Жаңартылған білім мазмұнындағы


Қазақ әдебиеті пәнінен БЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесі



бет28/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
ҚӘОӘ сессия НОВЫЙ

51.Қазақ әдебиеті пәнінен БЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесі.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-11 сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 5-11 сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген
. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


52. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес «Атамұра» баспасынан шыққан 5-9 сыныптардың «Қазақ әдебиеті» оқулығына сипаттама беріңіз (құрылымы, тапсырмалар жүйесі).

5 сынып .Авторлары: А.С. Ақтанова,А.Жундибаева ,2017 баспа


160бет ,
Оқулық құрылымы:
Тақырыптар ерекше әдіспен түсіндіріледі.Ләйлә және Нұрасыл атты кейіпкерлер оқушыларға бағыт бағдар сілтеуші кейіпкерлер.
Мәтінде кездесетін термин,диалект,көнерген сөздер соңында түсіндіріледі
Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес Таза мінсіз асыл сөз,Тәрбиенің қайнар бұлағы,Адамгершілік – асыл қасиет,Отбасы құндылықтары атты бөлімдерден тұрады
Тапсырма түрлері: сұрақ жауап әдісі,хрестоматиямен жұмыс, сәйкестендіру,сценарий құрау,эссе жазу,тапсырма орындау үшін белгілі уақыт беріледі
6 сынып.Авторлары: А.С. Ақтанова, А.Қ. Жүндібаева, Л.К. Жұмекенова 2018. – 192 бет.
І. Нормативтік бағалау
Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес
ІІ. Оқулықтың мазмұндық жағы, құрылымы:
Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық;
Оқулыққа негізгі білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес халық ауыз әдебиеті үлгілері, ақын-жазушылар шығармалары енгізілген;
Оқулық оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес «Туған жерім – аялы алтын бесігім», «Абайды оқы, таңырқа», «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған», « Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты бөлімдерді қамтиды;
Жаңа тақырыпты меңгеру тапсырмалары топтық, жұптық жұмыс түрлеріне негізделген.
Ауызша, жазбаша тапсырмалар (эссе,) берілген.
Бұл оқулықта кері байланыс берілмеген.
Әр тақырыптан кейін әдеби-теориялық ұғымдар туралы түсініктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет