме
Вопросы: 1) Каков вид химической связи в металлах?
2) Чем обусловлены общие физические свойства металлов?
а) Свободные е
-
- «электронный газ».
Пластичность Au, Ag, Cu, Sn, Pb, Zn, Fe
уменьшается
золото – 0,003 мм.
Электропроводимость – при t уменшается (колебание ионов затрудняется движение е
-
).
Ag, Cu, Au, Al, Fe
уменьшается
Теплопрводимость – за счет движения свободных е
-
быстрое выравнивание t-ры в массе Ме.
Металлический блеск – хорошо отражают световые лучи.
Плотность – p < 5г/ см
3
- легкие (li) p = 0,53 г/см
3
Самый тяжелый осмий (Os) p = 22,6 г/см
t плавления – цезий (Cs), t
пл
= 28,6
0
С
галлий (Ga), t
пл
= 30
0
С, плавится на ладони рук, (W), t
пл
= 3410
0
С.
Твердость – самый твердый – Cr – режет стекло.
Самые мягкие – (К), (Rb), (Cs) – легко режутся ножом.
4.
Химические свойства Ме.
Лабораторные опыты: «Химические свойства металлов»
18.
Окисление меди кислородом воздуха.
19.
Взаимодействие магния с водой.
20.
Взаимодействие цинка с соляной кислотой.
21.
Взаимодействие железа с хлоридом меди (ІІ)
УЭ – ІІІ. 1. Получение металлов.
а) Исползование самородных Ме. – Cu, Ag, Pt, Au.
б) Гидрометаллургия (востановление из растворов), реакции замещения в водном растворе – Ag,
Cu, Zn, Cd, Mo, V, например, Cu CuSO
4
Cu.
в) Пирометаллургия (восстановление при высокой температуре).
Металлотермия – тугоплавкие: Cr, Fe, Mn, W. MeO + Al Me + Al
2
O
3
+Q
Обжиг сульфидных руд – Zn, Fe. Например, ZnS ZnO Z.
г) Востановление из оксидов (при нагревании):
водородом H
2
– Pb, Cu, W, Mn, Fe, Mo, Cr, Co, Ti.
Коксом С или Si – чугун, Cu, Zn, Si, Pb, Co, V, Ni, Bi, например, MeO + CO Me + CO
2
– Q
Оксидом углерода (ІІ) СО – Fe, ферросплавы. MeO + CO Me + CO
2
- Q
Разложением оксида – Hg, Ag, например, HgO ?+? – Q
д) Электрометаллургия – щелочные, щелочно-электролиз расплавов, земельные.
Например, на катоде: Ме
n+
+ ne
-
Me
0
\
ІІ. Применение металлов и их сплавов.
а) Роль металлов в организме человека черезвычайно велика. Металлы составляют 3% массы
человека: например, содержание кальция в организме – 2%, калия – 0,27%, натрия – 0,1%.
УЭ – ІV. 1. Сасостоятельная работа (15-20 минут).
Цели: повторить и обобщить знания о металлах, выявыть степень усновния учащимся материала
модуля «общие свойства металлов».
142
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Закончите уравнения рекций, объсните один из окислительно-восстановительных процессов.
Разноуровневые задания по трем вариантам
І – вариант ІІ – вариант ІІІ - вариант
1) Cu
2
O – C
Cu
2
O + CO
CuSO
4
+ Fe
Fe + CuCl
2
Литература:
1. Химия 9 кл. – Ф.Г.Фельдман, Г.Е.Рудзитис.
2. Химия в школе № 4, 2001 г.
3. Книга для чтения по неорганической химии – В.А.Крицман.
4. «Основы методики обучения химии» - Г.Н.Чернобельская.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сүндетова Гүлмира Бахтыгерейқызы
Сабақтың тақырыбы: Астанаға ақ бата. Дихан Әбілев. Бата сөз (Ел аузынан)
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың асыл сөзі – бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздерінің
мағынасын,идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Бата сөздерді жинақтауға,асыл сөздерді түсінуге,мәнерлі
айтуға жаттығу.
Бата сөз-ата-баба сөзі мирас,мұра болып,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатынына сенімдерін
арттыру.Бата арқылы жақсы сөз,тілек айтуға үйрету. Қазақстан Республикасын сүюге, Отанының
патриоты бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, Астана туралы суреттер, Қазақстан Республикасының картасы.
Шешендік сөздер жинағы.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, шығармашылық, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі:
Қонақтарға амандасу
Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Сәлем береміз Құрметпенен
Сіздерге біз.
J)
Оқушылардың сабаққа әзірлігі
K)
Оқу-құралдарының толықтығы
L)
Оқушылардың сабаққа қатынасуы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Біздер қандай тарауды өтіп жатырмыз?
Кімдер туралы білдік?
Қазақ халқында би-шешендік өнері бар адамдар көп болған.
- Олар қандай адамдар? Қандай қаситтері басым адамдар?
- Сендер соның ішінде қандай шешен билерді білесіңдер?Өздерің білетін кімдердің шешендік
сөздерінен хабарларың бар?
Би шешендер
(Оқушылардың жауабын тақтаға жазамын) Енді осы бөлінген үш топтан өздеріне берілген үй
тапсырмаларын сұраймын.
І топ – Төле бидің сөзін ІІ топ- Қазыбек бидің сөзін ІІІ топ Әйтеке бидің сөзін .
143
TiCL
4
+ Mg
ZnO +C
TiO
2
+Al
CoO + CO
MoO +H
2
Cu +Hg (NO
3
)
2
CdO
2
+ CO
MnO
2
+ Al
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Өткен сабағымызда «Төрт тентек» атты қызықты тақырып өттік. Кім туралы?
І топқа сұрақ : Не үшін екі ауылдың арасында келісімсіздік туды?
ІІ топқа: Жиналға топқа кім келді?Не деді?
ІІІ топқа : Мөңке дауды қалай шешті?
Жалпы сұрақ: -Мөңке баланың жауабы сіздерге ұнады ма?Оны сен қалай бағалар едің?
А) тапқырлық Ә) ақылдылық Б) әділеттілік
В)осы үш қасиеттің де бала бойынан табылғаны
Сонымен жинақтай келе біз шешен адамдар,шешендік сөздер қандай болу керек екенін білдік.Тағы
қандай сөздерді білеміз (Оқушылар жауабы)
ІІІ. Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ
Оқу ... бұлағы (білім)
Не дұшпан? ...... ашу
Алтын,күміс .... екен
Арпа,бидай ... екен.
Топтау жақсы тілек
БАТА адамға жақсылық әкеледі
Жақсы сөз
Экранда екі үзінді жазулы тұр
1. ...Өмір берсең бақытты қып бер,
Дәулет берсең ,қайырлы қып бер,
Қыз берсең,қылықты қып бер.
Ат берсең ,жүрісті қып бер,
Бала берсең ,ырысты қып бер.
«Шешендік сөздер»
кітабынан
2. Екі досты айырған
Түбінде өзі оңбайды
Көреген болса балаңыз
Қиынды көзбен болжайды.
Өзіңнен туған ұл мен қыз
Сыйламаса –сол қайғы.
Төле би
10.
Қайсысы бата
11.
Неліктен олай ойладың?
12.
Бата деген не?
IV Мағынаны тану
«Бата сөзді»
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын,
Ағайын – туысқа пейілді болсын,
Өнеге –білімге зейінді болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын,
Ел қорғайтын батыр болсын,
Шындықты айтар ақын болсын,
Абыройы өрлесін,
Жаманшылық көрмесін . Ел аузынан
-Бата кімге берілген?
-Батада қандай тілек айтылған?
- Бата сөзді қайдан естідің?
- Алдында оқыған бата сөзімен екеуінің ұқсастығы неде?
САЛЫСТЫРУ
Өмір берсең бақытты қып бер,
Дәулет берсең ,қайырлы қып бер,
Қыз берсең,қылықты қып бер
.
Ат берсең ,жүрісті қып бер,
Бала берсең ,ырысты қып бер.
«Шешендік сөздер» кітабынан
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын,
Ағайын – туысқа пейілді болсын,
Өнеге –білімге зейінді болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын,
Ел қорғайтын батыр болсын,
Шындықты айтар ақын болсын,
Абыройы өрлесін,
144
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Жаманшылық көрмесін .
Ел аузынан
13.
Бата болсын,бер,бол,сақта ,ет,қыл,т.б. сөздермен аяқталады
Ал енді жазушы Дихан Әбілевтің «Астанаға ақ батасын» оқиық.
Дихан Әбілев – Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, зор талант иесі, драматург, аудармашы.
Д. Әбілев қазақ әдебиетін дамытуға қосқан өміріне белсене қатысқаны үшін Қазақ ССР жоғарғы
кеңесі Президиумының жарлығымен оған «Қазақ ССР халық жазушысы» құрметті атағы беріледі,
«Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз», «Парасат», «Халық достығы», 1-дәрежелі Отан соғысы,
«Құрмет белгісі» ордендерімен марапаталған. 2001 жылы Павлодар облысы әкімінің грант иегері
болды.
Астанаға ақ бата
Таңғажайып дарқан да алып жеріміздің нақ ортасы –кіндігі сенсің ,Астана! Тәңірден тыныштық
сұраған,өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы – түндігі сенсің ,Астана!
Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің сыңғыры да сенсің,Астана!
Тұтас еліңді қуантқан, алыстан мейман шұбатқан – тұсаукесер тойыңда айтылмас тілек болар ма,
батагөй шалдың ниеті жүрекке барып қонар ма?
О,Астана –ақ қала,жаңа қала,жас қала! Өріп шықсын өзіңнен бақыт,байлық,бастама!Көрген өмір
азабын алақандай қазағың еркіндесін,ел болсын,беттен қақпа,жасқама!
Еңсең өссін күн санап,елің өссін жыл санап. Шығармасын есіңді ,қайтармасын сесіңді Уақыт деген
құмсағат.
Алла жар боп алдыңнан Аппақ күнің лауласын, дос-туысың көп болып,жақындассын
жауласың!
О,Астана,айналдық! Біздің соққан жүрек –сен. Қадамыңа нұр жаусын ақ батадан ,тілектен!
Әумин!
Мәтінмен жұмыс
-Ақынның қандай сезімдері байқалады?
- «жақындассын жауласың!» деген сөзді қалай түсінесің?
- Батаның қандай ерекшелігі,айырмашылығы бар?
Венн диаграммасы
-Ойтолғау
-Астана қаласы туралы не білеміз? (Оқушылар ойы)
-Бата сөзі көркем әдебиеттің қандай түрі?
- Д.Әбілевтің батасы ауыз әдебиеті үлгісіне жата ма?
-Өздерің қандай баталар білесіңдер?
- Мәтелді толықтыру:
1. Жақсы сөз - .....
А)толық ырыс. Ә)жарым ырыс б) Көп ырыс
2. Баталы құл арымас, батасыз ұл ........
А)көбеймес Ә)жарымас б) болмас
Топтарға тапсырма: (2 мин. Астана суреттерінен Слайд)
І топқа Астанаға бата –тілек жазу
ІІ топқа Астана туралы өлең құру
ІІІтопқа Астананың бір бейнесін салып түсіндіру.
Қорыту. -Бүгін ауыз әдебиетінің қандай түрімен таныстық?
-Бата сөзі кімдерге қандай жағдайларда айтылады?
Бағалау. Әр топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалап айтады
Үйге үлкен кісілерден білетін баталарын сұрап, жазып келу. «Бата сөзді» жаттау
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
145
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Даулетова Жаухар Ханатовна
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі
Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы:5
Ашық сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы
Мақсаты:
- отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру;
Міндеттері:
- отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
- оқушылардың өз отбасын құртметтеуін арттыру;
- өз отбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру;
Шаттық шеңбері
Сен бақытты ұлансың! М. Қуанышбеков.
Анаң-күнің жүрегің,
Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең- асыл ардағың,
Атаң- дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
бәрі саған қуансын.
Ағаң –қамқор асқарың,
Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ой қозғау Сөзжұмбақ «Отбасы»
1.Адамға оттан да ыстық мекен
2.Әкенің әкесі
3.Бөбек
4.Туған шеше
5.Тағам
6.Бойжеткен
Жаңа ақпарат
Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және туған-туыстардың
ортасын құрайтын отбасы – қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткені адам ең
алғаш шыр етіп дүниеге келген соң, отбасының тәрбиесін алады.
Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақпен-ұрпақты табыстырушы, адамаралық туысқандық
ұғымдар тудырушы, олардың бір-біріне деген махаббат, сүйіспеншілігін тұтатушы, ғаламат күшті
жері – ұрпақ өрбітуші, рухани бірліктің, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.
Сондықтан да отбасы барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.
Топтастыру
Отбасы:
*****сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді.
***** жақсылыққа жетелейді.
***** еңбектенуге , білім алуға көмектеседі.
***** үлкендерді құрметтеуге , кішілерге қамқор болуға тірбиелейді
Әңгімелесу: « Отбасы татулығы» Аңыз әңгіме.
Әңгіменің соңғы абзацына келгенде оқулықты жаптырып, оқушылардың өздеріне аяқтату.
146
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Оқушылардың ойларын тыңдап болған соң оқулықты ашып, әңгіме аяғын оқыту, талдау.
- Әңгіменің мәні неде?
- Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?
- Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Ойланайық, пікірлесейік
- Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
- Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
Релаксация . « Сиқырлы үй» Көздеріңізді жұмыңыздар. Біздің ауылымызда бір үй бар. Ол
үйдің ауасы таза, шипалы. Адамдар сол үйдің ауасымен дем алса ләззат сезіміне бөленеді. Айналасы
көз тоймайтын табиғи сұлулық, толған хош иісті гүлдер қоршап өсіп тұр. Ол үйдің қасында ғажайып
бақ бар. Бақта неше түрлі жемістер өсіп тұр. Олардың дәмі өте тәтті, қайта – қайта жегің келеді.
Үйдің қасындағы көлде екі аққу жүзіп жүр. Осы үйде бір отбасы тұрады. Осы үйде тұратын отбасы
мүшелерінің әрқайсысы өзін бақытты адаммын деп сезінеді.
Әрқайсысыңыздың қасыңызға барған кезде көзіңізді ашасыз, мен сол бақытты адамды көрсетемін,
сіз оны көрген кезде оған күліп қараңыз.
Дәйексөз. Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілесің. Халық мақалы.
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
«Ең ,ең, ең» ойыны. Отбасымда ең қайырымды....
Ең қамқор...
Ең сыйлы...
Ең ақылды...
Шығармашылық жұмыс Берілген мақалдарға сүйеніп, шағын шығарма жазыңдар.
1. Ата- асқар тау,
Ана- бауырындағы бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
2. Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ.
3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
«Жалғасын тап» ойыны (Мақалдың бірінші бөлігі берілген, екіншісін табу)
Атаға қарап ....................
Анаға қарап ...............
Ата – ананың қадірін - ..........................
Ананың көңілі- балада, ...........................
Атаңның баласы болма, ...............
Ата көрген-оқ жонар,........................
Ата көрген-оқ жонар,........................
Қорытынды: Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық,
бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік
болады.
Үй тапсырмасы: 2-тапсырма
Берілген ой тұжырымдарды оқы. Бір шешімді таңдап ал. Оны неліктен таңдап алғаныңды
түсіндір. Жеке шешім деген бағанға өз ойыңды жаз.
Жүректен жүрекке. Әкем-әнім. Сөзі- О. Сүттібаевтікі. Әні- Ә. Сүлейменовтікі.
Әкем, шешем және мен.
Тату-тәтті тұрамыз,
Сыйластықпен, махаббатпен.
Сауық сайран құрамыз. Бәріңе денсаулық, бәріңе амандық, бәріңе татулық, бәріңе
махаббат,бәріңе жақсылық тілейміз!
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
147
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы,
Жоғарғы Егінсу ауылы «Егінсу орта мектеп – бақша» КММ
7 сынып оқушысы Бақанғали Ұлпан, оқу озаты
Қазақ халқының ұлттық ою-өрнек өнері
Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі
қарым-қатынаста болғандығы мәлім.Сондықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою - өрнектерді
көршілес елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады. Қазақ ою-өрнегін алғаш зерттеген қазақ
ғалымы Төлеу Бәсенов. Ол қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып табылатын ою-өрнекті
түбегейлі зерттеп көптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран оюларынан
басты айырмашылығы - ою - өрнектің әрбір элементі дара тұрады.Төлеу Бәсенов негізінен ел
арасынан жиналған қолөнер туындыларын алъбом етіп шығарып, әсемдік тектес ою - өрнектердің
даму тарихын және оншақты ою нұсқасын қалдырды. Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретінде,
біз қолданып жүрген ою-өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі. Туымыздан орын
алған ою-өрнек те осының айғағы. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде
елдігіміздің нышаны - көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықтың
тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы
екенін танып білеміз,өйткені ою- өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден
келе жатқан мәдениеті. Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Оның ұзақта қызықты тарихы бар. Ежелден келе
жатқан кәсіп қолөнер халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп
отырады. Қолөнер шеберлері оюмен танылады. Орнамент - әсемдеу, сәндеу деген ұғымды
білдіретін латын сөзі қазақ тілінде ою-өрнек болып алынып жүр. Бұл сөздің ұғымы бір нәрсені
ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне
ойып бедер түсіру деген мағынаны білдіреді. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында
құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі. Көне түркілердің түсінігі бойынш,
құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Бұйымдарда жан – жануарлардың мүйізі, дене
мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және
өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген. Эпиограф Сауық Қасимонов пен сәулетші Төлеутай
Бәсеновтың ою – өрнектері туралы жазылған ғылыми еңбектері бұл өнер түрін өз тарихы, даму жолы,
задылықтары бар тұтас сала ретінде таныпты.Қазақ ою–өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы
заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда қолдануда. Демек, ою – өрнек көнермейді,
ол заман ағымынына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді. Ол
сонау ғасырлар қайнауымен жеткен жай танба белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре
тарихы. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп және оюдың элементінде терең
мағына, үлкен мән бар. Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына.
Өрнектердің шығу тарихы, адам өмірімен, тұрмысымен байланысты екенін көрсете келе олардың
даму ерекшелігін, дәуірдің, адам баласының сана-сезіміне қарай өрнектің таңба, элементтердің
дамуы мен өркендеу ерекшелігін байқауға болады.Ғалымдар ою-өрнектердің 200-дей түрін
анықтады. Ғылымда ою - өрнекті хайуанаттық (зооморфтық), өсімдік тектес (көгеніс), ғарыштық
(космологиялық), геометриялық деп бөледі.
1.Жан жануарлар тектес ою - өрнектер. Ою-өрнектердің ішінде мүйіз тектес тобын қазақ
халқының ою-өрнектерінің төркіні десек те болады. Өйткені, барлық жаңа буындар осының негізінде
жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз,
қос мүйіз, сыңар мүйіз, қос алқа, құс қанаты, қаз табан, қаз мойын, қарға тұяқ, итарқа, итмойын,
өрмекші, төртқұлақ т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы
жасалады. Бұл мал мен жануарлар өмірінен алынған оюлармен қазақ еш уақытта киім безендірмеген.
2. Өсімдік тектес ою – өрнектер. Ою-өрнектің екінші үлкен тобы - өсімдік тектес оюлар. Қазақ
ежелден табиғатты аялаған. Табиғаттан өзіне пана тапқан. Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып
келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік
ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Гүл оюларының өзінде де
халықтың дана ойы жататынын мынадан байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-
бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді. Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзімнің тұрмыс
жағдайын, ақыл – парасаттың, әдептілік, адамгершілік, мейірімділік, тәлім – тәрбие ұғымдарын
148
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
кілемшедегі ою – өрнек нақыштардың мағыналық ерекшеліктерімен жеткізіп отырған. Қазақ ою-
өрнектерінде кейде түзу, қисық, кейде доға сызықтар көптеп кездеседі. Бұл топқа жататын оюлар мен
өрнектер киім безендіруде молынан кездеседі. Кейде өзен, аққан су сияқты ирек кестелер кездеседі.
Оны қазақтар тоқтаусыз, қозғалыстағы үзілмес өмір белгісіндей қабылдайды. Мұндай өрнектер
көрнекі жерге-киім өңірлеріне түсіріледі. Толқын тәріздес таусылмас өрнектер күрделі жануарлар
немесе аспан әлемінен алынған өрнектердің екі шетін қаусырып тұру үшін таптырмайды. Сондай-ақ
“сүйір”, “ирек”, “балдақ”, “қармақ”, “тұмарша” тәрізді атаулар оюларды киім безендіруге
пайдаланбаған. Олар алаша, ши, басқұр, текемет және басқа тұрмыстық заттар үшін таптырмас
безендіру үлгілері.
3. Космогониялық ою - өрнектер. Көнеден келе жатқан өрнектің келесі тобы - ғарыш сипатты
(космогониялық) оюлар. Қазақ қашан да қияли жүйрік халық. Қазақтар ежелгі заманда-ақ ғарыш
сырын ұғуға тырысқан. Өз қиялдарын тұрмысындағы заттарды жасауға немесе безендіруге
пайдаланылған. Аспаннан жерге жеткендей әсер береді. Ғарыштық сипаттағы өрнектер арасындағы,
алдымен күннің жөні бөлек. Сондай-ақ түнгі аспаннан да талай ою алынған. Небір аңыздарға арқау
болған. Құс жолына қарап “шимай” және ”бітпес” деген өрнектер жасалынды. ”Айшық, “Ай гүл”
деген өрнектер түнгі аспанның басты тұлғасы негізінде дүниеге келген.“Ай гүл”қазақ тарихындағы
алғашқы өрнектердің бірі болған, оған негіз бар. «Күн» ою-өрнегі Күнді меңзейді. Күн, Ай, аспан
бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі, діни ұғымда бұлардың магиялық күші бар деп
сенген. «Күн», «күн-көзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» оюлары кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына
салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды
бедерлеуде, ат-әбзелдерін әрлеуде қолданылады.
4. Геометриялық ою - өрнектер. Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектердің магиялық және
символдық мәні бар деп сенген. Қола дәуіріндегі саз балшықтан жасалған құмыраларда
геометриялық ою-өрнектермен әрленген. Бұл топтағы оюлар киім безендіруде молынан
кездеседі.Кейде өзен, аққан су сияқты иректер кездеседі. Оны қазақтар тоқтаусыз үзілмес өмір
белгісіндей қабылдайды. Мұндай өрнектер көрнекі жерге киім өңірлеріне түсіріледі. «Сүйір»,
«Ирек», «Балдақ», «Алшы» т.б. оны қазақ бақыттың, табыстың, ақ жолдың белгісі деп білген. Сол
себепті әйелдер жаулығының, кимешектердің, бешпеттердің шетіне кестелеген. Қолөнер шеберлерін,
суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою-өрнектің атқаратын рөлі зор. Қолөнер
шеберлері жасаған бұйымда ұлттық нақыш айқын тұруы тиіс.Сол ұлттық нақышты айқындап
бейнелейтін өнер түрі – ою-өрнек. Қазақ халқы ою-өрнекті киелі санаған. Мәселен қабырғаға
тұтылған тұскиіз бен кілемдегі өрнектерге біраз зер салып көріңіздер. Қараған сайын ой-
қиялдарың оянып, сол ою-өрнектер, бейнелер мен сызықтар арқылы шеберлердің не айтқысы
келгенін байқайсыздар. Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге
байланысты оюлар. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен
жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына
сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі
тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың
үйіне жіберген сәлемдемесінде “құсмұрын” бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан
баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын
болған.Сол сияқты орамалдың бетінде ұшқан құс пен бүршік атып келе жатқан гүл
бейнеленсе, ата – анасы қызымыз құстай емін – еркін, жайраңдап өмір сүріп жүр екен,-деп мәз
болысады. Сонда әр өрнектің астарында алуан мағына бар. Қазақ халқының ою-өрнектер
бейнеленетін қол өнер бұйымдары бірнеше түрге бөлінеді. Олар ағаштан жасалған, теріден,
жүннен, т.б. Ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын
көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында құстың, гүлдің , жануардың түрін
тұспалдап тұратыны белгілі. Әр оюдың өзіндік мағынасын түсіне отырып , қабырғаға әсемдік
үшін ілетін болған. Ата –бабаларымыз «тұмар», «қошқар мүйіз» ою-өрнегінің магиялық күші
бар деп сенген. «Тұйық» оюы ел қорғаған батырлардың иығы мен қалқанына, аузы дуалы билердің
жауырын тұсына салынған. Тұйық оюы бақыттың, достықтың, шексіздіктің, мәңгіліктің белгісі.
Ай найзасы болмаса,
Ерді қайдан танырсың.
Ен-таңбасы болмаса,
Малды қайдан танырсың – деп қазақ атамыз айтқандай, тұйық оюы еліміздің
149
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
белгісіндей болып, мемлекеттік Туымызда бейнеленген. «Қошқар мүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі
мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын
долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға
қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. «Қошқар мүйіз» ою-өрнегі байлық пен молшылықтың
нышаны. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтымен байланысты
туған. Қошқар мүйіз ою туралы халқымыздың сүйікті ақын қызы Фариза Оңғарсынова былай
деп жазыпты:
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай?
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
“Келе ғой, қошақаным, өзіме!”-деп,
Әжем кеп сипағандай шашыма жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі.
Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан ,
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
«Қай үйге кірсемде, жердегі киіздің бетіне оюдың бір ғана түрін көремін. Сөйтсем, мен
қазақтың киіз кітабының үстінде демалып отырған екенмін. Қазақ халқының адамгершілігін
күннің мейірімділігімен теңеуге болады екен»,-деп Александр Македонский айтқан деген аңыз да
бар.
Қай халықта және қашан да болса мұқтаждықты жою, баршылықты молайта беру, халықтың
тұрмысын жақсарту, киiм-кешектi, үй жићаздарын тиiмдi, қолайлы, сәндi де ұнасымды етiп пайдалану
халықтардың бәрiне бiрдей ортақ мүдде, ортақ арман едi. Соның нәтижесiнде бiздiң бабаларымыз
бен аналарымыз кейiнгi ұрпақтар үшiн көптеген өнер мұраларын қалдырды. ''Әр елдiң тiлiн, өнерiн
бiлген кiсi онымен бiрдей деңгейде пiкiрлесе алады, аса арсыздана жалынбайды'' деп тiл мен өнердi
жоғары бағалаған Абай. Ал,Ш.Уалиханов ою-өрнек өнерi қазақ халқының өмiрiнде айрықша өнер
екендiгiн, оның ерекшелiктерi мен қыр-сырының молдығы қаншама бiлiмдарлықты талап ететiндiгiн
айтқан. Жалпы ою өнерi дүние жүзiнiң көп халықтарына тән. Ою - өрнектерді әр түсті бояулармен
алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар.Бояу мен түстерді
таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен де байланысты символдық
мәні де болған. Қазақта қайсыбір түстердің символикалық мәні бар: көк түс – аспанның түсі ,
қызыл түс - оттың, күн көзінің символы, ақ түс - ақиқатты, қуаныштың, бақыттың
символы, сары түс - ақыл – парасаттың қайғы – мұңның символы, қара түс - жер символы;
жасыл түс - жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда оған
белгілі мән беріледі. Демек, бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің
ұлттық өзіне тән талғамы мен татымы болған. Түстер адам өмірінде үлкен роль атқарады.
Түс адамға психологиялық - физикалық жағынан әсер етеді Мысалы, жылы, суық түстен адамға -
ширақтық пен еңбекқорлық, қуаныш пен қайғы сезімдерін туғызады. Түстерді дұрыс қабылдауға
қабілеті бар адам он мың түстердің реңдерін байқап, ажырата алады. Қолөнер бұйымдарын
жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Өрнек
дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Жалпы
алғанда ою - өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу. Композициялық
тұйық өрнектер дегеніміз- шеңбер ішінде, түрлі бұрыштар ішінде орналасқан өрнектер.
Өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу керек. Симметрия дегеніміз - ою өрнектің екі
жағының тең болуы. Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны- ритм дейміз. Бұйымға
салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы–колорит деп
аталады.
«Тәуелсіздік таңы» деп аталатын бұл композициялық шығармамызда симметрия, ритм, түс
үйлесімділік заңдылықтарын сақтай отырып, ілмек бізбен тоқыдым. «Күн», «күн-көзі», «күн
сәулесі», «шыққан күн» оюлары кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады. Халық қолөнерінің бай
мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Қай халықтың болса да, тұрмыс – тіршілігіне
қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Халық шеберлерінің қолынан
шыққан әдемілеп, әсемдеп тіккен бұйымдары көзімізге ыстық көрінетіні анық. Халық арасында
осындай өнерімен әйгілі шеберлеріміз көп. Олардың қолтаңбасы күнделікті өмірде мен мұндалап үй –
150
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
үйде жайнап тұр. Осы халық шеберлерінің мұрасын, біздің қазіргі заманымызға дейін алып келушілер
кімдер? Әрине, олар он саусағынан өнер тамған шеберлер. Мәшһүр Жүсіп Көшетұлының аңыз
әдебиет үлгілерін жинақтаған еңбегінде мынандай үш асыл қасиет бар. Асылдығы бір – бірінен
өтеді, бірі – көз, бірі – көңіл, бірі – ақыл. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, әсемдікке
баулуда әлемнің әсемдігін көзбен көре білуге, зерделі болуға үйретіп отырған. Шеберлерді үлгі ете
отырып, қолөнерді үйреткен. «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» - дейді халық даналары. Көне
көз қариялардан сұрастыру арқылы өзінің шеберлік қасиеттерімен халқының ғасырлар талғамынан
өткен асыл қазынасын меңгерген қолөнер шеберлері біздің ауылымызда да өмір сүрген, қазірде бар.
Соның бір – екеуіне тоқтала кетейін. Халқымыздың мұрасын қазіргі кезге дейін алып келген ел
ішіндегі он саусағынан өнер тамған шеберлер. Халық өнерін игере білген, ұлттық бұйымдарды
шеберлікпен тігетін Рая, Нұргүлсім, Жұпарқан апа - әжелеріміздің қолынан шыққан бұйымдар әр
түрлі көрмелерден жүлделі орындар алып жүр. Ол апаларымыздың қолынын шыққан әдемі
бұйымдары ауылымыздың мұражайында тұр. Олардың көзін көріп, қолөнерін үйреніп, өздерінің
тұрмыстық қажетін өтеп отырған Камалхан, Роза, Қарлығаш, Айман сияқты апай көкелеріміздің
тіккен бұйымдары көздің жауын алады. Бабаларымыздың ғасырлар тарихынан өткен асыл қазынасын
осындай елдегі шеберлердің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Халық өнері мені қызықтырады. Оларды жоғалтпай, үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай мен де бос уақытымда
анаммен бірге ою ойып, оны кестелегенді қолөнермен айналысқанды ұнатамын. Қазақ халқының
өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық тәлім- тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі
бар. Оның ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы - еліміздің мүддесі, халқымыздың талабы. Ұлттық
ою-өрнектердің бүгінгі заманға пайдасы зор. Ендігі міндет ұлттық дүниетанымын
ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп, көркем, рухани
қазына ретінде пайдалана білу. Қазақ қолөнерінің күрделі саласы ою-өрнекті әлі де ғылыми
тұрғыдан тереңірек зерттей түсу қажет. Оюдың адам баласын тигізер әсері мол. Адам ойын бір
жүйеге келтіреді, денсаулыққа пайдалы жағы да аз емес. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге , ашуды,
қайғыны басуға ықпал етеді .Бұл туралы Зейнеп Ахметова апамыз Бауыржан ата туралы жазған
естеліктерінде көптеген мысалдар келтірген. Атамыз жазып отырған еңбегі өнімсіз болған кезде
қолына жедел қайшы мен қағаз алып, түрлі ою ояды екен. Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз-
дәлдік, есеп, теңдік, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық,
ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке,
шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат,
сұлулыққа деген құштарлық жиын-тығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады - деп
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру біздің қолымыз.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан ұлттық энциклопедия 7 том Алматы,2005.
2. М.Ш.Өмірбекова. Қазақ халқының дәстүрлі өнері Алматы,2003.
3. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы Алматы.Рауан,1990.
4. Ш. Өмірбекова.Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. «Алматыкітап» 2003ж
5 Ә. Ысқаққызы. Сырмақ өнері. «Алматыкітап», 2007 ж.
6. Сапар Төленбаев, М.Өмірбекова «Ою-өрнектердің жасалу жолдары»
Достарыңызбен бөлісу: |