Қазіргі жалпыәскери ұрыстың негізгі қағидалары. Жалпы ұрысты ұйымдастыруда, жүргізуде, негізгі жетекші және маңызды нұсқаулар мен сипаттамаларды жалпы әскерлік ұрыстың негізгі ұстанымдары деп білу керек. Жалпыәскерлік ұрыстың негізгі ұстанымдары. - бөлімшелердің, бөлімдердің және құрамдардың тұрақты, жоғары деңгейдегі ұрысқа дайындығы; - ұрысты жүргізу кезіндегі белсенділік, шешімділік, үзіліссіздік; - іс-қимылдардың тұтқиылдылығы. - Әскерлердің әр түрінің бірлесіп іс-қимыл жасауы, ұрыс үстінде оның үзілмейтіндігі; - Керекті уақытта негізгі барыста әскердің негізгі күшін шешімді ретте шоғырландыру; - Атыс және бөлімшелер мен бөлімдердің маневрінің бірлестігі; - Ұрыс тапсырмасын орындауға психологиялық және саяси-моралдық факторларды жан-жақтан есепке алып қолдану; - ұрысты жан-жақты қамтамасыз ету; - әскердің ұрысқа дайындығын уақытылы қалыптастырып тұру; - міндетті орындағанда, қабылдаған шешімді орындағанда, қойылған нысаналарды орындауда әскерді үзіліссіз басқару барысында мықтылық. Ұрыс- әскердің, авиация мен флоттың тактикалық қимылдарының негізгі нысанасы, соғысушы тараптардың құрамаларының, бөлімдері мен бөлімшелерінің ұйымдасқан қарулы соқтығысулары; олар шектеулі ауданда қысқа мерзім ішінде қарсыласты жою (талқандау) және басқа да тактикалық міндеттерді орындау мақсатында, орны мен уақыты бойынша келісілген соққылар, атыс және маневр болып табылады. Ұрыс, жеңіске жетудің бірден-бір амалы болып табылады. Ұрыста қарсыласты талқандау мен жеңуге қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылармен, олардың нәтижелерін дер кезінде пайдаланумен, құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді де батыл қимылдарымен қол жетеді. Ұрыс жалпыәскерлік, әуе ұрысы, әуе шабуылына қарсы және теңіздегі ұрыс болуы мүмкін. Соққы- ұрыстың құрамдас бөлігі, қарсыластың әскер топтары мен объектілеріне ядролық, әдеттегі қарумен не әскерлермен жойқын соқтығу арқылы оларды бір мезгілде ойсырату болып шығады. Қолданылатын құралдарына қарай олар ядролық, атыс, ракеталық, ракеталық-артиллериялық, авиациялық соққылар және жеке соққы болады. Атыс- қарсыласты құрлықта, теңізде және әуеде құртудың негізгі амалдарының бірі. Атыстың нәтижелілігіне жаппай, тұтқиылдан қолдану арқылы, мергендік және шебер басқару арқылы қол жетеді. Маневр- ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа (шепке, бастапқы шепке) ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі; онда қарсыласқа қатысты ұрымтал жағдайда жету және күш пен құралдың қажетті топтамасын жасау мақсаты көзделеді.