«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы Өткізу күні


Формат. Мектепалды, 1-11(12) сыныптарда қашықтан оқыту



бет3/20
Дата06.01.2022
өлшемі47,71 Kb.
#14750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
1 Формат. Мектепалды, 1-11(12) сыныптарда қашықтан оқыту

(әр мектеп тек 2020-2021 оқу жылында оқу ұйымдастырылатын форматты түсіндіреді)

Мектепалды, 1-11 (12) сыныптарда қашықтан оқу процесі ұйымдастырылады.

Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін мектеп Интернет-платформаны таңдайды. Мектеп қандай білім беру Интернет-платформасын таңдағанын сынып жетекші айтады. Демонстрацияны қосады, Интернет-платформаның мүмкіндіктерін көрсетеді.

(Платформаға шығу үшін _________ сілтеме бойынша өту керек

Тіркеуден өту_________

Өзіңіз туралы ақпаратты жаңарту_________)

Сынып жетекші мектеп таңдаған Интернет-платформаның функционалдық ерекшеліктерін түсіндіреді (оқу тапсырмаларын қалай табуға болады, Интернет-платформаның мүмкіндіктерін қолдана отырып БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын қалай табуға болады, ата-аналарға арналған функционалдылықты, оқушыларға арналған функционалдылықты және т. б.).

Қашықтан оқыту процесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (бұдан әрі-СанЕжН) талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта да өтуі мүмкін. Бұл жағдайда сабақтар екі форматты біріктірумен немесе тек асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.

Синхронды форматта оқыту Интернет-платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мұғалімнің нақты уақыт режимінде білім алушылармен тікелей байланысын (стриминг) көздейді.

Сабақтың бір бөлігі (30-80%) стримингке шығу үшін пайдаланылады, қалған сабақ асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.

Сабақтың асинхронды форматы - бұл Интернет-платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі, оның ішінде өз бетінше оқуға арналған мазмұн және мұғалімнің кері байланысы бар оқу тапсырмалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет