|
§93. Сөз аяғындағы -cт, -сть, -зд
|
бет | 5/6 | Дата | 30.05.2022 | өлшемі | 64,57 Kb. | | #35949 |
| Байланысты: баяндама орфогр§93. Сөз аяғындағы -cт, -сть, -зд әріп тіркесінің соңғылары түсіріліп жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: jýrnalıs (-tiń, -i, -ke, -ter), komýnıs (-tiń, -i, -ke, -ter), manıfes (-tiń, -i, -ke, -ter), ensıklopedıs (-tiń, -i, -ke, -ter), Everes (-tiń, -i, -ke, -ter), sıez (-diń, -i, -ge, -der), vedomos (-tyń, -y, -qa, -tar), poves (-tiń, -i, -ke, -ter).
§94. p, h әріптеріне аяқталған шеттілдік сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, p, h ұяңданбайды: arhetıp - arhetıpi, stereotıp - stereotıpi, ketchýp – ketchýpy, sheıh - sheıhy, shtrıh - shtrıhy. Сондай-ақ h әрпіне аяқталған сөзге қосымшалар жуан жалғанады: seh – sehty, -qa, -tar, sheıh – sheıhty, -qa, -tar, shtrıh – shtrıhty, -qa, -tar.
§95. -рг, -кс, -лк, -кл әріп тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: ocherk (-tiń, -i, -ke, -ter), lúks (-tiń, -i, -ke, -ter), polk (-tiń, -i, -ke, -ter), sıkl (-diń, -i, -ge, -der), hırýrg (-tiń, -i, -ke, -ter), metalýrg (-tiń, -i, -ke, -ter).
§96. -кт, -ск, -нкт, -пт, -мп, -мб, -фт әріп тіркесіне бітетін сөздерге қосымша y, i дәнекері арқылы, ал -кт, -ск, -нкт сияқты құрамында к әрпі барларына тек жіңішке, басқаларына соңғы буын үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: faktige, faktisi; obektige, obektisi; dıskige, dıskisi; pýnktige, pýnktisі; akseptige, akseptisi; Olımpige, Olımpisi, rombyǵа, rombysy; shrıftige, shrıftisі.
§97. Сөз соңындағы -нг әріп тіркесі ń әрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: parkıń (-niń, -ge, -i, -der), boýlıń (-niń, -ge, -i, -der), brıfıń (-niń, -ge, -i, -der), reıtıń (-niń, -ge, -i, -der).
§98. Ағылшын тіліндегі түпнұсқасында w әрпімен басталатын кейбір сөздер ý әрпімен жазылады: ýаtsap, ýıkı, ýıkıpedıa, ýeb-saıt.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|