«ЖАҢа инновациялық имитациялық ойындар технологиясы»


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ



бет2/10
Дата22.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИМИТАЦИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ

1.1 Жаңа инновациялық технологияларды информатика сабағында қолдану


Э.Роджерс «Инновация — нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» десе, Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» дейді. Яғни инновацияны жаңаны көру, жаңаға ену, жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет. Инновация көпсалалы, кең қолданыста. Педогогика ғылымында өзіндік категориясы болса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениеттанушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерде жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке — дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
С.Қ.Мұхамбетова инновациялық технологияның құрылымы мен дәстүрлі оқытудың құрылымын мына кестеде сипаттайды:

Инновациялық технология құрылымы

Дәстүрлі оқытудың құрылымы

Тұжырымдамалық негізі

1.Ұйымдастыру бөлімі

Мазмұндық бөлім: Оқыту-тәрбиелеу мақсаты; білім мазмұны

2.Мақсаты: қажетті білімнің өзектілігін көрсетін, өткен материалды есте түсіру, қайтаалау, үй тапсырмасын тексеру

Оқу процесін ұйымдастыру; болжау мен алдын-ала жобалау реттеу

3.Жаңа білімді хабарлау мен оны түсіндіру, яғни мазмұндық бөлімі.
4. Сабақты бекіту.
5. Қорытындалау.
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма

Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі жүріп жатыр. ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен сусындатып отыруға тиісті. Бұл іске нәтижеге қол жеткізу үшін , мұғалім - қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық , педагогикалық өзгерістерге тез төселген, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан - жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.
Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Информатика келешек ұрпақтың :

  • Жан - жақты білім алуына;

  • іскер әрі талантты;

  • еркін дамуына жол ашады.

Бүгінгі таңда оқытудың ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру - қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал, барлық арнайы ақпараттық құралдары (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз. Алдымен информатика саласының жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу - үрдісінде білім беруде ақпараттандыру мүмкін емес.
Компьютер арқылы оқыту мынандай міндеттерді қамтиды:

  1. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;

  2. Ойлау қабілетін дамытады;

  3. Оқыту тәрбие үрдісіндегі ақпараттың алмасу сипатын айқындайды.

Қолдану тиімділігі:

  1. Шығармашылық қабілеті дамып, мәдениетінің деңгейі мен ықыласы көтеріледі;

  2. Оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес талдаулары мен ұсыныстарын бірге көреді;

  3. Оқушының пәнге қызығушылығы артады;

  4. Мұғалім оқушыға бағыт беріп отырады;

  5. Уақыт үнемделеді;

  6. Орташа оқитын оқушылар саны азаяды.

Сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып , сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсек, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс. Балалардың қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі программаларды, сайттарды пайдаланған жөн.
Мысалы, презентациялар дайындау үшін :








Балалармен қызықты тест өткізуге арналған сайттар

GOOGLE ФОРМЫ



QUIZLET



PROPROFS



KAHOOT!



CLASSMARKER



PLICKERS



EASY TEST MAKER


Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда:

  • Жобалау, саралап оқыту технологиясы

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

  • Модуьдік, деңгейлеп оқыту технологиясы

  • Сатылай комплексті талдау технологиясы

  • Компьютерлік оқыту технологиясы

  • Ойын технологиясы

  • Білім берудегі интерактивтілік технологиясы және т.б.

Инновациялық технологияларды тиімді қолдану нәтижесінде төмендегі жетістектерге жетуге болады:

  1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

  2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыру мүмкіндігі артады.

  3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтап, оларды бақылауға мүмкіндік аласың.

  4. Оқушылардың ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

  5. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық еркіндігі артады.

  6. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Жоғарыда аталған жаңа технологиялардың ішінде ойын технологиясының алар орны ерекше. Сабақтың бір кезеңінде осы технологияның элементтерін қолдану – өте тиімді әдіс. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген.
Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:

  • Ойынға кіріспес бұрын оның жүргізілу тәртібі мен шартын оқушыларға әбден түсіндіру;

  • Ойынға сыныптағы , топтағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;

  • Ойын түрлерін тақырыптық бағдарламаға сай іріктеп алу;

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, сын тұрғысынан ойлана білуіне жетелеу;

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан күрделі ойынға көшу;

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет;

  • Белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау;

  • Үлгерімі төмен оқушыларға ақыл-кеңес беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет