Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Пациентте нәруыз катаболизмінің соңғы сатылары бұзылған ба? Өз жауабыңызды негіздеңіз



бет96/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

3.Пациентте нәруыз катаболизмінің соңғы сатылары бұзылған ба? Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Бұзылған. Негізінен инсулиннің 7 механизмі бар соның бірі митохондрияның тыныстық ферменттерін активациялайды яғни бұл дегеніміз Кребс циклына өз әсерін тигізеді. Науқаста қант диабеті дамыған ол дегеніміз инсулин жеткіліксіз болған. Ал митохондрияда өтетін нәруыз катаболизмінің соңғы сатылары Кребс цикл және содан шыққан өнімдер. Осы уақытта инсулин жетіспеуінен Кребс цикл болмайды. Содан пируват сүт қышқылына, ацетил-КоА кетондық заттарға айналып немесе жаңа өнімдер яғни глюконеогенез деген сияқты процесстер жүруі байқалып, соңғы өнімдері түзілмейді. Сөйтіп нәруыз катаболизмінің соңғы сатылары бұзылады.
Коллоквиум №2 «Типтік патологиялық процестер» бөлімі


Билет № 12


Тапсырма 1.Науқас П., 34 жаста, Жарақаттық бөлімге оң қолын күйдіріп алғанымен қаралды.
Объективті: Дене қызуы 37,70С. Күйген жердің терісі ашық-қызыл түсті, күдіреген, ісінген, кейбір бөліктерінің эпидермисі ажыраған , температурасы жоғары, ұстағанда ауыртады. Оң қолының қимылдау қызметі бұзылған. Тыныс алу жиілігі - 24 мин-1 , пульсі - 96 мин-1.


  1. Науқаста қандай типтік патологиялық процестер бар? Олардың қайсысы бастаушы процесс болып табылады? Жауаптарды негіздеңіз. Басты типтік патологиялық процестің дамуын тудырған этиологиялық факторды көрсетіңіз. Шығу тегі бойынша ол қандай топқа жатады?


  2. Басты типтік патологиялық процестің патогенезінің негізгі сатыларын атаңыз және науқаста байқалатын кезеңді сипаттаңыз.


  3. Науқаста дамыған типтік патологиялық процестің жергілікті және жалпы белгілерін атаңыз. Тыныс алу жиілігі мен пульсі температураның өзгеру дәрежесіне сәйкес келе ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.



Жауабы
1.Науқаста байқалған типтік патологиялық процесс ол – қабыну және қызба болып келеді.Ең бастапқы процессі болып қабыну саналады, яғни терінің күюінен ошақта қабыну процессі дамыған, артынан эндогендік пирогендер бөлініп ОЖЖ-не әсер еткен.Организм қабынуға қарсы реакция ретінде және оны баяулату мақсатында жылу бөлінуін арттырған. Басты патологиялық процесс – қабыну күйіктің әсерінен дамыған, ол - сыртқы, механикалық фактор. Күйген жерде бірден қызару, күлдіреу, эпидермистің ажырауы байқалды. Қабынуға қарсы реакция ретінде температура көтерілген.
Басты типтік патологиялық процестің дамуына ықпал еткен фактор –физикалық фактор, яғни ыстық температура әсері болып келеді.
Шығу тегіне қарай ол экзогендік типке жатады.Сонымен қатар бейинфекциялық типке жатқызуға болады.
2.Негізінен осы қабыну процесінің жүруі 3 сатыдан тұрады.
Олар:Альтерация;Экссудация;Пролиферация жатады.
Науқаста осы кезеңдердің ішінен байқалып тұрғаны –альтерация сатысы болып табылады себебі, бұл кезеңде бүлінген тіндегі өзгерістер байқалады.
3.Науқаста дамыған қабынудың жергілікті белгілері: Күйген жерде қызару; Ісіну белгілері пайда болды; Қызу; Ұстағанда ауыру; Оң қолының қимылдау қызметі бұзылуы;
Жалпы белгілері: Қызба; Тыныс алу жиілігі мен пульс ырғақтылығы; Тыныс алу жиілігі температура көтерілген кезде тахипноэ мен тахикардия дамиды.
Иә, тыныс алу жиілігі мен пульсі температураның өзгеру дәрежесіне сәйкес келеді, себебі қызба дамығанда алдымен тыныс сирегенімен, артынан тыныстың жиілеуі және симпатикалық жүйке жүйесінің белсенуіне байланысты ЖСЖ-нің жоғарылауы байқалады.
Тапсырма 2.Науқас Ш., 52 жаста, ауыр физикалық жүктемеден кейін оң жақ бел бөлімінде қарқындылығы айқын ауырсыну сезімі пайда болған, жүрегі айнып, құсқан. Дене температурасы 37,80С-қа дейін жоғарылаған.
Анамнезінде: соңғы 3 жылда оң жақ бел аумағының сыздап аурсынатынын байқаған, бірақ дәрігерге қаралмаған.
Науқасқа жедел көмек ретінде спазмолитиктерді енгізген. Ауырсыну сезімі жойылып, 2 сағаттан соң дене температурасы төмендеген.
Венаішілік урография арқылы тексергенде науқастың оң жақ бүйрегінен тастар табылған. Бүйректас ауруы диагнозы қойылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет