1. Науқаста заттек алмасуының қандай типтік бұзылыстары дамыған? Зертханалық-аспаптық зерттеулер деректерін пайдалана отырып, дәлелді қорытынды беріңіз. 2. Науқастың дене салмағының индексін есептеңіз және түсіндіріңіз. Науқаста азоттық баланс бұзылады ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз. Көрсетілген клиникалық-зертханалық симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз. 3. Бұл жағдайда науқаста ашығу туралы айтуға бола ма? Егер жауабыңыз иә болса, онда науқаста ашығудың қандай түрі дамыған? Жауаптарды дәлелдеңіз. Жауабы:
1) Науқаста заттек алмасуының нәруыздар алмасуының бұзылыстары дамыған деп санаймын. Себебі, зертханалық-аспаптық зерттеулер бойынша науқаста гемоглобин, альбумин, плазмада жалпы нәруыз құрамы өте төмен мөлшерде. Сонымен қоса науқаста гастрит ауры бар, және ісік дамыған. Ал нәруыздардың артық ыдырауы мысалы өспе дерті кезінде байқалады.
2) Науқастың дене салмағының индексі:
ИМТ=салмақ/бойы х бойы=50 кг/1,80 х 1,80= 15,43
Науқаста жіті салмақ жетіспеушілігі дамыған.
Азоттық тепе-теңдік нәруыз ыдырауының клиникалық көрінісі болып есептеледі. Науқастың тәбеті болмай, жиі құсуына байланысты теріс азоттық баланс дамыды деп ойлаймын. Себебі, ашығу кезінде ағзадан шығарылатын азоттың деңгейі ағзаға тамақпен түсетін азоттан артық болады. Науқас етті тағамдарды жемеуінен, ағзаға қажетті мөлшерде нәруыз түспегендіктен эпигастралды аумағында май жиналған. Соның әсерінен науқастың терісі бозғылттанып, беті, аяқтары ісініп әлсіздік дамыған. Соған байланысты нәруыздың энергиялық тапшылығы түзілген.
3) Иә, бұл жағдайда науқаста ашығу туралы айтуға болады, және науқаста нәруыздық ашығу дамыған. Өйткені науқас құрамында нәруыз бар тағамдарды тұтынбаған. Соның әсерінен осындай клиникалық көріністер дамыған. Бұл кезде альдостерон өндірілуі артып, кахексиндер әсері күшейеді. Және тапшылықты анемия, гиповитаминозадр дамиды. Қанда альбумин,гемоглобин трансферин деңгейі күрт төмендеп нәруыздардың таусылуын шақырады.
18 жастағы А. науқаста автоапат нәтижесінде бас миының ауыр дәрежелі соғылуымен (7 сурет) қатар, бассүек негізінің сынығы мен бассүйек ішіне қан құйылуы анықталды. Ауруханаға түскенде науқастың жағдайы ауыр, сана деңгейі - кома II. Туыстардың айтуынша, науқас бұрын ауырмаған. Өткізілген емдік шаралар нәтижесіз болды. Науқас өлді
1. Осы берілген есепте өлімнің категориясын, түрін анықтаңыз.
2. Биологиялық өлім диагнозын қою үшін науқаста пайда болған қандай белгілерді дәрігер ескеру керек ?
3. Аурулардың қандай нәтижелері бар? Оларды атаңыз және толық сипаттама беріңіз.
Жауабы:
1.Өлім категориясы: клиникалық өлім-биологиялық өлім.
Экзогенді жағдай-Төтенше жағдай-механикалық фактор әсерінен
2.Биологиялық өлім диагнозын қою үшін дәрігер ескеру керек белгілер:
1) мөлдір қабықтың кебуі; 2) "мысық қарашығының" феномені; 3) температураның төмендеуі;. 4) мәйіттік дақтар; 5) мәйіттік қабықтау
Биологиялық өлім белгілерін анықтау:
1. Қабақтың кебу белгілері-иристің бастапқы түсінің жоғалуы, көз ақшыл пленкамен жабылған сияқты – "майшабақ жылтырлығы.
2. Бас бармақ пен сұқ саусақ көз алмасын қысады, егер адам қайтыс болса, онда пішінін өзгертіп, тар саңылауға айналады .Тірі адамда бұл мүмкін емес. Егер осы 2 белгілері пайда болса, онда бұл адам кем дегенде бір сағат бұрын қайтыс болғанын білдіреді.
3. Дене температурасы біртіндеп төмендейді, өлгеннен кейін әр сағат сайын шамамен 1 градус Цельсий. Сондықтан, осы белгілер бойынша өлімді 2-4 сағаттан кейін және одан кейін ғана растауға болады.
4. Мәйіт денесінде дақтар пайда болады. Егер ол артқы жағында жатса, онда олар құлақтың артында, иық пен жамбастың артқы бетінде, артқы және бөкселерде анықталады.
5. Қаңқа бұлшықеттерінің "жоғарыдан – төменге" өлімнен кейінгі жиырылуы, яғни бет – мойын – жоғарғы аяқ - дене-төменгі аяқ.
Белгілердің толық дамуы қайтыс болғаннан кейін бір күн ішінде жүреді.
3.Ауру нәтижесі-өлім-милық түрі
Тапсырма 2. НауқасГ., 58 жаста, мас жағдайда көлік айдап келе жатып жол апатына ұшыраған. Аяқ-қолдарының көптеген сынықтарымен, басы мен денесінің соғылуларымен клиникаға жеткізілген.
Объективті: науқастың жалпы жағдайы өте ауыр, есі шатасқан, науқас тежелген, апатиялық. Ауырсынуға сезімталдығы күрт төмендеген. Көз қарашығы кеңейген. Тері жамылғысы бозғылт, суық. Акроцианоз. Көптеген гематомалар бар. Тынысы беткейлік, жиілігі 36-40 мин-1. Пульсі әлсіз, ЖЖЖ 120, мин-1, АҚ 65/30 мм сын.бағ. Пальпациялағанда бауыр аумағында айқын ауырсыну байқалады. Макрогематурия.