«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі Оқу



бет2/5
Дата29.03.2023
өлшемі90,39 Kb.
#77199
1   2   3   4   5
Жургізілу тәртібі
Нұсқау қарапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бұдан кейін дәл сондай басқа параққа бөлек – жаңбыр астындағы адамның суретін салуды тапсырады.
Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда, өмірдің қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттелушінің барлық әрекеттеріне назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге қосымша сұхбат жургізуге болады.
Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметерге көңіл бөлу керек. Интепретацияда ұсыныстарға сүйене отырып, логикалық көзқараспен барлық арнайы датальдарды талдауға болады. «Жаңбыр астындағы адам» суретін «Адам» суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқындауға болады. Екінші суретте адамның бейнесі экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Егер адам біреуді күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бұл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашуға да байланысты болуы мумкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақыланғандай бейнеленсе).
Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттеулушінің әрекеттен қашуға бейімділігі, сонымен қатар қорғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылалы.
Кескіннің өзгеруі (трасформация)
Кескіннің көлемінің ұлғаюы кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбіне күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.
Кескіннің кішіреюі зерттелушінің өзін қорғау мен жақтаушылықты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адамдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуте ұялады және адамдармен өзара қарым-қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нәтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.
Егер де «Жаңбыр астынданы адам» суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешеліктерін және эго реакциясьның көріну ерекшеліктерін байқатады.
Киімнің болмауы мінез-құлықтың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет