211
Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы
асыруда. Өткен мыңжылдықтың кеткен соңғы ғасырында адамзаттың жаңа
тарихындағы осынау халықаралық саясаттың аясындағы бұл қажеттілік туралы
алғаш пікір айтқан Мұстафа Кемел Ататүрік болғанын әлгінде атап өттік».
«Біз Кеңестер Одағымен достасып және ықпалдастып өмір сүрудеміз. Десек
те, ол елде біздің тілі мен ділі, діні бір қандас бауырларымыз тұрып жатқанын
естен шығармауымыз керек. Кеңестер Одағы алып империя.
Сондықтан кез
келген империя сияқты ол да құлайды. Біздер болашақта өз бауырларымызға
көмектесуге дайын болуымыз керек...».
ХХ ғасырдың соңғы жүзжылдығы Ататүріктің осынау көрегендігін ақиқатқа
айналдырды. Бүгінде саяси билік пен қоғамдық-адамгершілік деңгейлерінде
түркі дүниесі бірлігіндегі туысқандық және бірегей саяси және мәдени
тамырларға ие түркі ұлттық мемлекеттерінің түркі әлемінің тұтастығына шақыру
идеясы белсене түсуде. Түркі әлемінің бірлігінің, түрік ұлттық мемлекеттерінің
бірегей саяси және мәдени стратегиямен қызметтер атқару стратегиясы
Әзербайжанда, Түркияда және өзге де бауырлас түркі елдерінде саяси билік пен
қоғамдық-адамгершілік деңгейлерде белсене түсуде.
Тәуелсіз мемлекеттілік
тәжірибелері бар Әзербайжан мен Түркия әлемдік түркизмнің отаны ретінде ең
қиын уақыттардың өзінде осынау түркі ынтымағы идеясын сақтап, дамытып,
осынау тұжырымға берік таған қалауда. Бұл саясат Әзербайжан мен Түркияда
әлемдік ақиқаттарға негізделіп, аса қуатты тағанға орнығып, тамырын тереңге
жая түсуе. Бүгінде Әзербайжан мен Түркия осынау өмірлік маңызы бар мәселеде
бірауыздылық танытуда. Сондықтан аталған елдердегі көптеген экономикалық,
саяси және мәдени жобалар екі мемлекеттің бірлескен күштерінің арқасында
жүзеге асуда. Жалпы алғанда, түркі әлемінің бүтіндігі мен оның әлем
кеңістігіндегі геосаси алаңы және осынау жерлердегі болып жатқан үрдістерге
бірлесе қимылдар көретуіне жол ашуда. Егер Түркия мен Әзербайжанды өзге
де бауырлас түркі республикалары қолдаса, түркі мемлекеттерінің ынтымағын
әлем таныр еді. Профессор, доктор
Мұстафа Эркелдің пайымынша, түркі
әлемінің мәдени мұралары бұл ретте оның анағұрлым әлеуетті тұғырдағы жаңа
бірлігінің ең басты кепілі болады /105.с.18-26/. Бұл үрдісте Әзербайжан түркі
әлеміне анағұрлым саяси жуықтайтын тірек болады. Еуразиядағы суперэтнос
ретіндегі түріктердің тарихи дамуына қатысты геоөркениетті қарым-қатынастар
тұрғысынан қарағанда, Әзербайжанның осынау ғаламдық маңызы зор мәртебені
жеңіп алуы үшін елімізде бастапқы және барша қажетті шарттар жасалып отыр.
Әзербайжан-Түркия секілді Азия мен Еуропаны Орталық Азиядағы түркі
елдерімен ынтымақтастыратын ең үлкен түркі мемлекеті. Ол бұл жағдайында
геожағрапиялық, экономикалық, геоөркениеттік тұрғыдан қарағанда да Каспий-
Кавказ аймақтарының тұтастығын сақтауға да үлесін қосуда. Әзербайжанның
жалпыұлттық Көшбасшысы Гейдар Әлиев тәуелсіздік кезеңінде бұл идеяны
ақиқатқа айналдырып, іргетасы ХХ ғасырда қаланған мақсатқа түркі әлемінің
көшбасшысы ретінде Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақстастығын құру