Жағдайдың көрсеткіштерін тұрақты нақтылау


Жалпыәскерлік ұрыс түрлері



бет4/9
Дата01.03.2023
өлшемі39,93 Kb.
#70755
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
шпор

Жалпыәскерлік ұрыс түрлері
Қорғаныс- ұрыс түрі. Ол мәжбүрліктен немесе шабуылдау мүмкін емес, не дұрыс болмайтын кезде әдейі жүзеге асырылуы мүмкін. Қорғаныстың мақсаты: қарсыластың басым күштерінің шабуылын болғызбау не тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, өңірдің маңызды аудандарын (шептерді, объектілерді) ұстап тұру және осы арқылы батыл шабуылға шығу үшін қолайлы жағдай жасап алу.Қорғаныстың табандылығы мен белсенділігіне жету үшін қорғанушы бөлімшелердің қарсыластың шабуылдарын тойтару кезінде ұстамды, төзімді, табанды моральдық рухы биік болуы қажет; қорғаныс пен атыс жүйесі білікті ұйымдастырылуы керек; қарсыластың жағдайына үздіксіз барлау жасау қажет; атыс шептері мұқият бүркемеленген болуы; төңіректің тиімді жағдайлары, инженерлік жабдықтарды білікті пайдалануы керек; ұрыс қимылдарын жүргізу барысында қарсылас күтпеген амалдарды қолдануы, қарсыластың жаппай қырып-жою қаруынан және өте-мөте дәл қаруынан қорғану шаралары орындалу қажет;
Шабуыл- ұрыс тұрі, шапшаң қарқынмен және сұғына ілгеріленген батыл шабуыл ғана қарсыластың толық талқандалуын қамтамасыз ете алады. Шабуылдың мәні қарсыласты қолда бар құралдардың бәрімен жою, батыл шабуылдау, бөлімшелердің оның ұрыстық ретіне сұғына тереңдеуі, адам күшін жою және төңіректің белгіленген аудандарын (шептерді) басып алу болып табылады.
Ядролық қару- қарсыласты жоюдың неғұрлым жойқын құралы болып табылады. Ол қысқа мерзімде әскер топтарын барынша пәрменді және сенімді түрде жоюға, жаппай қирап, радиоактивтік зақымдалған аймақ құруға мүмкіндік береді. Ядролық қаруға - ядролық оқ-дәрінің барлық түрлері және оларды нысанаға жеткізу құралдары кіреді.
Әдеттегі қаруға- артиллериялық, зениттік, авиациялық, атыстық және инженерлік оқ-дәрілерді қолданатын атыс және соққы беру құралдары, әдепкі зарядты ракеталар, өртегіш оқ-дәрілер мен қоспалар жатады.әдеттегі қару ғана қолданылатын ұрыста артиллерияның, танктердің, жаяу әскер ұрыс машиналарының (бронетранспортерлердің), зенит құралдары мен атыс қаруының атқылауы авиацияның соққыларымен ұштасып қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады.Өртегіш оқ-дәрілер мен қоспалар, қарсыластың ашық жерде орналасқан немесе фортификациялық құрылғыларда тұрған адам күші мен атыс құралдарын, сондай-ақ қаруын, техникасы мен басқа да объектілерін жою үшін қолданылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет