38
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
суперэтносы халықтарының қыпшақтар, бұлғарлар, қарлықтар,
ұйғырлар,
шуаштар және жақұттар секілді тармақтары негізінен Орталық Азия мен оған
шектес аумақтарда тіршілік етті. Бәрінен бұрын, Таяу Шығыстағы түркілер мен
оғыздардың (олар ХІ ғасырда 24 тайпадан тұратын) өздерінің пассионарлық
тармақтарын экспансиялау шаралары осы жерде түркі мемлекетін құру ісімен
аяқталды. Ал, басым көпшілігі исламды қабылдаған түркілердің Орталық Азияға
(негізі Түркістанға) қайта оралуы, аймақта түркі-ислам мемлекетін құруға себеп
болды. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Қарахан мемлекетінің маңызды тұсы
деп, оның аймақта құрылған ең бірінші түркі-ислам мемлекеті болғандығын атап
өту керек (128, 117 бет). Осылайша, түркілік суперэтнос Еуразияның барлық
түкпіріне тарады, ерекше қасиеттерге ие бола отырып, өздерінің түп-тамырын
сақтады, соның негізінде
Орта ғасырлық түркі-ислам мемлекетінен
құрлықтың
жаңа түркі империясына айналу кезеңі басталды. Араб-ислам мипериясының
соңғы тірегі – Аббасшылар халифаты құлағаннан кейін Таяу және Орта Азияны
арабтар да емес, парсылар да емес, тіпті византиялықтар да емес,
тек қана
түркілер
басқарды. Халифаттың құлауы мен
моңғолдық басқыншылықтың
қанат жаюы бір уақытта басталды деп айтуға болады. Дегенмен, әлемді
жайпаған алапат әскери жорықтарды тоқтатқандар тағы да осы түркілер еді.
Орта Азиядағы түркі тайпаларының шұғыл сіңісуі,
онда мемлекет құруы
(моңғолдармен бірге) және моңғолдардың жаңа толқынына қосылып кетуі,
жаңа этножүйенің қалыптасуына алып келді. «Әлемдік тарихтағы түркілер»
монографиясының авторы К.Ф.Финдли осы мәселелерге үңіле отырып, ХІ
және ХІІІ ғасырлардағы моңғолдардың мемлекет-қоғам құрудағы экспаниялық
бағыттарында да түркілердің шешуші рөлдер атқарғанын атап көрсетеді (230,
9 бет). Еуропаның тарихтануы мен әлеуметтануына ықпалы күшті болған Ибн
Халдунның 1401 жылғы Дамаскіде түркі-моңғолдың билеушісі Теймурленгпен
(еуропалық нұсқа бойынша Тамерлан, ал біздіңше Темірлан) кездесуінің өзінің
кімге болса да өнеге аларлық тұстарының көп екендігін айта кеткен абзал.
Өйткені, Ибн Халдун нақ осы кездесуден кейін түркі мемлекеттігінің әлеуметтік,
саяси және құқықтық тіректерін тереңдете зерттей келе, Орта ғасырлардағы ел
басқару тәсілдерінің классикалық жүйелерінің басты ерекшеліктері негізінде,
өзінің бірегей ойларын айта отырып, басқарудың мүлде жаңа жүйесін ұсынды.
Ибн Халдун өз теориясына жүгіне отырып, жоғарыда келтірілген тәжірибелерде
түркі мемлекеттігінің өте байсалды да тиімді негіздемелері бар болғандығын
дәлелдейді (231, 70-71 беттер). Бұлай дейтініміз, Еуразияның ұлан-ғайыр
аумағын жаулап алған әйгілі бабасы Шыңғысханнан кейінгі кезеңдерде де,
сол уақыттың өмірінде жеңіліп көрмеген ұлы әскери қолбасшылармен ұрыс
алаңдарында бетпе-бет келіп, қарсыластарын қоғадай қырып келген, бүкіл
өмірі әскери жорықтармен өткен Темірланның бүгінгі
Парламент пен
Әскери Кеңеске өте ұқсас –
Генеш
аталатын органы болған. Сол уақыттың
мемлекеттік және әскер басшылары Генеште бас қосып, күн тәртібіндегі