1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
(Сары, көк, қызыл кәмпиттерді себеттен тандату арқылы оқушыларды «Атмосфералық қысым», «Торричелли тәжірибесі», «Барометр» деп топтарға бөліп алу.)
(I)Үй жұмысын тексеру:
«Допты қағып ал» әдісі. Сұрақ арқылыүй жұмысын тексеру.
Сұрақ: Жер бетіндегі тіршіліктің көзі не?
Бағалау критерийі
Дескриптор
Сұраққа дұрыс жауап береді.
Ауаның адам өміріндегі маңыздылығын айтып береді.
Сабақ басы ҚБ: Жарайсыңдар! Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты ашу мақсатында сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуда «Миға шабуыл » әдісін қолдана отырып ортаға сұрақ тасталады.
(G) Топтық жұмыс ұсыну:
«Атмосфералық қысым» тобына: Оқулықтан атмосфералық қысымның пайда болу себебін айтады;
«Торричелли тәжірибесі» тобына: Тәжірибенің мән – мағынасын түсіндіріп шығады;
«Барометр» тобына: Оқулықтан барометр не үшін қолданылатынын және барометр-анероидтың құрылысын түсіндіреді.(Оқушылар берілген сұрақты топта талдай отырып, жауап береді. Өз беттерінше топпен біріге отырып, қорытынды шығарады.)
ҚБ:«Қол шапалақтау» «Кім жүйрік» әдісі Әрбір топқа есептер тасталады. Оқушылар есепті өздері таңдап алады.
А-деңгейі:
1.Шахтаның тереңдігін анықта,егер барометрдің көрсетуі102 927 Па болса,ал жерден жоғары 103965 Па.
В-деңгейі: 1.Барометр таудың етегіндегі қысымның 760 мм.сын.бағанынан,ал оның ұшар басындағы қысым 722 мм.сын.бағ. тең екенін көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?
С-деңгей: 1.Массасы 60 кг, бойының ұзындығы 1,6 м адамның дене бетінің ауданы жуықтап алғанда 1,6 м2. Адамға түсетін атмосфералық қысым күшін табыңдар (атмосфералық қысымды қалыпты деп есептеңдер)
Топтардың бірін-бірі бағалауы. Есептің дайын жауаптары оқушыларға ұсынылады. Бір топ келесі топты тексереді.
3-і толық орындалса –
2-і орындалса –
1-і орындалса –