36
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
Мәселен, 726 жылы Тибет мемлекеті Көктүріктерді Қытайға қарсы соғысуға
одақтастыққа шақырғанда, сол кездегі мемлекет басшысы данагөй Білге қаған
ұсынысты қабыл алмайтынын айтып жауап берді. Басқарушының дұрыс
екендігін кейінгі үдерістер көрсетті: егерде қаған осы ұсынысты қабыл алған
жағдайда, бұл түркілер үшін тек ұзаққа созылған қанды соғыс болып қана
қоймаушы еді, өйткені Тибеттің барлық ауыртпашылығы мойынға артылып,
өз халқы өте қиын-қыстау жағдайға душар болар еді. Негізі оғыздардан кейін
жаралған Көктүріктер империясы Елтеріс және Білге қағандар басшылық
еткен тұстарда қатты дамыды. Жекелеген түркі тайпалары бірыңғай мемлекет
құру идеясының маңына топтаса бастайды (
Достарыңызбен бөлісу: