207
Түркі мемлекеттерінің одағы – халықаралық саясаттың көшбасшысы және ...
10. Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру барысында
Әлемдік Қоғамдастық-
тың жетіле түсуіне ықпал ететін инновацияны қолдану, ғаламдық саяси және
құқықтық жүйелерді жетілдіру негізінде.
Халықаралық саясат пен Еуразия кеңістігіндегі дамуға үлес қосатын
халықаралық құқықтың субьектісі ретіндегі түркі мемлекеттері одағының пайда
болуымен әлем дамуының жаңа кезеңі басталады. Бүгінде түркі әлеміндегі
қоғамдық-саяси өмірдің шеңбері аясындағы оқиғалардан
біздер ынтымақтас-
тыққа деген ұмтылыстың күштілігін көреміз. Түркі мемлекеттерінің
көшбасшылары қоғамның еркін білдіретін осынау үрдістерді басқарып, бірлесу
идеясын тұжырымдап, оны саяси мәнде қарастырады. Жоғарыда өзіміз атап
өткен баптар түркі мемлекеттері одағын құрудың негізгі ұстанымдарына
айналып, түркі әлемі саяси және мәдени қайраткерлерінің қызметтерінде айқын
көрністер беруде. Әзербайжан Республикасының
Президенті Илхам Әлиев
түркі әлемінің көкейкесті жайларына арналған сөздерінде Әзербайжанның
заманауи саясаттың «Еуропамен және үлкен мемлекеттермен қарым-
қатынастарда біздің ұстанымдарымыз ұқсас. Бұл біздің бірлескен қызметіміздің
жоспарын құру үшін үлкен маңызға ие» – деп, атап көрсетті. Түркияның Премьер-
Министрі Реджеп Тайып Эрдоған түркі әлемінің бірлесуін оның тәуелсіз түркі
мемлекеттері мен олардың халықтарының саяси еркі субьектісіне айналуының
тоқталуы деп бағалайды.
Оның пікірінше, «бүкіл әлемдегі түркі ұлттарының мүдделерін қорғауда-
ғы бауырлас елдердің бірі-біріне қолдау көрсетуінен
асқан табиғи қажеттілік
жоқ. Біз бұл бірлесудің еш күмән туғызбайтын тұрақты болып, ықпал-
дастықтардың тереңдей түсуіне қызметтер жасауына бағытталған пайдалы
идеяларды көріп отырмыз. Сондай-ақ, бұдан да нақты және ықпалды әрекеттердің
жүйелі үлгілерге айналуын қалар едік. Бұл жолда бізге артылар міндеттер өте
маңызды. Бұл істе біздердің баршамыз – саясаткерлер де, ғалымдар да, мәдениет
қайраткерлері де, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де,
инвесторлар
да, кәсіпкерлер де белсене қатысуымыз керек. Аталған істе қол ұстаса бірлесіп,
тығыз ынтымақта боламыз да, бүкіл түркі елдерін жарқын болашаққа бастайтын
боламыз..».
Түркі әлемінің көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстанның ЮНЕСКО жанын-
дағы елшісі, жазушы Олжас Сүлейменов тарихи-саяси себептер негізіндегі түркі
мемлекеттері ынтымақтасуының Еуразиялық үлгісінің өзінің геосаяси тұрғыдағы
артықшылықтарына назар аударатын уақыттың келгенін атап өтеді: «Әлемде
қырықтан астам түркі тілдес халықтар бар. Бұл өте кең ауқымды жағрапия.
Тарих біздерді Моңғолиядан Жерорта теңізіне дейінгі аймақтарға таратты.
Өзгеріп тұратын тарихи жағдайлар біздерді кеңістіктерге жіктеп жіберді. Осыған
қарамастан, біздер өз мақсаттарымызды бірдей түсінеміз. Ортақ қасіреттерімізге
де бірге күйзеліп, ортақ жетістіктерімізде де бірге шаттанамыз. Осыдан барып,
түркі тілдес халықтарды ұлы түркі әлемінің аса үлкен түркілік суперэтносы деп
ұғамыз» –
дейді қазақ қаламгері /32,с.23/. Түркі елдері өңірлері ықпалдастығының