Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері



бет3/4
Дата10.12.2023
өлшемі47,3 Kb.
#136384
1   2   3   4
Тиімді тыңдалым

Тиімсіз тыңдалым

Тыңдаушы назарын аударып, қызығушылықпен тыңдайды.

Тыңдаушы тарапынан қызығушылық болмайды.

Тыңдаушы мәтін бойынша түсініктеме бере алады.

«Иә», «жоқ» сөзімен шектеледі, кері байланысқа шыға алмайды.

Тыңдаушы сұрақтар қояды.

Сұрақ қоя алмайды.

Тақырыпты жалғастырып әкете алады.

Тақырыпты өзгертеді.

Ескерту - Автордың өз зерттеуінен алынған.

Сабақ үдерісі кезінде 3 кезең бойынша тыңдалым жүзеге асырылады. Тыңдалым алды, тыңдалым кезі, тыңдалым соңы кезеңдері сапалы жұмыс жасауға өзіндік ықпал етеді. Білім беруші мен білім алушы арасындағы жоспарлы әрекеттің кезең бойынша іске асуы – оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Тыңдалым дағдысын Бак 2 түрге ажыратып қарастырды [14] :

  1. Танымдық 2. Метатанымдық

Танымдық –адамның әлемді объективті түрде қабылдауын білдіретін психологиялық үдеріс. Метатанымдық - адамның өзін реттеуге негізделген субъективті ұстанымды дамытатын өлшем. ХХ ғасырда Шармо тыңдалымды тек танымдық үдеріс деп қарастырған болатын.
Дыбыстық ақпаратты білім алушы дұрыс түсініп, қабылдауы үшін тиімді тыңдалым стратегияларын қолдану керек. Метатанымдық үдерістің дұрыс қалыптасуы үшін де тиімді тыңдалымның пайдасы мол. Дж. Рубин «Бізге "жақсы тіл үйренуші" нені үйрете алады?" зерттеуінде оқылым, жазылым, айтылымға қарағанда тыңдалымның қиын екенін айтты. Ал Мендельсон «Learning to listen: A strategy-based approach for the second language» еңбегінде осы дағды төңірегінде білім берушілер білімді тексергеннен бұрын тыңдалымның стратегияларына оқушыларды машықтандыру керектігін баса айтты [3, 28 б].
Айтылым – ауызша қарым-қатынасқа негізделген дағды. Жазылымға қарағанда грамматикалық нормалар қатаң сақталмайды. Бір мезгілде бірнеше адам ауызша қарым-қатынас жасай алады. Қате жазылған жазба мәтінге қарағанда, ауызша айтылған «қате» мәтіндерге тыңдаушылар «төзіммен» қарай алады. Сөйлеушінің сауатты түрде өз ойын жеткізуі айтылым дағдысының дұрыс қалыптасқандығын айғақтайды. Левелт «Speaking: From intention to articulation» зерттеуінде 4 түрлі үдерісті ұсынды:

  1. Мәтінді алдын ала жоспарлау 2. Мәтін құрастыру 3. Мәтінді айту

4. Айтылған мәтінге түзету жасау [15, 15 б].
Оқушы сабақ үдерісі кезінде айтылымға әртүрлі мақсат бойынша қатысады. Олар: сабаққа араласу үшін сөйлеу, өз ойын жеткізу үшін сөйлеу, түсіндіру мақсатында сөйлеу т.б. Айтылым жүзеге асырылғанда, Левелттің ұсынған 4 үдерісін басшылыққа алу керек. Көпшілік ортада сөйленетін сөздер алдын ала іштей дайындықты болса да, қажет етеді. Сауатты сөйлеу дағдысын оқушы бойында қалыптастыру үшін айтылым дұрыс жүзеге асырылуы керек. Принг «Білім беру саласындағы зерттеу философиясына басқаша көзқарас» мақаласында мұғалімдердің оқыту үдерісі кезінде оқушыға сөйлеуге көп мүмкіндік бергенін қалайтынын айтты. «Жақсырақ оқытса тереңірек блім алады: орта мектептен кейін қолданылатын әдіс-тәсілдер» жұмысы арқылы Девис класта тиімді әңгіме жүргізу білім берушіге қиынға соғатынын анықтады, сондықтан басқа дағдылар сияқты айтылымға үйрету жоспарлы түрде жүргізілу қажеттігіне көңіл бөлді [3, 28 б].
Оқылым – тілдік дағдылардың бірі. Оқушылар оқылым арқылы лексикалық қорын байытады. Бұл дағды басқа тілдік дағдылардың дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Әр сөздің қолданысына, жазылу стиліне, орфографиясына мән берген білім алушы өз-өзін дамытады. Оқылым бейтарап және белсенді болады. Бейтарап оқылым –қызығушылық үшін оқу. Мұнда мәтінге сыни талдау жасалмайды. Кластағы оқу кезінде белсенді оқылым басты назарда болады. Сыни талдау жұмыстарын жүргізу үшін белсенді оқылым керек. Мәтін мазмұнын игерген оқушы мәтін аясында шектеліп қалмай, сыни ойы арқылы әрі қарай түрлі талдау жұмыстарына қатысады. Венден оқушының оқылым әдісі арқылы оқудағы проблемаларын шеше алатынын тұжырымдады.
Оқылым әдісі 3 кезеңді қамтиды: оқылым алды, оқылым кезі, оқылымнан кейінгі кезең.
Оқылым алды кезеңінде білім алушы мәтін мазмұнын игеру үшін тақырыбына, суреттерге мән беріп, қалай пайдалану керектігін үйренеді.
Оқылым кезінде негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтай отырып, бейтаныс сөздердің мәнін түсіне білуге үйренеді. Оқылым стратегияларын (көз жүгірте оқу, іріктеп оқу, комментарий жасап оқу т.б.) тиімді пайдаланады.
Оқылымнан кейінгі кезеңде мәтін бойынша ақпаратты табуды, ой қорытындысын жасауды сұрауға болады.
Камбурн 1988 жылы шыққан «The Whole Story» еңбегінде [16] оқылымға арналған мәтін таңдаған кезде деңгейге қатысты мән беріп ғана қоймай, ішкі мазмұнының қызықты берілуіне де назар аудару керіктігін айтты.
Жазылым – күрделі дағды. Мұнда оқушы орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателерге бой алдырмауы қажет. Сөздік қорды да орынды қолдану талап етіледі. Жазылым кезінде мұғалім оқушыға мынадай қолдау көрсетеді:

  • Жазылым алдында идеяны қорытындылауға, жоспарлаудың әдістерін жүйелеуге көмек береді;

  • Жазылым кезінде лексикалық бірліктердің, грамматиканың, сөз қолданысының дұрыс нұсқасына бағыт береді;

  • Жазып болғаннан кейін тапсырма дескрипторына сәйкес тексереді. Мәтін мақсатқа сай келе ме, аудиторияға лайықты ма т.б. мәселені қарастыра отырып талдайды.

Феррис «The influence of teacher commentary on student revision» жұмысында білім алушылардың бір-біріне өзара кері байланыс беруі жағымды әсер ететінін анықтады. Ал Берг болса, «The effect of trained peer response on ESL students’ revision types and writing quality» еңбегінде жазылым жұмысын қайта қарап шығудың пайдасы бар екендігіне тоқталды [3, 30 б].
Жазылым «өнімді дағды» болып есептеледі, себебі тілде қалыптасқан, бірізділікке түскен ережелерге сүйенеді. Жазылымның түрлері өте көп. Мысалы, эссе, шығарма, хат, хабарлама, мақала т.б. Жазылым дағдысын оқушы бойында қалыптастырудың басты жолдары: продуктивті жазылым, жазылым үдерісі. Продуктивті жазылым – үлгі беру арқылы үйрету жолы. Мәселен ресми ісқағаздары стиліне қатысты үлгілер оқушыға ұсынылады, оқушы үлгіге қарап отырып стилімен танысады, қалай жазу керектігі туралы ой қалыптастырады. Ал білім беруші оқушыға жазылым қадамдарын өзіне жасатуды қамтамасыз етсе, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Жазылым үдерісіне жазылым тапсырмасын жоспарлаудан бастап, өзіндік нұсқасын жаздыру, түзету, тексеру әрекеті енеді. Толық жазылым жұмысын орындап шығу үшін мына қадамдар іске асырылады:

  • Жазатын тақырыпты, негізгі идеяны, ойды дұрыс жеткізуді анықтау, жоспарлау;

  • Шимай бетке жазылым тапсырмасын орындау;

  • Жазылымды редакциялау; орфографиялық, пунктуациялық қателермен жұмыс жасау;

  • Дұрыс нұсқаны таза күйінде жазып шығу.

Жоғарыда қарастырылған тілдік дағдылар қазақ тілі пәнінде төмендегідей түрде жүзеге асырылады:

  1. «Тыңдалым және айтылым» бөліміне қатысты оқу мақсаттары мәтіндегі негізгі ойды анықтау, болжам жасау, сұрақтарға жауап беру, мәтінге қатысты баға беру, жанры тұрғысынан мәтінді талдау,мәтіндегі ойды ғаламдық мәселемен байланыстыру, тыңдаушыға ықпал ету, мәтіндегі мәселеге автор мен оқырманның қатысын ескере отырып сұрақтар құрастыру тәрізді әрекеттің іске асырылуына негізделеді.

  2. «Оқылымға» қатысты бөлімшеде мәтінді түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау, жанрлық ерекшелігін табу, мәтін бойынша сұрақтар қою, мәтіндерге талдау жасау, оқылым стратегияларын қолдану, дереккөздерді пайдаланып қажетті ақпаратты ала білу ,сілтеме жасау жолдарын білу, мәтіндегі мәліметті өңдеу, тұтас емес мәтіндерді интерпретациялау сияқты әрекеттің сабақ кезінде жүзеге асырылуы қарастырылады.

  3. «Жазылымда» әртүрлі жанрда мәтін құрастырып жазу, эссе жазу, түрлі форматта жазба жұмысын ұсыну, жинақы мәтін жазу, мәтінге түзету енгізу, тұтас емес мәтіндегі ақпаратты салыстыру т.б. жазба жұмыстарды жазып үйренуге мүмкіндік беріледі.

  4. ӘТН бөлімі қазақ тілінің теориялық негізін қамтиды. Мұнда лексика, фонетика, грамматика, пунктуация, стильге қатысты ережелер қарастырылады.

Қазақ әдебиеті пәніне тоқталар болсақ, білім мазмұны түсіну/жауап беру, анализ/интерпретация, бағалау/салыстыру бөлімшелерінен тұрады.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясында білім алушылар әдеби көркем шығарманың мазмұнын түсінеді, шығарма кейіпкерлерін ашады, шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды, қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлем әдебиетіндегі орнын біледі.
«Анализ және интерпретация» бөлімі аясында оқушылар шығарма композициясын анықтайды, автор бейнесіне талдау жасайды, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды, көркемдегіш құралдар арқылы жазба жұмыстар орындайды,көркем шығарманың тілін талдайды, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтардың көрінісін шығарма бойынша саралайды.
«Бағалау және салыстыру» бөлімі аясында оқушылар шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді, әдеби шығарманы заманауи тұрғыда талдап жаңашылдығына баға береді, шығарма құндылығын талдап эссе жазады, әдеби шығармаларды салыстыра талдау арқылы әдеби сын (сыни мақала) жазады.
Жоғарыда айтылған оқу бағдарламасын іске асыруда қолданылатын тәсілдер, қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы тілдік дағдыны қалыптастыру жолдары, оқу мақсаттарының Блум таксономиясы заңдылығымен спиральді қағидат түрінде жүзеге асырылуы – осылардың барлығы сындарлы оқыту теориясымен де тікелей үйлеседі. Дәстүрлі әдіспен салыстырмалы түрде қарағанда сындарлы оқытудың тәсілдері жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері алдыңғы білімнің жаңа материалды игертудегі ықпалын қарастырады. Алдыңғы білім сапалы түрде уақытында игерілмесе, кейінгі берілер жаңа білімге кері әсерін тигізеді. Оқушылар терең білім алуы үшін сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімін одан әрі үздіксіз дамытып отыруы болашағының жарқын болуына кепіл болады.
ХХІ ғасыр дағдысын меңгерген оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру – бүгінгі педагогтардың басты мақсаты. Оқушылардың ауызша, жазбаша мәтіндерді сын тұрғысынан қолдана білуі, мазмұнды мәтін құрай алуы тәрізді іс-әрекетінен пән мазмұнын қаншалықты игергенін байқауға болады. Бәскеге қабілетті, шығармашылық тұрғыда өз ойын еркін жеткізе алатын, тұлғаға бағдарланған құндылықтарды бойына сіңірген, кәсіби тұрғыда құзіреттілігін мектеп жасынан ала білген функционалды сауатты жеке тұлға қоғам дамуының қозғаушы күші болып қала бермек. Заман талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеуде жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасының берері мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет