Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Қандай гендердің құрылымы мен қызметінің бұзылыстары жасушалардың өспелік жасушаларға ауысуында маңызы зор?



бет146/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

3. Қандай гендердің құрылымы мен қызметінің бұзылыстары жасушалардың өспелік жасушаларға ауысуында маңызы зор?
ДНҚ-ны қалпына келтіру процесін бақылайтын гендердің ауытқулары өспелік жасушаларының активтенуіне ықпал етеді. Бұл канцерогенді әсерлерге жоғары сезімталдықты анықтайды.
1.Жасушааралық өзара әрекеттесу молекулаларының синтезі гендерінің ауытқулары, мысалы, E-кадгерин 16q22.1-де орналасқан. E-кадгериннің экспрессиясын азайту-бұл ісіктің инвазиясы мен метастазын қоздыратын молекулалық механизмдердің бірі.
2.BRCA1 және BRCA2 гендерінің бұзылуы сүт бездерінің және аналық бездердің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
3.Тежегіш гендер:антионкогендердің негізгі өкілі-р53 ген супрессордың да атқаратын рөлі өте маңызды,себебі ол әдетте әр жеке жасушада ДНҚ-ны үнемі бақылауды қамтамасыз етеді, зиянды мутациялардың, соның ішінде ісіктердің пайда болуына жол бермейді.

Тапсырма 1. Науқас П., 62 жаста,клиникаға ес-түссіз жағдайда жеткізілген. Пациенттің әйелі қүйеуінің жүректің ишемиялық ауруымен, созылмалы В гепатитпен, қантты диабетпен ауыратынын айтты. Соңғы айда ер адам өзіне тағайындалған препараттарды жиі қабылдамаған және алкогольді асыра ішкен.
Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозарған, терісінің тургоры төмендеген. Тыныс алуы терең, шулы, қарқынды дем шығару ұзарған, аузынан ацетон иісі шықпайды. Жүректің жиырылу жиілігі = минутына 110 соққы, артериялық қысымы = 70/45 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды.
Қанды зертханалық зерттеу деректері: веналық қандағыглюкоза = 12,5 ммоль/л; сүт қышқылы = 5,3 ммоль/л (норма 0,62-1,3 ммоль/л); рН = 7,0; SB = 8,7 ммоль/л (норма ммоль/л); BE = - 10,7 ммоль/л (норма ±2,5 ммоль/л).


  1. Науқаста заттек алмасуының қандай типтік бұзылыстары дамыған? Зертханалық мәліметтерді пайдалана отырып, дәлелді қорытынды жасаңыз. Бұл жағдайда РаСО2 өзгереді ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.




  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет