Есептің берілгенін жазады.
Физикалық шамалардың ХБЖ-не аударады;
Формулаларды қолданып есептер шығарады.
Шамалардың белгіленуін,өлшем бірлігін біледі;
Өлшем бірлікті ХБЖ-ға келтіреді;
Есептер шығаруда формуланы қорыта алады.
ҚБ:«Геометриялық фигуралар» (Е) «Жағдаят туғызу» әдісі арқылы әр топқа тәжірибелік тапсырмалар беремін:
1. «Төңкерілген стақан». Стақанға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен? (Себебі суды ауа қысымы ұстап тұр. Ауаның қысымы Паскаль заңы бойынша барлық жаққа бірдей таратылады. Олай болса, қағаз тек судың бетінің тегіс тұруына көмегін тигізеді.)
2. «Құрғақ тиын». Тарелкеге су құйып, ішіне тиын салынады. Тиынды суға қолыңды тигізбей алып шығу керек. Ол үшін стақанды қайнаған суға малып аламыз да, тарелкенің ішіне төңкереміз. Су стақанның ішіне кіреді. (Себебі стақандағы ауа салқындай бастайды. Сол кезде атмосфералық қысым суды жоғары қарай көтереді.)
3. Су, шприц, стақан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Неліктен?(Себебі суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым.)
Тәжірибе мақсатын анықтайды;
Атмосфералық қысымның табиғатын түсініп, өмірде қолдану жағдайын біледі.
Негізгі құралдарды анықтайды;
Тәжірибені орындай алады;
Тәжірибе нәтижесін сипаттайды.
ҚБ: «Бағдаршам» Білімді жинақтау мақсатында «Түйіндеу» әдісін қолдандым.
1.Ауаның жер бетіне түсірген салмағы не деп аталады?
А) салмақ
В) қысым
С) атмосфералық қысым
2.Атмосфералық қысымды алғаш рет өлшеген физик?
А) 1643ж Эванджелина Торричелли
В) 1643ж Эванджелиста Торричелли
С) 1647ж Эванджелиста Торричелли
3.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?
А) барометр
В) термометр
С) компос
4. 1мм.сын.бағ. нешеге тең?
А) 133,3 Па немесе 1,33 гПа
В) 13,3 Па немесе 1,33гПа
С) 133,3 Па немесе 13,3гПа
5. «Анероид» сөзінің мағынасы?
А) ауырлық
В) сұйықсыз
С) жеңіл