6. Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.
7. Балл түріндегі білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады.
8. Формативті және жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі.