Жаңа заман тарихынның кезеңдері


Күші жүздегі халық-азаттық қозғалысы (1783-1797 жж.)



бет24/42
Дата28.11.2023
өлшемі323,65 Kb.
#130519
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
жана тарих

Күші жүздегі халық-азаттық қозғалысы (1783-1797 жж.)


Күші жүздегі халық-азаттық қозғалысы (1783-1797 жж.)
Негізгі ұғымдар: Орда, Ішкі Орда, биліктегі саяси дағдарыс. Дәстүрлі хандық билік.
Жоспар:
1. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыс.
2. Сырым Датұлы бастаған Күші жүз қазақтарының көтерілісі
3. Бөкей хандығының құрылуы.
Мақсаты:Патша өкіметінің қазақ даласын отарлаудағы отаршылдық саясаттарын деректерге сүйене отырып, дәлелдеу
Лекция
1. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыс. 1783-1797 жылдары Кіші жүзде Сырым Датұлының басшылығымен халық-азаттық котерілісі болды. Бұл көтеріліс феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағытталған қозғалыс. Кіші жүздің Россияға қосылуы қазақ қоғамының шаруашылық және мәдени дамуында елеулі тежеуші роль атқарды. Сонымен қатар Кіші жүз патша үкіметінің отар-шылдық езгісінінің күшеюіне де себепші болды. Феодалдық қатынастардың одан әрі дамуы тап қайшылықтарының шиеленісуіне өкеліп соқты. Осының бәрі еңбекші бүқараның наразылығын туғызды. Бұл әсіресе, кошпелі мал шаруашы-лығымен айналысқан қазақ қауымдарына аса қажетті қоныстық жерлерді пайдалану мәселесінде байқалды. Патша үкіметінің 1756 жылгы указы бойынша қазақ қауымдарына Жайықтың оң жақ жағалауындағы жерлерді ("ішкері жақ") пайдалануға тыйым салынған. Еділ (Волга) мен Жайық аралығындағы едәуір жерді 1771 жылға дейін қалмақтар мекендеді. Олардың Жоңғарияға үдере кошуіне байлаысты (1771) бұл жерлер босап қадды. Қазақ шонжарларының осы жерлерді қысқы жайылымға сүраған өтініштері патша үкіметі тарапынан аяқсыз қалды. Қазақтардың "ішкері жаққа" етуіне патша үкіметі 1782 жылы ғана рүқсат берді. Кіші жүз ханы Нұралы және оның туыстары қоныстарды иемдену правосын пайдаланып, халық бүқарасына барынша қиянат жасады. Олар "ішкері жаққа" откен әрбір түтіннен 1 жылқы мен 1 қой алып отырды. Ал, Орал казак-орыстары старшиндармен ауыз жаласқан хан мен сұлтандар мүндай ақы толемейтін, әрі 'ішкері жаққа" өткен ауылдарды тонайтын. Мүның озі хан түқымының, шекаралық әкімшілік орындарының және Орал казак-орыстары билеуші тобының пайда түсіретін табыс козіне айналды. Бұл отаршылдық және феодалдық езгінің ұштасқанын анық аңғартады. Мүның бәрі көтерілістің шығуына себепші болды. Кіші жүзде жер мәселесінің Шиеленісуімен қатар феодал, шонжарлардың өз ішінде өкімет билігі үшін тартысы да өрши түсті. Төре түқымынан шыққан ақсүйектер билер мен батырлардың ел арасыңдағы ықпалының артуына қарсы болды. Патша үкіметінің қолшоқпарына аиналған Кіші жүз ханы Нұралы билер мен батырлардың саяси өмірде атқарған жұмыстарын жоққа шығаруға тырысты. Сол мақсатпен ол билер кеңесін шақырғысы, олармең санасқысы келмеді. Өз кезегінде билер мен батырлар хаң мен сұлтандардың правосы мен билігіне шек қоюға үмтылды. Бұл көтерілістің қозғаушы күші феодалдық жөне отаршылдық езгіге қарсы күрескен шаруалар табы бодды. Көтеріліске патриархалдық-феодаддық шонжарлар — билер мен батырлар да қатысты. Бірақ олар халық наразылығын өз мақсаттарына, дәлірек айтқанда, хандар мен сүлтаңдардың билігін шектеуге пайдаланды. Сондықтан да көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар мен патриархалдық-феодалдық топтардың мүдделері бір-біріне қайшы келді. Оларың арасындағы тап қайшылығы жойылады. Көтеріліс кең көлемде өріс алғанымен, шауалар соғысының дәрежесіне көтеріле алмады. Ол халық қозғалысы сипатында болды. Көтерілістің негізгі себептері жер мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің "ішкері жаққа", Жайық сыртына өтуге тыйым салуы, ру басыларының праволарына қысым жасауы, хандардың, сұлтандардың, Жайықтың казак әскерінің және патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық тонап, озбырлық жасауы болды.
2. Сырым Датұлы бастаған Күші жүз қазақтарының көтерілісі. Көтерілістің тікелей басталуына 1783 жылдың көктемінде Орал казак-орыс әскері старшина-ларының Кіші жүз қауымдарының "ішкері жаққа" өткізген 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі сылтау болды. Көтеріліс алғашында Кіші жүз жерінің батыс аймақтарын мекендеген Тама руын қамтып, кеп үзамай Жайық пен Жем өзендерінің аралығыңдағы басқа руларға да тарай бастады. Көтеріліс-шілер жасақтары қүрылып, оларға ру старшиндары басшылық етті. Бұлардың ішінде, әсіресе Байбақты руының старшыны Сырым Датовтың ықпалы зор еді. Көтеріліс 1784жылға дейін Орал әскерлеріне қарсы бағытталды. Мысалы, котеріліс басшысы Сырым Датұлы 1783 жылы Нұралы ханның ауылдарын талаған Чаганов басқарған шеп әскерлерімен соғысты. Чаганов тұтқынға алынып, Сырым оны Хиуаға қүлдыққа сатып жіберді. Бірақ сол жылдың өзінде жазалаушы отряд Сырым-ның езін тұтқындады. Оны Нұралы хан мал беріп құтқарып алды. Тұтқыннан босаған соң Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұылының қолдауымен Орал казак-орыс әскерлерімен күресін қайта жалғастырды. Бірак Сырымды Нұралы еңді қоддамады. Қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісті басу үшін әскер беруін етінді. Ойткені С.Датов бастаған халық қозғалысы 1784 жылдан бастап Әбілқайыр өулетінен шыққан хан мен сұлтан-дарға қарсы бағытталды. 1785 жылдың басыңда СырымныН отрядына 2700 адам болса, жалпы кетеріліске қатынасқандардың саны 6 мыңнан асты. Көтерілістің бұлайша кең жайы-луьшан қауіптенген патша әкімшілігі енді оны қарулы күшпен басуға кірісті. Осы мақсатпен Орынборда генерал Смирнов бастаған әскери отряд қүрылып, ол 1785 жылғы ақпанның орта шенінде Елек өзеніне қарай беттеді. Ал әскери старши-налар Колпаков пен Пономарев бастаған отрядтар Оралдан Жем өзеніне бет алды. Алайда, бұл отрядтар халык қозғалы-сын баса алмады. Бұл кезде көтеріліске қатысқан ауылдар Жем бойынан кешіп кетті. 1785 жылдың наурыз айында Сырым бастаған шагын отряд Антоновск форпосты мен Сахарная қамалына шабуыл жасады. Дегенмен, сол кездегі соғыс өнеріне сай қаруланған гарнизондарға Сырым жасақтары тетеп бере алмады. Осы кезде Назаров бастаған жазалаушы отряд Каршинск форпосты мен Сахарная қамалына жақын жерлерде кешіп жүрген Табын руының бірнеше ауылдарын тонады. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтеріліске бүрын одан тыс қалған қауымдардың қосылуына мүмкіндік жасады. Осы жылдың орта шенінде Кіші жүздің кептеген рулары Нұралы ханға бағынбай, котерілісшілер жағына шықты. Соның салдарынан Нұралы ханның окіметі едәуір дағдарысқа үшырады. Көтеріліс-шілердің хан мен сұлтандарға, патша әкімшілігіне қарсы жүргізген күресі қалың бүқара тарапынан қолдау алып отырды. Хандық окіметінің дәрменсіздігін жақсы түсінген жергілікті патша әкімшілігі енді котеріліс бастаған старшын-дармен тікелей байланыс жасауға кірісті. Осы мақсатпен генерал-губернатор О.А.Игельстром көтерілісшілерге Ахун Қүсайыновты елші етіп жіберді. 1785 жылдың жазында көтерілісшілердің қатысуымен өткен старшындар жиналысын-да патша әкімшілігінің котерілісті тоқтату жөніндегі талаптары талқыланды. Олар сонымен қатар генерал-губернаторға өз талаптарын білдірді. Көтеріліс басшылары қазақ қауымдарына Жайық пен Еділ аралығыңдағы қоныстарды беруді және Орал казак-орыс әскерлерінің жазалаушы отрядтарын жіеруді тоқтатуын талап етті. Көтеріліске қатысқандардың басты талаптарының бірі Нұралы ханды тақтан түсіру болды. Ал сол жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны бұдан былай хан деп танудан бас тартатындықтарын біддірді. 1786 жылдың апрелінде котеріліске қатысушылардың Қысымымен Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды. Сол жылдың маусым айында Екатерина II Ңұралыны хандықтан түсіру жөніңдегі жарлыққа қол қойды. Осы жағдайды пайдаланған патша үкіметі енді Кіші жүзде хаңдық өкіметін біржолата жоймақшы болды. Мұны Игельстром реформасы жүзеге асыруға тиісті еді. Алайда, бүдан еш нәрсе шықпады. Оның үстіне көтеріліске қатысқан стар-шыңдардың барлығы бірдей хандық окіметті жоюды қолда-мады. Олардың бір бөлігі Нұралыға ғана қарсы шығьщ, Жәдік әулетінен шыққан Қайыпты хан етіп сайлауды үсынды. Сондықтан да Игельстром реформасына сәйкес қүрылған шекаралық сот пен сот келісімін орындау ешқандай нәтиже бермеді. Кіші жүзде Россияның басқару системасына жақын жаңа басқару системасын орнатуға тырысқан әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін патша үкіметі хандық билікті қайта қалпына келтіру, қазақ қоғамының жоғарғы сүлтаңдар тобымен арадағы одақты нығайту бағытын ұстады. О.А.Игельстромның орнына жаңадан генерал-губернатор болып сайланған А.А.Пеутлинг енді Нұралының інісі Ералы сұлтанмен байланыс жасады. Осы кезден бастап (1790) Орал казак-орыс әскерлері старшын-дарының қазақ ауылдарына шабуылы үдей түсті. Жазалаушы отрядтардың іс-әрекетін сүлтаңдар қодцады. Мүның өзі халық наразылығын күшейтті. Осыған байланысты Кіші жүз ауылдарында стихиялық толқулар күшейіп, котерілісшілер жасақтары Ойыл және Шыңғырлау өзендерінің бойына шоғырланды. Көтеріліс барысында таптық күштердің жіктелуі барған сайын айқындала түсті. Билер мен старшындардың кейбір топтары халық наразылығының одан әрі өріс алуынан қорқып, сұлтандармен ауыз жаласып кетті. Сойтіп, көтері-лістің негізгі қозғаушы күші болған шаруалар мен патриар-халдық-феодаддық шонжарлардың мүдделері іс жүзінде қайшылыққа үшырады.
Алайда, патриархалдьіқ-феодалдық дәстүрлерге шырмалған, езілген халық бұқарасы "өз" феодалдарына қарсы батыл күрес жүргізе алмады. 1790 жылы тамызда Нұралы хан Уфа қаласында қайтыс болды. Ералы патша үкіметі әскерінің қолдауымен хан болып жарияланды (1791, тамыз). Сұлтан тобының басшысы Ералының хан болуы халық наразылығын күшейтті. Сырым бастаған топ енді патша әскерлерімен кішігірім қақтығысулармен бас тартып, 1792 жылы ашық соғыс қимылдарына көшті. Патша қамаддарына шабуыл жасай бастады. Бірақ олар айтарлықтай нәтижеге жете алмады. Ойткені сол кездегі соғыс тактикасын барынша меңгерген қамал гарнизондарының күші қазақ жасақтарынан әлде-қайда басым болатын. Соңдықтан да көтерілісшілердің 1792 жылдың күзінде Елек қамалына жасаған шабуылы сотсіз аяқталды. Бүдан сон көтеріліс басшылары күрес әдісін озгертіп, партизандық соғыс тәсіддерін қолданды. Олар шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға алды. 1794 жылы Ералы қайтыс болғаннан кейін, патша үкіметі Кіші жүз ханы етіп Нұралынын баласы Есімді сайлады (1796). Ол көтерілісті басуға бар күшін салды. Котеріліс басшыларын патша үкіметіне ұстап берді. Сол жыддың желтоқсанында Орынбордың оскери губернаторы больш тағайындалған барон Игельстромға көтерілісті біржолата басуға бағытгалған шараларды жүзеге асыру жүктедді. Дегенмен, Кіші жүзде шаруалар көтерілісі толастамады. 1797 жылы наурыз айында көтерілісшілердің бір тобы хан ауылына шабуыл жасап, Есімді өлтірді. Ханның өлтірілуі феодал топтардың Сырымға карсы шығуына себепші бодды. Мәселен, Сырымға қарсы жіберілген жазалаушы отрядтың қүрамына Кіші жүздің Байбақты, Алаша, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш т.б. руларының билері мен старшындары да кірді. Есім хан өлтірілгеннен кейін, Кішіжүзде хан кеңесі қүрылды. Оған Айшуақ сұлтаннан басқа 6 старшын және патша өкімшілігінің окілі муфти Қүсайынов кірді. Бұл кеңестің қүрылуы сұлтандар мен ірі патриархаддық-феодаддық шонжарлардың мүдделеріне толық сай келіп, халық көтерілісін басып-жаныштауға жағдай жасады. Хан кеңесінің 1797 жылы тамызда болған мәжілісінде Сырым мыңға тарта адаммен келіп күресті тоқтататынын мәлімдеді. Сырым хан кеңесінің қүрамына енгізідді. Осыдан кейін көп үзамай-ақ 14 жылға созылған Кіші жүз шаруалар котерілісі тоқтады.
Сонымен, халқымыздың тарихындағы ашылмай жатқан ақтандақтардың бірі — үлт-азаттық көтерілістері. Бұл түр-ғыдан кәпшілік қауымға Сырым Датов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған халық қозғалыстары, 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілістері кеңірек таныстырьшған. Атайда еш шүбө келтіруге болмайтын осы қозғалыстардың өзі де советтік дәуіріміздің белгілі бір кезеңдерінде тарих сахнасынан орынсыз ысырылды, ол жайында айтылған шындық сез буржуазиялық-үлтшыддықтың көрінісі ретінде айыптадды. Соның да саддары болуы керек, бұл аталған халық қозғалыстарының назардан қағыс қалган тұстары әлі де баршылық. Әрі Қазан тоңкерісіне дейінгі бостандық, тендік аңсаған қазақ елінің үлт-азаттық көтерілісі, әділет жолындағы күресі осы айтылған үш кезеңмен ғана шектеліп қоймады. Оған төменгі хронологиялық тәсілмен беріліп отырған архив деректері айқын мысал.
Алдымен ауызға ілігетіні, өрине, Әлкей Марғұлан: "Әбілқайыр тұқымы патшага қарсы күресте қазақ тарихынан ең Қадірлі орын алатын көрнектісі "деп бағалаған XVIII ғасырдың аяғындағы Сырым Датов бастаған айбынды қозғалыс.Оның 1780 жылдары басталып, жиырма жылға жуық уақытты Қамтығаны жұртшылыққа мәлім. Көтерілістің туу себебін Әлкей Марғұлан ертеректе жазылып, архивке тапсырылған қолжазбасында: "Бұл кезде хан мен патша хаіықты екі жақтац сорып, оларга жыл сайын төлейтін рамат, жасақ, салық деген нәрселер халықты мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық талаудың өзге түрі халық бүқарасын әбден көк иық қылып, кіші жүз қазақтары енді қүлдық бүгауының астында шіруге айналды. Бұлардың ішінде халықтың еңсесіне батқаны әсіресе олардың атамекен қонысын тартып алып, өздерінің бас еркіндігіне нұқсан келтіргендік еді"деп көрсетеді.
Хан тұқымының озбырлығы күресті бейбіт түрде бастаған Сырым батырдың патшаға жөнелткен шағым хаттарыңда ашық айтылған. Саяси бостандықты көксеп, бір хатында: " Ханды орнынан түсіріп, әкімшілікті халықтың өз қолына беруді" талап еткен. Сонымен катар патша үкіметінің отаршылдық іс-әрекетіне де наразылық білдіріп: "Бұл мәзқүр Донсков Орал қаласынан мың жарым әскермен шыгып, бейбіт жатқан кінәсіз қазақ халқының екі жүз жиырма үйін шауып, оларды талан-таражга үшыратып, 57 кісісін ұстап әкетті. Алган жьшқы, ту сиыр дегеннің есебі жоқ "деп жазғаны ерекше назар аудартады.
1783 жылы жазда көтерісшілер Ойыл мен Жем бойын жайлап, патша ұлықтарына, өткінші саудагерлерге, хан-сүл-тандарға шабуыл жасады. Сырым батыр патша әскерімен қалай қақтығысуды ақылдасу ниетімен атасына ас беруді сыл-тауратып, өзіне жақтас би, батырларды, халық окілдерін жи-нады. Мұны алдын-ала сезген Нұралы ханның тыңшылары қарулы қолмен келіп, Сырым батырды бірнеше серігімен алдап оңаша шығарып, тұтқындап әкетеді. Ол Орынбор түрмесінде бір жыл жатып, халықтың талап етуімен бостандық алғаннан кейін күрес қайта жаңцанады. "Лябежный", "Руежный", "Сахарный", тағы басқа да қамалдарға шабуыл жаса-лып, өрт қойылады. Бүдан сәл ертерек Кульнев бастаған 3462 адамдық жазалаушы отряд котерілісшілерді таппай, бейбіт ауылдарды қан қақсатып оралса, енді Орынбор мен Оралдан екі әскер және шығады. Бетпе-бет қақтығыста екі жақтан да біраз шығын болып, патшаның үш офицері оққа үшады. Осы ұрыстан соң кетерілісшілер шегініп, жазалаушы отряд қорғансыз ауылға шауып, екі жүздей әйел мен жүзден аса кемпір-шал, бала-шағаны тұтқынға алған. Оған кектенген Сырым батыр ізінше сарбаздарын аттандырып, Орынбор мен Жайық тоңірігіндегі қамалдарға шабуыл жасатқан. Осылай жалғасқан көтерілістің бірде басылып, бірде қайта өрлеп, 1798 жылға дейін созылғанын, олардың қолынан Нұралының баласы Есім хан өлтірілгені, патша үкіметінің Сырым Датовтың басына үш мың сом алтын тіккенін айғақтайтын деректер жетерлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет