БЖБ өткізу ұзақтығы 15-20 минуттан артық болмағаны ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу – шартты болып келеді, бұл – сабақтың бір бөлігін қамтитын, шағын тапсырмалардан тұратын бағалау жұмыстарын қолдану қажет екендігін көрсетеді.
БЖБ-ды қандай түрде (бақылау, практикалық, шығармашылық жұмыс, проект, ауызша сұрау, эссе және т.б.) және қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтайды
БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде тек өтілген материалдарды ғана қамту керек
БЖБ үшін тапсырмалар мен дескрипторларды мұғалім өз бетінше құрастырады (әдістемелік нұсқаулықта берілген тапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі)
БЖБ-да максималды балды дескрипторларды ескере отырып, мұғалімнің өзі анықтайды
БЖБ өткізу тоқсан аяқталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын жоспарланады
Мұғалімге кез келген қолжетімді және қолайлы формада (электрондық күнделік арқылы ақпараттандыру қарастырылуда) БЖБ нәтижелері туралы оқушыны, ата-ананы ақпараттандыру қажет