Мотоатқыштар взводы – жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводы. ЖҰМ– бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол взводтын жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.Мотоатқышвзводының қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.Мотоатқыш взводтар қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады. Бөлімше командирі –бақылауды және қарсылас шабуылға шыққан жағдайда, сондай-ақ оның төмен ұшқан әуе нысаналарын атқылауды ұйымдастырады; хабарлау сигналдарын, тасаланатын орындарды және оларға жайғасу ретін хабарлайды; жеке құрамға қару-жарақты, техниканы алдағы ұрысқа дайындау жөнінде, бастапқы шабуыл үшін одан әрі жабдықтау жөнінде тапсырма қояды; байланыс құралдарын, оқ-дәрілердің қорғану құралдарын, жанармай, жағармай материалдарын, азық-түлік, дәрі-дәрмек болуын олардың қорын толықтыру шараларын жасайды, ұрыс қимылдарына дайындық шараларының орындалуын бақылайды. Бөлімшені басқарудың мәнісі міндеті