Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет120/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   169
IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
қатынастарға басымдықтар беріп, халықаралық ықпалдастықтарды осы 
негізге жатқызуға талпынып келеді. Ашығын айту керек, күні бүгінге дейін 
халықаралық саясаттың ғаламдық билігін беруге онша құлықты емес және 
үстемдікті мақсат еткен империализм халықаралық саясат пен халықаралық 
құқықтар арасындағы шиеленістерді тудыруға себеп болуда. Айтары жоқ, 
халықаралық құқықтар нормасын халықаралық саясатта басымдыққа ие ету 
Жаңа Әлем жүйесін құруға жауапты мемлекеттердің өңірлік және ғаламдық 
ынтымақтасудың үрдістерінде пайда болуда. Ескірген тәсілдермен әлемді 
басқаруға ұмтылатын күштер бар уақытта осындай ынтымақтасудың қажеттілігі 
де арта түсуде. Неге десеңіз, қай уақытта да ынтымақтсудың сыртында қалған 
жекелеген елдермен жекпе-жек түрде есеп айырысу оңайырақ. Десек те, осы 
заманғы саясат көрсетіп отырғандай, бұл қажеттілікті жете сенгенмен, қалай 
болса солай ынтымақтасудың жеткіліксіздігі көрінуде. Бірлесу үшін әлеуетті 
болу керек. Кез келген уақытта ыдыратып жіберуге болатын әлсіздердің 
бірігуі ешқандай нәтиже бермейді. Неге десеңіз олардың ынтымақтасуы ұзаққа 
созыла алмайды. Сондықтан, іргесі ажырамайтын, тұғыры мықты одақ қана 
мәңгілік болмақшы. Заманауи саяси тарих көрсетіп отырғандай, халықаралық 
құқықтармен басқарылатын аса күшті ұлттық-демократиялық күштердің бірігуі 
бүгінде басты күшке айналуда.
Массачусетс Технологиялық Университетінің профессоры Дарон Аджеоглу 
мен Гарвард Университетінің профессоры Джеймс Робинсон ұлттық 
мемлекеттерді біртіндеп демократияландыру мен осы бағытта нығайта беру 
әлемдік саясаттағы олардың мықты болуларына және өңірлік пен әлемдік 
ынтымақтастыққа еркін енулеріне жол ашады (199,с. 368-462). Әлбетте, 
мемлекеттер мен әлем халықтарының бірігуі «империялық жолмен»
 
жүзеге 
асқандықтан, өзін ақтамады. Батыс империализмі кедей өңірлердің қанын 
сорып, өзінің ең шетін отаршылдық үлгісіне ауыстырды. Сондықтан әлем елдері 
империалистік кезеңнен кейінгі үрдістерінде империализмге қарсы күреске 
бірігуге қатысты ұмтылыстарында халықаралық саясатта нағыз революция 
тудырып, біздің көз алдымызда әлем отар елдерден ұлттық мемлекеттердің 
әлемдік одағына
 
айналуда. Бұл халықаралық саясатты түбегейлі өзгертуге 
ұшыратуда. 
Ендігі реттерде халықаралық қауымдастықтың егеменді саяси субьектілері 
өз бастамаларының қандай да бір күштердің айтуымен жүруіне жол бермеуі 
тиіс. Біздер үшін тарихи маңызы жоғары Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру 
түркі халықтарының әлеуеттерін іске асыру болып табылады. Еуропалық 
Одақтан кейін халықаралық саясатта Жаңа Әлем Жүйесін
 
құру болмай 
қоймайтын үрдістерді жақындата түсті. Еуропалық модельге балама ретіндегі 
түркі мемлекеттерінің Одағын құру екуропалық үлгімен жасалуы керек. 
Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар уағында жинақталған тәжірибелер 
өңірлік ынтымақтастық үрдістері Еуропадағы секілді өркениетті үлгі екенін 
көрсетуде. Адамдар және қоғамдар мен мемлекеттер бірлесудің немқұрайды 


203
Түркі мемлекеттерінің одағы – халықаралық саясаттың көшбасшысы және ...
түрлерін емес, ұлттық тамырлармен сабақтастатын нағыз үлгілерін артық 
көреді. Осынау жүйенің ішіндегі оңтайлы одақ пен ұлттық-генотиптік жүйенің 
үндестігін құра білу маңызды. Түп тамыры немесе негізі жоқ одаққа кім сене 
алады.
Егер түркі елдеріне Ресей Еуразиялық идеяны ұсынып, ынтымақтасуға 
шақырса, ол одақта Ресейдің басымдықта боларын және ол ынтымақтасудың 
өзі зорлықпен жасалатын бірлесу болар еді. Ертеме, кеш пе ондай одақ кешегі 
КСРО секілді ыдырамай қоймайды. Шындығында социалистік блоктың қор- 
ғаны болған және небір ауыр соққыларға төтеп берген ол империяны ешкім 
де сақтап қала алмады. Демек, мұндай табиғи одақтардың ғұмыры ұзаққа бара 
алмайды. Солтүстік Кавказ бен Таяу Шығыстағы жағдайлар Шешенстанның мың 
жылдар өтсе де Ресейге, ал Ауғанстанның АҚШ-қа бағынбайтынын көрсетеді. 
Бұл тарих пен өмірдің бұлжымайтын қисындары. Демек, ұлттық-генотиптік 
жүйе өзі туған шеңбері мен құрамдас сыңарларын ғана қабылдап, өзге жат 
денелерді қабылдамайды. Сондықтан түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғаннан 
соң, олардың ынтымақтасуы жөніндегі идеялар да өзді-өзінен пайда болды. 
Сондықтан олардағы билік пен халықтар барша күштерімен осы мақсаттарды 
іске асыруға құлшынысты. Неге десеңіз, бұл мақсаттар мыңдаған жылдар 
бойына түркі халықтарының өз ішінде дамып, тарихи тұрғыдан келгенде, 
жалпыұлттық әмбебап идеялар ретінде алға шықты. Тілден өркениетке дейін 
сабақтасып жатқан осынау тамырларды кім үзе алады. Мұны Ресей империясы 
мен Кеңестер Одағы секілді үстемдікке құрылған жүйелердің өздері құрта 
алмаған еді... Неге десеңіз, табиғилық қашанда жасандылықты жеңіп отырады. 
Сондықтан осыған дейін де атап өткеніміздей еріксіз ынтымақтасу емес, 
саяси мақсаттармен құрылған одақтар ғана болашаққа ие болмақшы. Түркі 
Мемлекеттерін Ынтымақтастыру тек саяси мақсаттармен ғана құрылатын 
болады.
Анығында, ұлттық біртекіліктің аса қуатты болатыны соншалық, тіпті 
АҚШ секілді аса күшті мемлекеттегі классикалық түсініктегі ұлтшылдық 
өзінің идеологиялық түсініктемесін айғақтауы әбден мүмкін. Ғаламдық саясат 
жөніндегі бірқатар даулы еңбектердің авторы С.Ф. Хантингтон бұл жолы 
америкалық ұлтшылдық идеологиясын негіздеуге күш салды. Оның айтуынша, 
1820-1954 жылдар аралығында өз құрлықтарын тастап кеткен еуропалықтардың 
60 пайызы АҚШ-та тұрақтап қалды. Штаттар болса, сайып келгенде, 
Еуропаның жалғасы секілді болған. Осыдан соң, әлемнің барлық түкпірлерінен 
келген қоныстанушылар тасқыны Американың бет әлпетін бүтіндей өзгертіп 
жіберген. Ассимляция мүлдем жүрген жоқ дейді. «Келгінбайлар» солай қалып, 
«жергіліктілер» де өзгерген жоқ. Штаттар ұлттық құрамы жағынан аморфты, 
яғни тұлғасыз мемлекетке айналды. Ал бұл олар үшін үлкен қауіпті жағдай. 
Әлемдегі мемлекеттердің негізі ұлттық құрамға негізделген болса, АҚШ бұл 
тағаннан айырылып отыр. Егер халықтар америкалық болмау үшін, түріктер 


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет