Формативті бағалау нәтижелері тоқсандық және оқу жылының бағасын қою кезеңінде есепке алынбайды.
9. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.
Балдарды бағаға ауыстыру шкаласы
1 сыныптағы балдардың пайыздық мазмұны (%)
2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%)
Баға
0-20
0-39
қанағаттанарлықсыз – «2»
21-50
40-64
қанағаттанарлық – «3»
51-80
65-84
жақсы – «4»
81-100
85-100
өте жақсы – «5»
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
ҚБ ерекшеліктері:
Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды;
ҚБ тоқсандық бағаға әсер етпейді;
Оқушылардың оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
Әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі.