Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет113/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   169
IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
екіге бөлген орыстар мен парсылар екенін дәлелдейді. Осы келісімге қол қойыл- 
ған күннен бүгінге дейін Оңтүстік Әзербайжанның тәуелсіздігі жайында 
мәселелер көтеріле қалса, Ирандағы парсы билігі барша әлемге Әзербайжанның 
әуелден-ақ Иранның құрамында болғаны жайында бар дауысымен айта бастай- 
ды. Егер осылай болса, онда неге Иран Солтүстік Әзербайжанды Ресей 
басып алғанда қарсылық көрсетпеді екен. Аталған ел еш уақытта Солтүстік 
Әзербайжанды Ресейдің басып алғаны жайында халықаралық деңгейлерде 
мәселе көтерген емес. Керісінше, Түрікманчай келісімін үнемі рахаттана 
отырып орындаумен болды. Осы келісімге қол қойылған күннен бастап 
Ресей мен Иран туысқан бауырлас достас ел болып келеді. Бір-бірінің жер 
аумақтарының бүтіндігіне құрметпен қарауда.Үнемі құбылып тұратын 
халықаралық жағдайларда бірі-бірін қолдаумен, қорғаумен болуда. Сонда Иран 
неге өз жерін Ресейден азат етуге талаптанып көрмейді. Демек, Әзербайжан 
жері жайындағы ақиқатты тарихи шындық деп түсіну керек. Тек жері бөлініске 
түскен Әзербайжанның өзі мен ондағы әзербайжан түркілері ғана азаттығы 
жолында күресуге талпынды. Бір сөзбен айтқанда, тек Әзербайжанның өзі 
ғана оңтүстікте Иранға қарсы, ал солтүстікте Ресейге қарсы өз тәуелсіздігі мен 
егемендігі үшін күресумен болды. Ресей мен Иран әредік осынау тәуелсіздік 
жолындағы күрестерді ең қатаң күштермен басып тастауға күш салды. Иран 
Әзербайжанды екіге бөліп тастап, болашақта екі бағытта жеңіске жетуді көздеді. 
Атап айтқанда, Иран билігі түркілерден құтылуды көздеді (мысалға, Атабеков 
пен Севервидовтар) және түркі әлемінің бір бөлігі ретінде қанаттас орналасқан 
ұлы Әзербайжан тарапынан төнер қатерден құтылмақшы болды. Екіншіден, 
Ресей жағы да өздері басып алған әзери жерінің бөлігін бермеу арқылы бұл 
елдің бөлшектелген халімен әр уақытта да келісе береді деп және Әзербайжан 
елінің бірігуіне мүлдем қарсы бола береді деп, ойлады. Ресей жағы болса, 
Әзербайжанның Оңтүстік Кавказдағы аумағын басып алып, максималистік 
геожағрапиялық жоспарын іске асыра алды. Сөйтіп, Оңтүстік Кавказда 
Әзербайжан жерін тартып алып, шығыс ислам елдерімен арадағы қауіпсіздіктің 
кавказдық белдеуін құрды және түркі әлемінің геожағрапиялық мақсаттарына, 
яғни Османдық Түркия мен Орталық Азиядағы Түркістанның бірігіп кетуіне 
тосқауыл қойды. Екі ғасыр бойына оқтын-оқтын болып тұрған орыс-түрік 
соғыстары Ресейді көздеген мақсаттарына жеткізген жоқ.
 
Әзербайжанның 
бір бөлігін алып қойған Ресей болса, Алтайдан Балқанға дейінгі аралықтағы 
Еуразия кеңістігінде басым рөльге ие түркі белдеуін үзіп отыр. 
Осы басып алудан кейін Ресей Иран мен Сириядағы, содан соң Түркиядағы 
армяндарды осы жерлерге қоныстандырып,1920 жылы Әзербайжаннан тартып 
алған жерлерге тұңғыш армян мемлекетін құрды. Оның күні бүгінге дейін 
сақталуына ықылас білдіруде. Бұдан соңғы үрдістер Әзербайжанды басып алуда 
Ресей мен Иранның мүдделес екенін көрсетуде. Ол мүдделілік күні бүгінге 
шейін жалғасуда. Әзербайжан елі екіге бөлінгеннен кейін Иран тарапының 


193
Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...
елді парсыландыру саясаты, ал солтүстікте орыстандыру саясаттары біртіндеп 
жүргізіле бастады. Ресей империясы Әзербайжандағы түркі құрамдасты 
бейтараптандыру үшін қолынан келген мүмкін шараларының барлығын 
жасап бақты. Ресей империясы Кавказдағы армян азшылығын күшейту үшін 
және өзінің тірек пункті ретінде осы жерде христиандық Арменияны құрып, 
Әзербайжан мен Түркияның арасында аралық аймақ ұйымдастырды. 
Көрші елдерден Әзербайжанда құрылған Эривандық хандыққа армян қоныс 
аударушыларының жаппай көшуін де Ресей өзі ұйымдастырып, оларды негізінен 
Бакудің мұнайлы өңірлеріне қоныстандыруға күш салды. Бір сөзбен айтқанда, 
бүкіл Кавказ патшалық Ресейдің орталығы Тбилисиде болған губерниялар 
үлгісіндегі басқару жүйесіне енгізілді. Ал Әзербайжанда басқару жүйелері 
негізінен орыс пен армяндарға тапсырылды. Осы жүйедегі саясат тіпті кешегі 
кеңес кезеңінде де жалғасты. Ресейдің мақсатты түрде жүргізген саясатының 
салдарынан 1872 жылдың өзінде Әзербайжан өнеркәсібі орындарындағы 
армяндардың үлесі әзербайжандарға қарағанда 10 есеге көбейді. 1900 жылы 
Мирзоев, Маилов, Лианозов, Арамянц, Таветосян мен Манташев секілді қоныс 
аударушылар Баку губерниясының өнеркәсіп орындарының 3,2 пайызына 
қожалық етті. Әзербайжандықтар болса, осы кәсіпорындардың 18 пайызына 
қожалық ете алды. Әзербайжан кәсіпкерлері Гаджи Зейналабдин Тагиев, 
Муса Нагиев, Муртаза Мұқтаров, Шамен Асадуллаев, Иса бек Гаджинский, 
Сейид Мирбабаевтардың ұлттық капиталданудың қайнар басында тұрып, 
елдің дамуына бағытталған демеушілік қайырлы істерде аса үлкен жұмыстар 
жасаумен болды. 
ХІХ ғасырдағы ұлттық-ағартушылық қозғалысты Мирза Фатали Ахундзада 
бастап, ХХ ғасырдың басында ол табиғи эволюция жолымен ұлт-азаттық 
қозғалысына айналды. Оңтүстік және Солтүстік Әзербайжанда болған 
оқиғаларды шендестіре қарағанда, олардан өте бір қасіретті үрдістерді 
байқаймыз. ХХ ғасырдың басында Ирандағы конституциялық революцияның 
көшбасшысы Саттар-хан (1905-1911 ж.ж.) өз төңірегіне азаттық жолындағы 
күрескерлерді жинап, парсы езгісіне қарсы көтерілісті бастады. Конституциялық 
революцияның мақсаты – ирандық әзербайжандардың ұлттық-конституциялық 
жолмен келуі керек тәуелсіздігі еді. 
Осы мақсатпен 1908 жылы Саттарханның басшылығымен жоғарғы әскери 
Кеңес құрылды, сол жылы Тебриз революциясы да жеңіспен аяқталды. Осыдан 
кейін кімдер мазасызданды дейсіздер ғой! Әрине,Иран билігі мен патшалық 
Ресей және Англия!1910 жылдың 10 наурызында Англияның сыртқы істер 
министрі Эдуард Грей Ирандағы осы елдің елшісі Джорджу Бирлиге Саттархан 
мен оның серігі Багир-ханның көздерін жоюды бұйырды. Армян Ефрем 
Давидьян Саттарханды ауыр жаралап, соңынан өзі де қаза тапты. Дегенмен, 
Әзербайжанның конституциялық революциясын қанқұйлы қатыгездікпен 
басып тастау азаттық жолындағы екінші қозғалысты тоқтата алмады. Ол 


194


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет