«ЖАҢа инновациялық имитациялық ойындар технологиясы»



бет9/10
Дата22.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИМИТАЦИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ


Қазіргі заман талабының өзі оқушыны бірінші орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын — ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін — бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, өмірге деген көзқарас қалыптастырып, алған білімін өмірлік жағдайда қолдана білуіне жол ашу жатады. Қорыта келгенде, кез келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу және сұрыптау қажет. Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу, оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуын қарастыру. Педагог жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында өзін-өзі дамытады және қалыптастырады.
Инновациялық әдістермен жасалған теориялық талдаулар үздіксіз жыл бойында жүзеге асырылып отырса, бала жаттығып, өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жасауға дайындалады. Осы арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар мен жағдайларды, халқымыздың мәдени құндылықтарын өздігінен пайымдауға қадам бастайтын, рухы мықты азамат тәрбиелейміз. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

  • әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

  • білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

  • өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

  • аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Жалпы алғанда, білім беру, гуманитарлық, сонымен қатар жаратылыстану ғылым салаларында дәстүрлі оқыту жүйесін өзгертіп, инновациялық әдіс-тәсілдер мен амалдарды жалпылай қолдану үлкен нәтиже береді дегенді алға тартамыз. Себебі, инновациялық әдістерді қолдануда көп жағдайда оқытушы мен білім алушының өзара тығыз қарым-қатынаста болуын, ақылдаса келе бір ортақ түйінге келуін, ұжымдаса әрекет етуге бағдылануын талап етеді. Ал біздің, педагогтардың, мақсатымыз – әрбір білім алушының қазіргі заманға сай жеке дүниетанымын, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, индивидуалдылығын таныту.
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет