«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі Оқу



бет3/5
Дата29.03.2023
өлшемі90,39 Kb.
#77199
1   2   3   4   5
Жаңбыр белгілері (атрибуттары)
Жаңбыр – адамдарда болатын кедергілер, жағымсыз әсерлер. Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабыдайтындытығымен байланысты: сирек тамшылар
– уақытша, жеңуте болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызықтар қиын, үздіксіз жағдайлар.
Жаңбырдың қайдан «келетінін» (адамның он немесе сол жағынан) және қандай бөлік көп жағдайда әрекетке душар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағынын жазылған мәнімен қатысты жүргізіледі.
Қара бұлт – жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің калыңдығына, орналасуына назар аудару манызды. Депрессивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді.
Шалшық су, батпақ, балшық – бұл үрейлі жағдайдың салдарын, «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді. Шалшықты бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (формасы, тереңдігі, шашыранқылығы). Адам кескініне шалшық, қалай орналасқанын ескеру маңызды.
(Кескіннің артқы жағынан немесе алдыңғы жанына орналаскан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?)


Қосымша бөлшектер
Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) косымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.
«Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің басталуын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын куннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.
Қолшатырдың сыртқы жағымсыз нәрселерден психикалық қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді. Бейнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде анасы мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін. Мысалы үлкен қолшатыр – саңырауқұлақ – адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайлылығын дәлелдеуі мүмкін.
Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет