Ұлы ғұндар
дәстүрі
Түркілердің Ұлы
кезеңіне
алмасты. Көне дереккөздерде «
ту-у, тукью, тукьюе, түркүт, тёрюк,
ең соңында
«түркі»
деп нақты да дәл аталатын (152, 168-170; 241беттер, 60-
66; 94 беттер, 13; 71 беттер, 24 бет), ТҮРКІ суперэтносы өзінің біржарым мың
жылдық тарихында Еуразияны көне мемлекеттіктен қазіргі заманғы жан-жақты
дамыған ел деңгейіне дейін жетілдіруге күш арнаған бұл ұлысты, барлық түркі
халықтарының тағдыры деп айтуға әбден болады. Белгілі түркітанушы Фарут
Сюмер «түркі» этнонимінің шығу тегін «
törәmәk
» (“
törә”,
“
töru
” түбірсөз) (73,
9 бет) тұйық райынан шықты деп есептейді. Бұл сөздің сырттан енгізілмегені
де және оның басқа тілдерде ешқандай мағына бермейтіні де белгілі. Демек,
34
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
түркілер өздерін өздері осылай атаған. Содан кейін бұл атаудың дүние жүзіне
кең тарағаны соншалық, әлем оны осылай айтылған күйінде қабылдаған. VI-
VIII ғасырларда «түркі» сөзі алдымен олардың өздерінің, содан кейін өзге де
халықтардың дереккөздері бойынша түркілердің этникалық, мәдениеттану
және саяси саналарында берік ұғым болып қалыптасады.
Біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының бел ортасына қарай «Қытайдан
бастап Карпатқа дейін, солтүстігінде Сібір тайгасына табан тіреп, оның қалың
орманына оранған, ал оңтүстігіне қарай Иран жазығымен Парсы жазирасына
құлашын кеңінен жайып жатқан, Еуразияның жүрегі саналатын Ұлы Дала
Аумағы», біртіндеп түркі әлемі кеңістігінің бірыңғай этносаяси қалпына ене
бастады және ол тұрақты түрде өзгере отырып, оның нақты ықпал етуінің
әсерімен алға жылжи берді. Көне замандарда ежелгі гректер бұл аумақты
Скифтер, оңтүстіктегі парсылар – Тұран (түркілер тұрып жатқан аумақты),
оңтүстік-шығыстағы қытайлар болса – Бей-ху деп атап, тарихта әлі күнге дейін
сақталып келе жатқан айдарлар тақты (151, 3 бет).
VI ғасырдың соңына қарай Түркі қағанатының жері батысында Византиямен,
оңтүстігінде – Парсы және Үндістанмен, ал шығысында – Қытаймен шекаралас
жатты. Түркілердің беделі өсе түскен осы кезеңдерде жоғарыда келтірілген
елдердің тарихи хал-ахуалдары мен болашақ тағдырлары осы халықтың
өктемдігіне және оларға бағынатын билікке тәуелді болды. Түркі әлемінің
этносаяси эволюциясы өздерінің ішкі ықпалдастығының қажетті кезеңін
аяқтап, содан кейін айналып өтуге еш болмайтын саралау үдерісінің негізін
қалады. Егер де, ғұндар-түркілер суперэтносының Шығыстан Батысқа қарай
бет түзеген қозғалысы кезінде ғұндар арасындағы
түркілердің
басымдығы
байқалып келген болса, бұдан кейінгі өткен жүздеген жылдар ішінде түркілер
арасында оғыздардың үстемдікке ие бола бастауы Салжұқтардың, Османдар мен
Қызылбастардың басқаруларын алдыңғы қатарға алып шықты. Осылайша, түркі
әлемінің Шығыс және Батыс «қапталдары» бір-бірінен алшақтай келе, әрқайсысы
өз беттерімен жіктелу үдерісінің жаңа негіздерін қалай бастады. Еуразияның
барлық жазығында өз алдына шаңырақ көтерген түркі мемлекеттерінің саны
арта түсті. Соның да салқындығының әсері болар, ендігі жерде олар сыртқы
жаулар саналатын басқа мемлекеттермен ғана емес,өздерімен өздері де соғыса
бастады...
Еуразия тарихы мен осы мәнмәтіндегі түркілік этногенезді тереңдете
зерттеген Лев Гумилев алғашқы түркілік мемлекеттерді құрған «көне түркілер»
мен этно-тарихи жіктеулер нәтижесінде пайда болған
түркілердің жаңа
буынының
шығу тегі бір деп айтқанымен, «әке халық» пен «бала халық»
арасында әлдеқандай айырмашылықтың бар екендігін уақыт көрсетіп отыр:
«көне түркілер» өздерінің – тілден бастап мемлекеттік деңгейге дейінгі -
пассионарлық энергиясын – келесі ұрпаққа (мұрагерлер) қалдыра отырып, өздері
ғұндар секілді, тарихи сахнадан кетті (152).
Осы тұрғыда, егер «тарихи қайта
|